Ақын мұрасы- халқымыздың сарқылмас асыл қазынасы

Кыдырганбекова Гульмира Ергеновна

.

.

Мақсаты:

Ақынның өлендері мен қара сөздерін, терең ойларын ұрпақтың бойына сіңіру .

 

Асыл сөзді іздесең

Абайды оқы ерінбе

Даналықты көздесен

Жат, тоқып ал көңілге

               С.Торайғыров

Абай Құнанбаев – қазақ халқының ұлы классик ақыны, ағартушы демократы, ұлтымыздың рухани мақтанышы. Абай өз ауылында арабша хат танығаннан кейін, он жасында Семей қаласындағы Ахмет Ризаның медресесінде 3 жыл оқиды. Оқуға зерек, ұғымтал Абай діни сабақтармен қоса өз бетінше араб, парсы тілдерін үйреніп, шығыс классиктері: Низами, Сағди, Хафиз, Науан, Физули еңбектерімен танысып, тағылым алады.

Абай ақыл-ой санасы толысқан шағында ел билеу ісінен аулақтанып, ақындық өнер жолына түседі. Өз бетінше шығыс, батыс, орыс елдері ақындарының, ойшыл оқымыстыларының еңбектерін оқып, білімін толықтырадыАбай өзінің өлең-жырларында ел ішіндегі ұрлық, зорлықты, алтыбақан алауыздықты, күштілікті, жатып ішер жалқаулықты өлтіре сынап, жастарды адал еңбекке, отырықшылыққа, егіншілікке, өнер-білімге шақырады.

 «… Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын, оны ойла.

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!…»

Абай болашақ ұрпаққа сөзін осылай арнады. Бұл өткеннің құлазыған ғасырларынан өзіне бейтаныс, басқа, бірақ жарқын болашаққа сенімді жол салған ақын-ның айтқан сөзі еді. Даланы торлаған надандық түнегіне ол шамшырықтай сәуле төкті және таңы атып, күні шығатын жаққа апаратын жолды өз халқына талмастан көрсетті…

Абайға деген бетбұрыс жаңа жаңғырып келе жатқан кезең халқымыз тәуелсіздік алған заманға тұспа-тұс келіп отыр. Дүние жүзі халықтары Абайды тану арқылы оны туып, өсірген халқын, елін тани бастады.

 

  1. Қарасөздерінде ғылым мен білім балаға жан-жақты берілетін тәлім-тәрбие мәселесімен ұштастырылады.

  

Оныншы қара сөзінде

Абай бала тәрбиесіне үлкен мән берген. Баланың талабына қарай оқуға, білім алу жолына бағыттаудың маңызын ашады. Байлыққа, мансапқа, таза жолымен жету керектігін баса айтқан.

 

Он сегізінші қара сөз

Абай адам баласы адам баласынан несімен озады деген мәселені алға тартқан. Мұны түсіндіру үшін алдымен киіну мәдениетіне тоқталған. Киімнің арзан, қымбаттылығында емес, кірсіз, сыпайы, таза жүрудің көңілге бітіретінің түсіндіреді.

Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрселерден оздым ғой демектің бәріде ақымақтық деген ой түйеді.

Отыз бірінші қара сөз

Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар:

  1. Көкірегі байлаулы берік болмақ керек
  2. Ынтамен ұғу керек
  3. Ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойлану керек
  4. Ой кеселді нәрселерлен қашық болу керек

Отыз сегізінші қара сөз

Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсеге тоқталған. Содан аулақ  болу керектігін айтқан.

  1. Надандық
  2. Еріншектік
  3. Залымдық

 

  1. 2. Абай өлеңдерінде халықты азғын-даудан сақтандырады, жаман әдеттен жиренуге, адамгершілікке шақырады, өз шығармалары арқылы моральдық-этикалық нормаларды орнықтыруды көздейді.

 

Ғылым таппай мақтанба

… Өсек, өтірік, мақтаншақ,

 Еріншек, бекер мал шашпақ-

Бес дұшпаның білсеңіз …

                                                                   Талап, еңбек, терең ой,

                                                                   Қанағат, рақым, ойлап қой-

                                                                   Бес асыл іс көнсеңіз.

Әсемпаз болма әрнеге

… Сен де-бір кірпіш дүниеде,

     Кетігін тап та, бар қалан!

Қайрат, ақыл, әділет арқылы жол табатындығын айтқан.

 

 

Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап

Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап,

Әуре етеді ішіне қулық сақтап.

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар

Еңбегің мен ақылын екі жақтап.

 

“…Өз халқын болсын, өссін, өнсін, дейтін әрбір азамат әуелі Абайды оқысын Абайға құлақ ассын. Ақын үйреткен тағлым мен ол көксеген  мұраттарды қастерлей білуіміз керек”

                                                                                                       Н. Ә. Назарбаев

Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық қылған жалықпас

Үйретуден балаға.

                         Абай