Ацетилен

Әуезбай Ж.Қ.
Учитель по химии
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгеру кезеңі
Сабақтың әдісі. Бағдарлау,сызба-нұсқа дайындау
Мақсаты Ацетилен құрылысы, гомологі, номенклатурасы, физикалық және химиялық қасиеттері, қолдануымен таныстыру. 
Күтілетін нәтижелер 
С.Ацетиленның формуласын ажырата,айта, көрсете білу, ацетиленге анықтама бере  білу және қолдануын білу.
В.Ацетиленнің гомологтарын, номенклатурасы бойынша құрастырып, түсіндіреді, химиялық қасиеттерін сипаттайды.
А. Проблемалық сұраққа жауап береді.Қаныққан көмірсутектердің еселік қатынастары, молекуладағы атомдардың өзара бір-біріне әсері, химиялық қасиеттері туралы ойын білдіреді, негізгі себебтерін айқындайды. Шығармашылық тапсырмалар орындап, керекті ақпаратты таба алады. 
Керекті жабдықтар Интер белсенді тақта, слайд, флипчарт, маркерлер, стикерлер, кері байланыс парақшасы
Сабақ барысы:
Сабақ  кезеңдері Мұғалім  әрекеті  Оқушы әрекеті
 

Кіріктірілген бөлім. Бағдарлау-мотивациялық кезең

 

Оқушылармен амандасу, түгендеу: оқушылардың зейінін сабаққа аудару

Топтасады. Ацетилен, Диен, Этилен (формулалар арқылы)

Бағалау критериясы

Химиялық-графикалық  диктант.

1.Қанықпаған көмірсутектердің құрамында қос және үш еселі байланыс болмайды-жоқ

2. Этилен түссіз, иісі жоққа тән, суда нашар ериді, жанғыш газ-иа

3.Этилен мен этанның жану реакциясын салыстырса, оттектің көлемі көбірек жұмсалады этиленді жаққанда-иа

4.Хлорэтанның жай буланып кетіп, ортаны қатты суытатын қасиеті бар. Осы қасиетіне байланысты хлорэтанды медицинада жеңіл оталар жасағанда пайдаланады-жоқ.

5.Этиленді гидрлеу реакция арқылы алады-жоқ

6.Этиленнің сапалық реакциясы, бромның түссізденуі-иа

7.Көлемі 150 м3 (қ.ж.) этиленді сумен әрекеттестіріп, этил спиртінің  308 грамын  алуға болады. –иа

8. Этиленге су косса, этил спирті түзіледі-иа

9.Қанықпаған көмірсутектерге айырылу, орынбасу реакциялары тән-жоқ

10. үй тұрмысында қолданатын полиэтилен этиленді полимерлену реакциясы арқылы алады-иа

Ой тұжырым. Проблемалық сұрақ

Қандай газ туралы біз білімдерімізді тексердік?

-Этилен қандай органикалық қосылыстардың тобына жатады?

-Тағы осы топқа жататын  қандай кластарды білесіз?

-слайд бойынша тапсырма орындау. (формулаларды атау, суреттің қатысын белгілеу.)

-Сабақ тақырыбын ашу, мақсаттарын белгілеу

Амандасады, сабаққа дайындалады. 

Кестелердегі есептердің жауабы бойынша топқа бөлінеді.

Ацетилен, Диен, Этилен

Үй жұмысын химиялық  диктант арқылы тексереді.

Ұпай санының жұпта тексереді.

Бағалау критерийіне ұпайларын жазады

Оқушылардың ойлары. Формативті бағалау

Проблемалық сұркақтарға жауап береді, сабақ тақырыбын ашады, мақсаттарын белгілейді. Формативті бағалау

Сараланған бөлім

Операциялық-орындаушылық кезең

 

Презентация

Мәтінмен танысу

Әдістемелік-нұсқаулық  карта

Мұқият оқулықтан тапсырманы тауып, оқыңыз

Топта талдаңыз

Қорытынды есебіңізді мини-кластер ретінде құрыңдар

 Сыныптастарыңызға тапсырма жауабын түсіндіріңіз

 

Топтық жұмыс

І- топ.1. Ацетиленнің жалпы формуласы . Жалпы формула арқылы гомологиялық қатар шығару2. Ацетиленнің алу әдістері

ІІ-топ. 1. Физикалық қасиетін сипаттау. 2.Химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін жазу 

ІІІ-топ.1.Ацетиленнің  қолдану аймақтарын қарастыру. Тиімді және тиімсіз жақтары.(қосымша мәлімет)

Презентация қарау

Топта тапсырмалар орындайды

Оқушылардың пікілері тыңдалады.

