Бәсекеге қабілетті маман даярлауда оқу тәжірибесінде «1С Бухгалтерия» пәнінің маңызы

Тойлыбаева Жанар Иембергеновна
Преподаватель специальных дисциплин
.
.
«Бәсекеге қабілетті  маман»,  «Ғылым мен тәжірибені ұштастыра білетін аса ойшыл, креативті маман», «Коммуникативті, белсенді, жан-жақты маман» және тағы осындай тәрізді,  дәл бүгінгі заман талабына сай, жаңа ғана қолына диплом алған жас маман алдында тұрған талаптар мен міндеттер жүктелген.
          Кешегі оқу үрдісінде қолданылып келген кейбір оқу әдістері, бүгінгі күні жоғары деңгейдегі маман даярлауда,  жеткіліксіз.
         Әсіресе, колледж оқушыларына білім деңгейін жетілдіру, қазіргі күнде ең алғаш тұрған маңызды мәселе болып есептелінеді. Себебі, кәсіптік – техникалық білім саласына мемлекет тарапынан маңызды жүк артылып, оның нәтижесіне үлкен сенім танытып отыр. Қазіргі таңда, нарықта бәсекенің қыз- қыз қайнаған уақытында,   Жас Маманға қоғамның сеніміне ие болу, қомның үмітін ақтау оңай шаруа емес! Бұл жағдай — жас маманның жан-жақты,  аса іскерлі, кернеуге төзімді  болуды талап етед.  
         Нарық талабына сай экономикалық маман даярлауда, біздің колледждің экономикалық пәндер бірлестігінің оқытушыларының алға қойған мақсаты —  оқу тәжірибесін анағұрлым жетілдіру, тереңдету.
         Оқу тәжірибесі барысында экономикалық пәндермен  қатар
 «1С Бухгалтерия»  пәні бойынша да экономикалық мамандықтарға   оқу тәжірибесі өткізіледі.  Бұл пәннің нарық талабына сай маман даярлауда маңызы орасан зор.  Себебі, кез — келген кәсіпорын  экономистері 1С бухгалтерия бағдарламасы арқылы өз жұмыстарының нәтижесін көрсете алады. Дәл осы пәнді жақсы игерудің арқасында көптеген экономикалық мәліметтерді дер кезінде алуға болады.
         Бұл пән бойынша оқушыларға біздің колледжде барлық жағдайлар жасалынған: «1С бухгалтерия  8.2» бағдарламасының түпнұсқасы барлық дерлік компьютерлерге орнатылған. Бұл бағдарлама бойынша  «Қаржылық есеп», «Салық және салық салу», «Қаржы есебін талдау» пәндерімен ұштасқан есептер жинағы құрастырылған.
Есептер жинағы бір кәсіпорынның қызметінің нәтижесін көрсетеді. «1 С бухгалтерия» бағдарламасына кәсіпорынның бухгалтерлік баланстың бастапқы қалдығын енгізуден бастап, бір ай ішіндегі кәсіпорында орындалған бірнеше операцияларды орындап, ай соңында айналым қалдық тізімдемесін құрастыра отырып, соңғы бухгалтерлік баланс құрумен аяқталады. Яғни, болашақ маманға кәсіпорын қызметін колледж қабырғасында сезінуге мүмкіндік береді.  Болашақ жас маман үшін, мамандық бойынша қызметке орналасу барысында,    бұл пәннің алатын орны аса маңызды.  «1С: Бухгалтерия» — экономикалық пәндердің арасында өз беделі бар, құрметке ие болған пән!!! 
1 С: БУХГАЛТЕРИЯ
Нарық дейміз, нарық дейміз
Бәсекеге қабілетті болуды
Біз міндеттейміз!
Мақсат қойып, міндеттер жүктелмесе,
Қалайша, әріптестер шәкірттерді тәрбиелейміз.
Бәсекеге төтеп беру
Қаржылық есеп, талдау, аудит,
салықтар мен ақша-несие, менеджменттер –
жеткіліксіз деп танылды, әріптестер!
Барлық пәнді бір бойына сіңірген
«1С:Бухгалтерия» — деп танылды, әріптестер!!!!
Пай пай шіркін!
«1С: Бухгалтерия»!
Бір шүріппе арқылы
Бағындырған нарықты!