Адамзаттың асылы-Ана!

Халиков Хамит Хайрдинович

.

.

Мақсаты:  Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға, ата-анаға деген құрмет, сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.
Көрнекілігі: аналар жайлы нақыл сөздер,мақал-мәтелдер,эстетикалық безендірулер.
Жүргізуші: Кеш жарық, қымбатты ұстаз-аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,тағы да 8-наурыз халықаралық әйелдер күні келді.Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны,аналарға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар-өмірдің гүлі,көңілдің жыры,әр отбасының алтын діңгегі.Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса,бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.
Ана деген асыл заттан жаралған,

Күн нұрынан сарқылмайтын нәр алған.

Аналардың бойындағы қасиет,

Жер бетіне нұр боп шалқып таралған.

Бүкіл әлем аналардың құдіретінен жаралған.

Айтыңыздаршы халайық,

Бұл өмірде қымбат бар ма анадан?

Құрметті аналар,біздің  ұстаздар, және қыздар! 8-наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық,өмірдің шапғатын тілеймін!  Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын…Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.

Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,-деп абзал аналарымыз бен  қыздарымыздың құрметіне   орындауындағы «Ауыртпа Алла анамды» атты әнін қабыл алыңыздар.Орындайтын  Қасымхан.Айбол.
Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен, 
Құрметті абзал аналар. – дей келесі құттықтау сөз кезегі Шонжы политехникалық колледжінің директоры Р.С.Суджаковқа беріледі.
 

Әйел-Ана, Әйел-Өмір, Әйел-тіршілік өзегі. Өмір бесігінде іңгә тербетіп, адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашанда қастерлі, сөзі-өсиет, тұғыры биік.

Бүгін – наурыздың сегізі,

Сұлулықтың негізі.

Әдемі сөз адамның,

Анаға айтар лебізі,- деп «Қызыл гүлім-ай» атты өлеңімен ортаға

Бекежанұлы. Айбар шақырамыз.

Құттықтау сөз  Әкімақын Мейіржан. Изизов Ришат.

Жүргізуші:

Мың бұралып билеген
Аруды кім сүймеген .
Күміс көмей аруларға
Кімдер басын имеген-дей отырып келесі кезекті Байекеев. Ербұлан және Бекежанұлы Айбарды «Шудың бойында» биімен ұлдарды шақырамыз
Аналар адамды бесігімен баулиды… Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады. «Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп, ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі деп жорыған екен.

Жүгізуші:Енді ойынға кезек берейік.

Ойын . 4  қыз  шығады Әр жұптың қолына бір шардан беріледі.Сол шарды басына қойып түсірмей билеулері керек.

 Ойын. Ойынның шарты мынадай Орындықтар қойылады сол орындыққа музыка аяқталғанда отыра қалуларың керек. Егер отырып үлгермесе ойыннан шығып отырады және орындығы алынады.

Аяулысың, ауылымның асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,
Сендер үшін мереке шашулары,- дегендей, алдарыңызда көрініс Қабыл алыңыздар!

Жүргізуші:

Десек те уақытпен жарыспайды,
Қиялға қиялменен қарыштайды.
Балалар шын жүректен тебіреніп,
Жырларын аналарға бағыштайды.

Вальс студенттер

Ән «Жан ана» орындайтын Кадирдинова Карина

«Отбасы-шағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. Әйел-ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеуші. «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» 
 Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік! 
 Құрметті қонақтар ,біздің бүгінгі мерекеміз осымен тәмам. Кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.
Сау-саламатта болыңыздар!