«Ақсақ құлан» туралы аңыз

Зикирина Ардақ Муратовна
Тәрбиеші
.
.
Автор: Ертеде Жошы деген хан болыпты. Үлкен баласы аңға шығып, құлан атуға барғаннан қайтып оралмапты. Хан жаман хабар естігісі келмей жар салыпты:
Хан:
— Кімде-кім менің баламның қайғылы хабарын естіртсе, соның көмейіне қорғасын ерітіп құямын.
Автор:
Халық ханның баласын құлан теуіп өлтіргенін білсе де, айтуға батылдары бармайды. Бір домбырашы бұл хабарды естіп, ханның ордасына барыпты. Уәзір әлгі домбырашыны ханның алдына алып келеді.
Хан:
— Қайдан жүрген адамсың? Мұнда неге келдің!
Күйші:
— Тақсыр! Менің бір күйім бар еді, соны сізге сынатқалы келіп едім.
Хан:
— Е, олай болса домбыраңды тарт!
Автор: Ханнан рұқсат алған домбырашы күйін боздата тартқанда, домбыраның көмейінен:
Ақсақ құлан шошыған,
Қырда еркін жосыған.
Тынышын бұзып құланның,
Оқ атқан сіздің ұлыңыз,
Опат болды осыдан.
Хабарын соның айтуға,
Келіп тұр мынау домбыра, — деген қайғылы үн күңіреніп естіледі.. Мұны естігенде төрде отырған хан егіліп жылайды.
Хан:
— Тоқтат! Ұстаңдар мына күйшіні!
Күйші:
— Уа, тақсыр! Мен аузымды ашып, ештеме де айтқан жоқ едім ғой, жазығым — өзіңіздің рұқсатыңызбен күй тартқаным ба? Барлық сырды ашып, айтып берген мынау домбыра емес пе?
Хан осы жерде сөзден жеңіліп, жарлығын орындау үшін:
-«Кім болса да бәрібір, қаралы хабар әкелгеннің үні өшіп, жазасын алсын! Құй қорғасынды домбыраға!»
Содан бастап домбыраның шанағында тесік пайда болыпты.