Ағылшын тілінде зат есімді қазақ тілімен салыстыра оқыту

Джунускалиева Ляззат Култаевна
2 санатты ағылшын пән мұғалімі
.
.
Мақсаты: Оқушыларға  шет тілін үйретуде ең тиімді әдістерді  пайдалану қазақ тілді оқушылардың тілдік ерешеліктерін ескеріп, екі тілді салыстыра отырып, өзге тілді дұрыс терең меңгерте білу.
Зат есім
Қазақ тілі Ағылшын тілі
1.      Белгісіз артикль жоқ зат есім бір сан есімімен қосылып жекеше мағына береді.

 Бір кітап  кітап

 Бір алма  алма

Белгісіздік артикль(a,an)

 

 

A book

An apple

2.      Көпше түр жасау.(ұқсастығы)

Зат есімнің көпше түріне жалғанған сын есім, есімдік көпше түрде тұрмайды.

Жақсы кітаптар-

Көп кітаптар-

 

 

 

 

good books

many books

3.      Сан есім+зат есім

Үш қой-

Екі сиыр-

 

three sheep

two cows 

4.      Екі тілде де зат есім түбірлерінің шығу тегі жоқ

Қызыл кофта-

Көк аспан-

Бірінші үстел-

 

 

a red blouse

the blue sky

the first table

5.      Септелу жолдары; Септік жалғаулары арқылы байланысады.

Сөмкеде (жатыс септігі)-

Үстелдің  устінде (ілік септік+көмекші сөз)

Мектепке (барыс септігі)

 

 

 

in the bag

on the table

to school

6.      Зат есім ағылшын тілінде де қазақ тілінде де тәуелденеді.

