АБАЙ МҰРАСЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА БАУЛУ ЖОЛДАРЫ

Ширшикбаева Алтынай Дауысбекқызы

Қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінің оқытушысы

.

.

Абай арманы – халық арманы. Халық арманы мен аманатын

орындау жолында аянбағанымыз абзал. Абайдың өсиет-өнегесі 

XXI ғасырдағы жаңа Қазақстанды осындай биіктерге жетелейді.

Мемлекеттік басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев

«Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласынан.

 

Қазіргі уақытта біздің еліміздің ең басты мақсаты – өркениетті елдердің қатарында болу, бүкіл әлемдік білім кеңістігіннен орын алу болып табылады. Бұл ұлттық білім беру жүйесінің даму бағыттарын жаңа сатыға, жаңа сапаға жеткізудің қажеттілігін алға тартады. Осыған орай Қазақстанның білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасты. Ол үлгі бойынша ең бастысы баланың білімін, білігі мен дағдысы емес, баланы жан-жақты дамыту, ұлттық          тәлім-тәрбиені сіңірту және де рухани жан дүниесін қамықтыру міндеті қойылады.

Бүгінгі таңда мұғалімдер қауымына жүктелетін талаптар саны артып отыр. «Жаңа заманның талап етіп отырған ұстаздар қандай болу керек?»  деген сұраққа, көбісі білім берумен ғана емес, шығармашылық ісімен, ізденісімен ғана жауап бере алатын сөзсіз. Қоғамда «орындаушы» адамнан гөрі «шығармашыл» адамға деген сұранысы көп.

Шығармашылық – бүкіл тіршіліктің бастауы. Менің ойымша, мұғалім кез келген сабағы шығармашылықпен өткізсе, онда оқушы дербестігінің қалыптасуы жоғары деңгейге көтеріледі. Кез келген оқушы мұғалімнің басшылығымен орындаған шығармашылық жұмысының нәтижесінде өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады.

Шығармашылық  туралы ұғым бұрыннан зерттеліп келеді.Мысалы, психолог Құбығұл Жарықбаев шығармашыл тұлға туралы былай дейді: «Басқалардан көмек күтпей, мәселені шешуде басқа біреудің әдісін қайталамай, қалайда өзі шешуге тырысатын адам – шығармашыл ойдың иесі». ҚазССР-інің еңбек сіңірген мұғалімі Бәдел Тұрсынбаев монографиялық еңбегінде былай жазған: «Шығармашылық – мәселелік сипаты бар, барлық ішкі байланыстарды біріктіретін нәтижеде жаңа материалдық және идеялдық құндылықтар алынатын адамның мақсатты әрекеті».Ғалымдардың пікіріне сүйенсек, шығармашылық – ол оқушының ізденісі, шығармашылық ойлауы, жаңа дүниені ұсына білуі. Сол себептен өз оқушыларға шығармашылық қабілеттерін дамыту мен қалыптастыру мәні мен үшін өте зор. Осы мақалада сіздерге өз іс-тәжірибемнен туындаған  оқушыларды шығармашылыққа жетелейтін жолдарды ұсынып жатырмын.

Оқушыларды шығармашылыққа баулудың, өзіндік іс-әрекетін ұйымдастырудың түрлері өте көп. Сонын ішінде ең маңызды және мен үшін ең тиімді жолы – ол Абай атамыздың мұрасы негізінде оқушыларды шығармашылыққа баулу. Неге Абай деген сұрақ туындаса, сол сұраққа мен Жұмағали Ысмағұловтың сөзімен жауап беремін: «Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Маңызын жоймау былай тұрсын, заман өзгеріп, қоғамдық санада күрт сапырылыстар пайда болған сайын бұл қазына өзінің жаңа бір қырлармен жарқырай ашылып, қадірін арттыра түсетініне Абайдан кейінгі уақыт айқын көз жеткізді»

Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың қызығушылығын арттыра түсу үшін шығармашылық қабілеттерін сабақта, сабақтан тыс уақытта дамытуда мен әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданамын.

Кез келген Абайдың әңгімесі өз ойларымен аяқтау. Мысалы, Абайдың «Ескендір» поэмасымен танысқанда, сыныпты 4 топқа бөлгенмін. 1-топ поэмасын өзге топтарға баяндап береді. 2-топ шығарма бойынша тезис жазады. 3-топ Александр Макендонский бейнесін Абайдың поэмадағы Ескендір бейнесімен салыстыра сипаттайды. 4-топ «Егерде мен жазушы орнымда болсам» поэмасын басқаша мазмұнда аяқтадым.

Поэтикалық талдау түрлерін пайдалану, соның ішінде: салыстырмалы жұмыстар, ақын проблематикасы, кейіпкерлерге микро-мінездеме, интервью-сұхбат, реплика-диалог, дәйексөзді талдау және т.б. түрлері. Осы аталған барлығы шығармашылық жұмыстардың тиімді түрлері деп санаймын.

