Адалдық пен Арамдық

Тукушева Алия Жумашевна

Педагог – психолог

.

.

Адалдық пен Арамдық — адамгершілік құлық талаптары тұрғысынан бір-біріне қарама-қарсы моральдық ұғымдар. Адалдық — адамгершіліктің аса маңызды талаптарының бірін бейнелейтін моральдық қасиет. Ол шыншылдық, әділдік, принциптілік, алған міндеттемелерінен жалған сөйлеп, жалтармаушылық, уәдесінде тұрушылық сияқты қасиеттерді қамтиды. Адал адам мінезіндеп таза ииет, бағалы да ізгі қасиет. Адамның сана-сезіміне, ар-ұжданына қайшы келмейтін, адами мақсат- мүддені көздейтін, тарихи шындықпен, прогреспен ұштасып жататьш іс-әрекеткер. Әрбір қоғамның адалдығы жайында өзіндік пайым-түсінігі бар. Қазақ халқы әрқашан да адамгершілік пен адалдық қасиеттерін кіршіксіз таза ұстауға үмтылады. «Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолы өнерлі — қазақтың әулиесі сол», — дейді кемеңғер Абай. Адал— адамның жеке басы мен моральдық тұлғасын сипаттайтын қасиет. Адал туғаннан пайда болмайды. Ол қоғамның дамуына сәйкес әрбір адамның өнегелі тәрбиесіне, оқып білім алуы мен адал еңбектенү процесінде қалыптасып отыратын ізгі қасиет. Адал— жеке тұлғалар мен адамдардың абырой-атағын арттыратын ізғі қасиет, адам мінезіндегі аса ұнамды сапа. Адал — араб тілінде «рүқсат етілген», «таза» деген мағына беретін, білімімізге шариғат қағидалары арқылы енген сөз. Арамдық — моральдық қасиеттің адалдыққа қарама-қарсы кесапатты түрі. Оған алдау-арбау, суайттық, жымысқылық, ұрлық, опасыздық, скіжүзділік сияқты жаман қылықтар жатады. Халық арамдық бар жерде — сатқындық; оділетсіздік бар жерде — жәбір; жалғандық бар жерде — қиянат болатынын өмір тәжірибесінен анықтаған. Мұсылман халықтарында «адал, арам» ұғымдарына өте зор мән беріледі. Алғашқысы «жақсы адам» дегенді білдірсе, соңғысы «жаман, оңбаған адам» дегенді ұқтырады. Адал — ешкімнің ақысын жеп, жібін аттамай, өз еңбегімен дүние жинап, күн көріпжатқан, гайбат сойлсмейтін, кісіге қиянат қылмайтын жан; арам — дүние-малы еңбексіз; ұрлық-қарлық, қулық-сүмдық, аддау- арбаудан жиналған, сонымен күн көріп жатқан екіжүзді, обалсауаппен санаспайтын, жымысқы адам. Адамдар саналы түрде бірге өмір сүргенде, өздері орындайтын, басшылықка алатын талаптар жасап, оларды әрі қарай да жетілдіріп, толықтырып отырды. Соның нәтижесінде адамдар өздерінің іс-қимылына, жеп-ішулеріне, әдет-қылықтарына қатысты қойьиіатын талап- тарды, олардың шекарасын анықтаған. Сондықтан олар жеке басының қалауымен өмір сүріп, ойына келгенін істей алмаған. Өздері мойындаған, өмірде сьшақтан откізіп, пысықтаған, қоғамға сыйымдылығын қамтамасыз ететін шарттар аумағында әрекет жасаған.