Ілік септігінің жалғаулары  

 
Қазақ тілді мектептерде ағылшын тілін оқытудың өзіне тән ерешеліктері  бар. Оқушы шет тілін дұрыс меңгеру үшін оның өз ана тіліндегі біліміне сүйенген жөн. Оқушы бұл тілдердің ұқсастықтары мен айырмашылықтары жете білгенде  ғана, ол тілді дұрыс та, тез игере алады. Лингвистикалық тұрғыдан қарасақ, қазақ тілі түркі тілдер тобына, ал ағылшын тілі герман тілдер тобына жатады екен. Дейтұрғанмен, екі тілдің граматикалық жағынан кейбір ұқсастықтары да кездеседі. Мұғалім осы ерекшеліктерді өзі жан жақты зерттеп, баланың көзін жеткізе алса, бұл оның үлкен бір артықшылығы болар еді. Мысалы, зат есімді алып қарастырайық. Бұл сөз табы қазақ тілінде де, ағылшын тілінде де бар ұғым. Зат есімнің мағынасын зерттеген кезде, зат есімнің түрленуі, септеліп, зат есімнің баяндауыш қызметінатқаруын толық қарастырып ескеруіміз керек.
  1. Ағылшын тілінде артикль туралы айтқан кезде міндетті түрде қазақ тілінде ондай ұғым мүлдем жоқ екенін түсіндіріп өтеміз. Белгісіз артикль (a,an)қазақ тілінде бір сан есім мен зат есім тіркескен кезде, жекеше турдегі заттың атауын білдіреді. Бұл күрделі граматикалық ұғымды салыстырмалы түрде осылай жеткізуге болады. Төменгі буында мысалы: it’s a book.деген сөйлемдерде мұғалім What және Who сұрау есімдіктері арқылы белгісіз артикльдің қолданылуын түсіндіреді. Сонымен біркелкі заттардың арасынан біреуін атау үшін ол зат туралы  бірінші рет айтқан уақытта ағылшын  тілінде a/an белгісіз артикль қолданылады. The белгілі артиклі зат есімнің алдына белгілі  бір нәрсені айтқанда, сол затты көрсетіп немесе қосымша  нақтылаған кезде қолданылады.
  2. Зат есімнің түрленуі жекеше көпше . Бұнда мұғалім қазақ және ағылшын тілдеріндегі ұқсастықтарды ескере алады. Қазақ тіліндегідей ағылшын тілінде де зат есім мен сын есім, сан есім және есімдіктер арасында үйлесімділік болмайды. Сын есім, сан есім, есімдік көпше түрде тұрмайды.
Жақсы кітапар- good books
Көп кітаптар- many books
Үш кітап- three books
Көптеген ағылшын зат есімдері- s,-es жалғауы жалғануы арқылы жасалады.
а) [ z] ұяң дауыссыздан (room-rooms)және дауысты дыбыстан соң (boy-boys)ъ
ә) [s] болып оқылады үнді дауыссыздардан соң (book-books),( cat-cats)
б)[ iz]-is,-sh,-ch,-x-ge әріптерінен соң.
Ережеден тыс жасалу жолы. Мысалы: foot-feet, woman- women, tooth-teeth; Ал қазақ тілінде оған ұқсас жері есептік сан есім мен зат есімнен жасалған сөз тіркесінде зат есімге көптік жалғауы жалғанбайды, тек көптік мағынаны білдіреді.мысалы: үш қой-three sheep. Бірақ мұндай көпше түр жасау ағылшын тілінде көп кездеспейді . мұғалім ағылшын тілінде көп кездеспейді. Мұғалім ағылшын тілінде есептік сан есім+ зат есімнен сөз тіркесін жасағанда көптік жалғаулары[ s-es] жете түсіндіру керек. Мысалы кітап-two books
  1. Ағылшын және қазақ тілдерінде сөздердің түбірлерінің шығу тегі жоқ. Бұл тақырып бойыншы оқушылардың қазақ тіліндегі бөлімдеріне сүйенуге болады. Мысалы:
Қызыл кофта- a red blouse
Бірінші дәптер- the first note book    
Жүгіріп келе жатқан бала- the running boy
  1. Ал септеу жүйесіне келетін болсақ, бұл екі тілде де әр түрлі жолдармен беріледі. Қазақ тілінде септік жалғаулары арқылы сөйлемдегі сөздер бір бірімен байланыста болса , ал ағылшын тілінде зат есімдер түрлі демеуліктер жасалады.
Мысылы: in the bag- cөмкеде ( жатыс септігі)
on the table- үстелдің үстінде- көмекші сөз
to school-  мектепке-барыс септігі
Ағылшын тілінде атау тұлғадағы зат есім сөйлемде кез келген сөйлем мүшесі бола алады.
Мысалы:
  1. The house was built last  year  бастауыш
  2. It was a very good house баяндауыш
  3. A like this new house very much толықтауыш
  4. He lives in a new house мекен пысықтауыш
  5. The wall of the house анықтауыш
5.Зат есім ағылшын тілінде де қазақ тіліндеде тәуелденеді.  Бірақ  әр түрлі жолдармен. Мысалы ағылшын тілінде s арқылы зат есім тәуелденсе , қазақ тілінде ілік септігінің (-ның-нің-дың-дің-тың-тің) жалғаулары арқылы жасалады. Ағылшын тілінде тәуелділік my child, his dog, our houses сияқты турде болса, қазақ тілінде тәуелділік жалғауларарқылы жасалады. Ағылшын тілінде тәуелділік my child, his dog, our houses сияқты түрде болса, қазақ тілінде тәуелдік жалғаулар арқылы беріледі.
Жекеше түр                                            Көпше түр
  • Жақ-ым,-ім,-м -ымыз,-іміз
  • Жақ-ң,-ың,-ің ыңыз,-іңіз
  • -жақ- сы,- сі,-ы,-і -ы,-і
Ағылшын тілінде екі сөз арқылы , ал қазақ тілінде бір сөзбен ғана жасалады
Бала +м         ит+ і                үйлер+іміз
↕                         ↕                              ↕
My   child         his   dog             our     houses
6 .Қазақ тілінде зат есім баяндауыш қызметін атқара алады. Бұл ағылшын тіліне тән емес.баяндауыш қызметін зат есім жекеше және көпше түрдегі жіктік жалғаулары арқылы жасайды.
           Жекеше түр                          Көпше түр
1-жақ-мын,-бын,-пын                 -мыз,-быз,-пыз
2-жақ-сың,-сыз,-сің,-сіз              -міз,біз,- піз
3-жақ- сөздің негізгі                  сөздің негізгі түбіріне сәйкес
түбіріне келеді .                        келеді.
Ағылшын  тіліндегі зат есімнің баяндауыш қызметін атқарудың баламасы төмендегідей:
                     Жекеше түр                                         Көпше түр                                            
                  I-  жақ  қонақ+ пын                                қонақ+  пыз
                   ↕                                                            ↕
           I am a guest                                        We are guests
  II-  жақ қонақ-сың                                    қонақ — сыңдар
                  ↕                                                             ↕
         You are  guests                                     You are guests
   III- жақ         қонақ- He is a guest.
Қазақ тілінде  зат есімнен  болған баяндауыштың болымсыз түрі » емес» демеулігі арқылы жасалады. Ал ағылшын тілінде көмекші етістікке » not»  жалғануымен жасалады. Мысалы : Мен оқушымын – Мен оқушы емеспін.
                                      I am a pupil —           I am not a pupil.
Қорыта келе айтқанда зат есім сөз табы ретінде ағылшын тілінде , қазақ тілінде де маңызы зор,орны ерекше. Белгілі бір тілде үйренген кезде немесе өз тілімізде сөйлеген кезде оған көп мән беріле бермейді. Шет тілін өз ана тіліңмен салыстырып, олардың ұқсастықтары  мен айырмашылықтарын ескере отырып, оқып үйренген өте тиімді.
Мұғалім бұл мәліметтерді тек салыстыруға мүмкіндік болған кезде жөнімен пайдалана білу керек деп санаймын.