Ағылшын тілі-бәсекеге қабілеттіліктің тілі

Ахмедиева Ақтоты Ғалымжанқызы
ағылшын тілі пәні оқытушысы
.
.
Ағылшын тілі-дүние жүзіне ең көп таралған тіл.Үнді-еуропа тілдерінің батыс герман тілдеріне жатады.Негізінде ағылшын тілі құрылымы жағынан флективті. Ұлыбритания, АҚШ, Аустралия, Жаңа Зеландияның мемлекеттік тілі болып табылады.Канадада (француз  тілімен қатар), Ирландияда (ирланд тілімен қатар) мемлекеттік қос тілдің бірі. Алты құрлыққа кең тараған бұл тілде қазір 400 млн-нан астам адам сойлейді.
               Тіл білу-заман талабы.Әлем елдері бір-бірімен бәсекелесе отырып,халықаралық  тілдерді  білу маңызды деп санайды.Біз дамушы мемлекетпіз.Сондықтан,бірнеше тілде сөйлей де,жаза да білетін ұрпақ тәрбиелеуіміз дамуға бірден-бір көпір екені даусыз.
                Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев кешегі қаңтардағы жолдауында білім бағытындағы сөзінде «Ең алдымен,білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз-білім берудегі экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру.Оқыту бағдармаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет.Қазақ тілінің басымылығы сақталады.Оның әрі қарай дамуына зор  көңіл бөлінеді.Сонымен қатар,бүгінде ағылшын тілі-жаңа технология,жаңа индустрия,жаңа экономика тілі.Қазіргі кезде 90% ақпарат ағылшын тілінде жарияланады.Әрбір екі жыл сайын олардың көлемі екі есе ұлғайып отырады.Ағылшын тілін меңгермей,Қазақстан жалпы ұлттық прогреске жете алмайды»деген болатын.Бүгінгі таңда жоғарғы оқу орындарда шет тілін кәсіби деңгейде оқыту басты орында тұр. Яғни әрбір студент өз мамандығына байланысты.шет тілін жетік меңгеріп,одан әрі қарай дамыта алады.Сонымен қатар шет мемлекеттерге шығып, мол тәжірибе жинақтауға мүмкіндігі зор.Осы тарапта біздің оқу орнымыздағы білім алушыларға ағылшын тілінің маңыздылығын ескере отырып, болашақ аудармашылар мен ағылшын тілі пәні оқытушыларын дайындаудамыз. «Шетел тілі кафедрасының»  ағылшын тілін үйретудегі жаңашылдығы,қажырлы еңбегі мен атқарылып жатқан іс-шаралары соның дәлелі. Кафедраның студенттерге ағылшын тілін кәсіби деңгейде үйретудегі заманауи,озық  үлгісін пайдалануды дәріптеуге тигізер үлесі зор.
  Қорыта айтқанда,Ағылшын тілінде сөйлей де,жаза  да білетін маман бәсекеге қабілетті тұлғаға айналатыны сөзсіз.