12- мамыр Халықаралық медбикелер күні

Иманқұлова Мейрамкүл Сәрсенқұлқызы
Мейіргер ісі негіздері пәнінің оқытушысы
.
.
      Медбике ісі – халықтың денсаулығын нығайтуға, аурулардың алдын алуға физикалық және писихикалық аурулары бар адамдарға , сондай-ақ еңбекке жарамсыз пациенттердің барлық топтарына психо-әлеуметтік көмекті және күтімді көрсетуге бағытталған денсаулық сақтау жүйесінің бір бөлігі. Медбике – қажетті кәсіби білімі бар және тәжірибелік дағдыларды меңгерген маман  иесі.Денсаулық саласында қызмет ететін, жеке адамдардың талаптарын қанағаттандыру мақсатында күтім жүргізетін  және дәрігердің нұсқауын уақыттылы орындауға жауапты.
      Медбикенің міндеті – пациентке емдеу, реабилитация кезінде физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік әсер ету арқылы пациент күтімін жоспарлау, жоспарды жүзеге асыру. Медбикенің міндеттіне емделушіні және оның өз тағдырын өзі шешу құқығын сыйлау кіреді. Сонымен қатар келесі принциптерге сүйенуге тиіс: қастық жасамау,жақсылық жасау, қызмет істей білу және мамандыққа да,емделушіге де адал болу.
      Медбике қызметі – пациентті өзін-өзі күтуге, жанұя мүшелерін, жақындарын пациентті күтуге белсенді дайындау; пациенттің дербестігін және тәуелсіздігін сақтауға көмектесу. Медбике дәрігерге қарағанда пациентпен жиі араласады, сондықтан жылы жүзді, пациенттермен қарым-қатынас жасай алу, психикасын жаралауы мүмкін сөздерді айтпауы және пациент туралы мәліметтерді құпия ұстауға міндетті.
         «12 мамыр» — Халықаралық медбикелер күні дүние жүзі медбикелеріне ортақ мереке, медициналық күтімнің  негізін қалаушы – Ұлыбританиялық  медбике Флоренс Найтингейлдің құрметіне және еске алу мақсатында бекітілген.                
        Флоренс Найтингейл 1820 жылы 12 мамырда Флоренция қаласында бай ағылшын аристократ отбасында дүниеге келген. Есімін туылған қаласының құрметіне орай атаған. Флоренс өз уақытындағы әйелдермен салыстырғанда керемет білім алды. Флоренс  бала күнінен «тылысым күштің» барына, яғни бір жаратқанның бар екендігіне сенді.
       1856 жылы Флоренс өз ақшасына Қырымдағы биік тауға Қырым соғысында өлген сарбаздарға-дәрігерлер мен мейірбикелердің атынан естелік үшін ақ мәрмәрдан жасалған үлкен крест қойды. Қырым соғысы Флоренсті ұлтаралық батыр етті. Майданнан оралған сарбаздар ол туралы «Шам ұстаған бикеш» деп аңыз айтып жүрді, өйткені ол түнде қолына шамын ұстап, мейірімді періште секілді аурулардың бөлмесін өзі аралап шығатын.
                                           «Шам ұстаған бикеш»
АНТ
Мен өзімнің өмірімде және жұмысымда шыншыл,адал болуға барлық қатысушылар, «құдай» алдында салтанатты түрде ант беремін!
 «Зиян келтірмеу» талабына сүйенемін.
Пациентке зиян келтіретін дәрілерді енгізбеуге.
Өз мамандығымның стандарттарын қолдауға және жетілдіруге барлық мүмкіндік жасауға.
Өз тәжірбиемде қол жететін пациенттің және оның жанұясының жеке мәліметтерін құпияда сақтауға міндет етемін.
Дәрігердің жұмысына барлық сеніммен тырыса көмектесіп, маған деген сенім білдірген пациенттердің күтіміне толық өзімді арнаймын.
Флоренс Найтингейл
     Мейірімділік пен жылылықтың символына айналып, мәртебелі мамандық иесі атанған мейірбике ісі – қашанда сый-құрметке лайық.