А.Құнанбаев. Адам болам десеңіз

Жетписбаева Ляззат Жумашевна
учитель начальных классов
.
.
Сынып: 3«А»
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары):
Абай Құнанбаев – қазақтың ұлы ақыны туралы білім қалыптасады.Өлеңнің қанатты сөзін негізге ала отырып, өлеңнің негізгі идеясын ашады, түсіндіреді.
Сабақ мақсаттары:
  • Барлық оқушылар:
  • Өлеңді түсіндіреді.
  • Мәнерлеп оқиды.
Білім, ғылымның пайдасын түсінеді.
Оқушылардың басым бөлігі:
  • Өлеңнің негізгі ойын анықтайды.
  • Сұрақ қойып жауап беруге үйренеді.
  • Жағымды, жағымсыз іс-әрекеттерді салыстырады.
Кейбір  оқушылар:
  • Білімді болу үшін не қажет екенін ұғынады.
  • Білім мен ғылымның айырмашылығын ажыратады.
  • Әділ шешім шығаруға бейімделеді.
Тілдік  мақсат:
 Оқушылар:
  • Топпен жұмыс жасайды
  • Жұппен жұмыс жасайды.
  • Диалог құрады.
  • Пікір қорғайды.
  • Бес нәрседен қашық, бес нәрсеге асық болуға әрекеттенеді.
Негізгі сөздер мен тіркестер:
Білім, ғылым
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: 
Талқылауға арналған тармақтар:
  • Адам баласы білімді болу үшін не қажет?
  • Өз өлеңінде ақын ғылым мен білімге байланысты не деп атап көрсетті? 
  • Ғылымға көңіл бөлсеңіз дегенді қалай түсінесің?
Сіз неліктен … екенін айта аласыз ба?
  • Не себепті адамға білім мен ғылым керек деп ойлайсыңдар?
  • Не себепті білім маңызды деп ойлайсыңдар?
Алдыңғы  тақырып               М.Әуезов.Әке арманы
Жоспар
Жоспарланған уақыт  Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)
Ресурстар
Басталуы  — ұйымдастыру 3минут
Қызығушылықты ояту
Психологиялық дайындық.
Тыныштық сәті.
«Нұрға бөлену
Шульманның «үш көмекшісі»
— Балалар денелеріңді бос ұстап,
5 құндылықты, 5 Т-ны естеріңе түсіре отырып менің сөзіме мұқият құлақ салыңдар және әрбір сөйлемнің соңындағы сөзді хормен айтыңдар.
  • Сабақта нұрға бөленген біздің басымыз өте жақсы … (ойлайды).
  • Сабақта нұрға бөленген біздің         қолымыз өте әдемі етіп … (жазады).
  • Сабақта нұрға бөленген біздің жүрегіміз шыншыл, батыл, төзімді, мейірімді болуға … (жетелейді).
«Сиқырлы сандықша» ойыны
Оқушыларды 3 топқа бөлу.(кездейсоқ бөлу арқылы)қима қағаздартаңдау арқылы топқа бөлінеді.
1-топ-«Өнер»
2-топ- «Білім»
3-топ-«Ғылым»
Ой қозғау.
1-топ.Мәтінен ашық жасыл түспен берілген сөздерді теріп оқып,осы сөздерді тірек етіп Абайдың Әбішке не айтқысы келгені туралы әңгімеле?
2-топ.Мәтінен қызыл түспен ерекшеленген сөздерді теріп оқып,олар неге қызыл түспен ерекшеленген деп ойлайсың?
3-топ.Көкшіл түспен ерекшеленген сөздерді оқып,Әбіштің алдыға қойған мақсатын әңгімеле?
АКТ Бейнежазбамен жұмыс.
Абай- қазақтың бас ақыны.
Оның шығармаларының тақырыптары оқу-білімге арналған.Жастарды оқу, білімге шақырған.
Әр топқа
1-топ.Абай Құнанбаев-қазақтың ұлы ақыны.
2-топ. Адам болам десеңіз.
3-топ. Ғылым таппай мақтанба.
Оқушылар тақырыппен танысып шығады. Тақырып мазмұнын топтық талқылауға салады. Топ атынан баяндамашы қорғайды
Оқулықпенжұмыс.
Дара диаграммасы өлеңдегі қасиеттермен танысады.
Алдыңғы  тақырып
5 минут
Білу:
Өткен тақырыпты «жалпылау» тапсырмасымен мазмұндау және қайталау
-қарастырылған тақырып бойынша бұрынғы білім еске түсіріледі;
— белсенді әрекетке жұмылдырылады;
Өлеңдімәнерлепоқу.
«Фишбоун» әдісі постер қорғау
Топтық жұмыс.
Топтарға сөздер беріледі.Осы сөздерді қолданып,салыстырып,  жоспар құруға тапсырма береді.
«Кубизм» әдісі
 
Сұрақтарға жауап
Ортасы 25 мин
Түсіну
Жаңа біліммен таныстыру және талқылау.
7минут
Қолдану
Тақырыпқа сәйкес тапсырма орындау дағдысын қалыптастыру.
Талдау
Шешім шығару,өлеңдегі сөздерді салыстыру
Синтез
А.Құнанбаевтің өмірінен және өлеңінен алған білімдерін жүйелеу және жинақтау
Аяқталуы 7 минут
Бағалау
Дүниетанымын кеңейту.
Ынталандыру,
Болжау мен сұрыптау.
Дәлелдеуді, таңдайды, салыстырады, қорытынды жасайды,бағалайды.
Қосымша ақпарат: 3 минут     Сабақтың  соңында  шығу парағына  балалар сабақтан алған әсері туралы жазады. Келесі сабақтан қандай нәтижелер күтетінін ұсыныс ретінде жазуды айта кетуді ескертемін.