Формативті бағалайды

Кіріктірілген бөлім. Рефлексиялық-бағалау кезең

 

 

 

 

Деңгейлік тапсырма

С-1. Қажетті сөздермен сөйлемді құрастыр.

Ацетилен құрамында……байланысы бар қанықпаған көмірсутектердің ең қарапайым өкілі. Ацетилен-түссіз, иісі жоққа тән,…….газ.Жанғанда көп жылу бөлгендіктен, металдарды….және дәнекерлеуге пайдаланады

Керек сөздер: жанғыш, үш, кесу

2.Ацетилен формуласын жазу.

В-1. «Крестиктер-нөлдер» ойынын ойнаңдар. Жеңіс жолы алкиндерге сәйкес келетін формулалардан тұрады:

С2Н2 С10Н22 С7Н16
С6Н12 С4Н6 С5Н10
С5Н8 С4Н8 С3Н4

2.Химиялық қасиеттерін сипаттау.

Реакция типі  
жану  
  С2Н22=С2Н4

А-деңгей

1.Мынадай өзгерістік айналымдарды жүзеге асыруға болатын химиялық реакция теңдеулерін жазыңдар:

СаС2   С2Н2      СО2

2.Ацетиленнің жану реакциясының термохимиялық теңдеуі бойынша:

2Н2+5О2=4СО2+2Н2О +2800 кДЖ

5,6 л ацетилен (қ.ж.) жанғанда бөлінетін жылудың мөлшерін есептеңдер.

Бағалау:

Кері байланыс:

Бүгінгі сабақта мен үйренгенім…..

Маған бүгінгі сабақта қиын болды….

Мен үшін сәтті болғаны…..

Үй тапсырмасы.47 АВС  тапсырмалары

Деңгейлік тапсырмаларды орындайды өз қалауымен. Слайд арқылы тексереді, бағалайды

Сабақтың табыс критерийлері бойынша  бағаланады.

Кері байланыс парақшасын толтырады, ойларымен бөліседі. Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазады

 

 

 

Қосымша ақпарат
Винилхлорид поливинилхлоридті алудағы негізгі шикі зат.Поливинилхлоридті винилхлоридті полимерлену реакция нәтижесінде алады. Ал поливинилхлоридті қолдану жері өте көп. Бірақ, экологиялық мәселе жағынан тиімсіз зат болып келеді. Адамзат қазіргі заманда табиғи қосылыстарға тәуелді болып келеді. Поливинилхлорид қышқыл мен негіздерге төзімді, диэлектрлік қасиеті бар, механикалық қатты, жанбайды. Бірақ, қыздырғанда тез бұзылып, хлорсутек бөле жүреді. ПВХ-тен 2 түрлі пласмасса алады: винилпласт-қатты материал,  пластика-жұмсақ материал. Винипласт химиялық төзімді құбырлар, химиялық апараттар бөлшектерін, аккумуляторлық  банкалар дайындайды. Пластикаттан линолеум, жасанды былғары, дастархандар, изоляциялық проводкалар дайындайды.
Ал, экологиялық проблемасы: ПВХ –қатты қоқыс. Олар топырақтағы газалмасу үдерісіне кедергі келтіреді, тірі ағзаға улы зат бөледі және күн сәулесі арқылы жай бұзылады. Ең соңғы өнім: көмірқышқыл газы, су және хлорсутек. Полимердің ыдырауы жер бетінде және тұщы суда бірнеше жүз жыл құрайды. Қайта өндеу саласы жоқ. Сондықтан, ПВХ жағуға болмайды. Себебі, хлорорганикалық қосылыстар жану процесінде көп түзіледі, ал хлорорганикалық заттар адам ағзасына өте улы.