Абай шығармаларын оқытудың тиімді әдістемесіне мен мынадай мақсат қоямын. Өтілетін сабаққа байланысты мәтінді алдын ала оқыту арқылы көркем шығарманы қалай қабылдағанын білу, өз беттерімен көркем мәтінді талдау дағдыларын қалыптастыру, білімді өз еңбектері, ізденістерімен алу машықтарын жетілдіру керектігін айтамын. Үнемі оқушыны қозғап, ой тастап, өзімен бірге еңбектендіріп, олардың пікірлерін назарға алып қадағалаймын. Мысалы, «Өзгеге, көңілім, тоярсың, Өлеңді қайтіп қоярсың?… Абайдың өлеңін талдағанда шағын пікір талас ұйымдастыру үшін мыныдай проблемалық сұрақтар беремін: 1) Ақын өлеңді кімдерге арнап айтады? 2) «Неше түрлі жан», «Даладағы аңдар кімдер?» Ақын неге оларды ауыр сөзбен сынайды?

Сабақта ақынның өлеңі талдау үшін әртүрлі стратегиясын қолданамын. Осы жұмыс арқылы,оқушы шығармашылыққа дағдыланады. Мысалы, «Кубизм стратегиясы»

Мысалы, арнайы ұйқас бойыншаҰлы Абайға арнап өлең шығарамыз.

…………………………………….дана,

…………………………………….ғана.

……………………………………оқығанды,

……………………………………пана.

Асыл сөздің жалғасың тап.

  • Жұмысы жоқтың, тамағы тоқтың… (Аздырар адам баласың)
  • Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті… (Ыстық қайрат, нұрлы ақыл,жылы жүрек) Тағы сене бастаймын, Күнде алдағыш қуларға… (Есім шығып қашпаймын, Мен ішпеген у бар ма?!)
  • Баламды медресеге біл деп бердім… (Қызмет қылсың шен алсын деп бермедім)
  • Талап, еңбек, терең ой… (Қанағат рахым, ойлап қой, Бес асыл іс, көнсеңіз)
  • Білімдіден шыққан сөз… (Талаптыға болсын кез)

Осындай сияқты тапсырмалар оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда.

Этикалық, эстетикалық, философиялық және психологиялық ойларға толы, тіршілік түйкілдерін дәл болжай білген құнды мұра – ол Абайдың «Қара сөздері». Оқушылар қара сөздерді меңгертіп, шығармашылыққа, ізденіске баулиды, оқушының өзіндік пікірі қалыптасады.

Қара сөздерді оқытуда мен мәнерлеп оқу, түсініктемелі оқу, сарамандық жұмыстарды пайдаланып отырамын. Ақынның әр қара сөзін оқытуда балаларға берілетін білім мазмұнымен таныстырамын, оларға талдаудың үлгісін кестелерін ұсынамын

Шығармашылық тапсырмалардың ішінде оқушылардың өзіндік ойын, тілін қалыптастырудағы жұмыс түрлері эссе, шығарма болып табылады. Сол менің практикада орын алатын шығармашылық бағыттағы тапсырмалар:

  • «Абай мұрасы – тәрбие бесігі» (эссе)
  • «Абай даналығы» (баяндама)
  • «Абайша толғансам…» (жыр толғау, жыр шашу)
  • «Абай – дана, Абай – дара!» (шығарма)

  

Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,

Оның тәтті мәні оятар.

Кейі зауық, кейі дертін қозғап,

Жас балаша көңілді жақсы уатар, —

деп жырлаған Абай Құнанбайұлы. Сазгер қазақ музыка мәдениетіне үлкен үлес қосқан. Ол поэзия мен музыканың рөлін былайша суреттеген: әсемдік сыры, биік мұратталғандары, көркем шарттары, шығармадағы дарындылық пен шеберлік ән мен күйді орындаудағы дәстүрлер, т.б. мәселелерді көтере келіп, эстетикалық тәрбиенің негізгі өлшемдеріне ғылыми талдаулар жасады. Өз сабақтарында музыкалық мәдениетке баулудың әдістері қарастырыламын. Менің ойымша, музыка арқылы оқушылар қоршаған ортаны әсерлене сезінеді. Сабақта ән айтып, музыка тындап, шағармашылық қабілеттерін қалыптастырады.  Оқушылармен бірге Абай әннің мәтіні талдап, әндегі сөздердің нені білдіретіні туралы пікір-алмасамыз. Талдаған әннің мағынасын түсініп, оқушылар шығарманы басқаша қабылдайды.

Қорыта айтқанда, Ұлы Абайдың шығармаларын оқушыларына үйрету барысында ең қажетті сыналған әдістемелерді пайдаланып, оларды әрбір сабақта жаңалап, әрбір тақырыпты өтуге шығармашылықпен қатынас жасау бүгінгі күннің ең басты мақсаты. Себебі, жас ұрпақтарымыздың дүние танымына, дүниеге көзқарасын қалыптастыруда, олардың заман дәрежесіндегі азамат болып өсуіне, олардың эстетикалық талғамының ұштала түсуіне Абай атамыздың шығармалары бірден бір рухани азық болып табылады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы https://strategy2050.kz
  2. Смаилова З.Тұлғаның шығармашылық әлеуетін дамыту. //Қазақстан мектебі,№4, 2007, 27-30 бет
  3. Ысмағұлов Ж. Абай: ақындық тағылымы. – Алматы: Ғылым, 1994.- 81 б.