Қайталау (шамалар)

Оналбаева Назигуль Маутказина
учитель начальных классов
.
.
Сабақтың мақсаты:

Көлем,аудан,ұзындық өлшем бірліктері жайлы білімді тиянақтау

Сабақтың міндеттері:

Білімділік; :денелердің көлемі,көлемді өлшеу бірліктері туралы түсініктерін кеңейту, көлемді фигуралардың көлемін табу дағдыларын жетілдіріп, шыңдай түсу.

Дамытушылық:танымдық ойындар арқылы шығармашылық қаблеттерін,логикалық ойын жетілдіру, өздіктерінен қортынды шығара білуге машықтандыру

Тәрбиелік:  жалпыадамзаттық  құндылықтарды бойларына сіңіре отырып, интеллектуалдық қиындықтарды жеңе білу және өзін-өзі бағалай білуге тәрбиелеу.               Сабақ типі:Қайталау сбағы                                                      Сабақтың көрнекілігі:слайд,қима қағаздар,текше макеті        Сабақтың әдіс- тәсілдрі:сұрақ- жауап, ой қозғау,салыстыру,талдау,проблемалық әдіс.

Психологиялық дайындық.

— Балалар денелеріңді бос ұстап, 5 құндылықты, 5 Т-ны естеріңе түсіре отырып менің сөзіме мұқият құлақ салыңдар және әрбір сөйлемнің соңындағы сөзді хормен айтыңдар.

—         Сабақта нұрға бөленген біздің басымыз өте жақсы … (ойлайды).

—         Сабақта нұрға бөленген біздің қолымыз өте әдемі етіп … (жазады).

—         Сабақта нұрға бөленген біздің жүрегіміз шыншыл, батыл, төзімді, мейірімді болуға … (жетелейді).

Cыныпта  ынтымақтастық ахуал  қалыптастыру

Жасыл түсті алған оқушылар»Төртбұрыш»тобына жайғасамыз.

Сары  түсті алған оқушылар»Шаршы»тобына жайғасамыз.

Қызыл  түсті алған оқушылар»Текше»тобына жайғасамыз..

111.Өтілген тақырыптарды есімізге түсіру үшін тапсырмалар орындайық.

Ауызша есептеуге арналған мысалдарда КӨЛЕМ сөзі жасырынған

638-608=Ө

480-400=К

416-400=Е

35:5-0=М

500-475=Л.

Тапсырма  жауабын тақтаға  іледі.

-Жарайсыңдар ,балалар.тапсырмаларды дұрыс орындадыңдар.

Қандай сөз шықты?  КӨЛЕМ

Балалар, көлемнің қандай өлшем бірлігін білесіңдер?  см куб,литр

Өлшемдер арақатынасы қандай? 1л=1000см куб=1кг т.б

Қорыту: Жүректен шығып ,сөз ретінде бейнеленетін ,іс жүзінде қолданылатын құндылық.Ол қандай?Дұрыс әрекет

ПОЛИГЛОТ

Текше- Куб-Cube

Шаршы-квадрат-square

Тіктөртбұрыш-прямоугольник-rectangle

VI.Түсінгенін тексеру( оқулықпен жұмыс)

1-тапсырманы орындау барысында оқушылар ұзындық, аудан ,көлем сияқты шамаларды,олардың айырмашылығын қайталайды.

Ұзындықтың бір өлшемі бар

Ауданның екі өлшемі бар

Көлемнің үш өлшемі бар

V=a b һ

2-тапсырманы

Өлшем бірлігі ретінде текшені алады(практикалық түрде ).

Сергіту сәт

Бойды сергек тік ұста

Емін еркін тыныста

Деміңді ішке тез ал да,

Оң қолыңды соз алға.

Қол ұшына қара да,

Үшбұрыш сыз ауада.

Сол қол босқа тұрмасын,

Шеңбер жасап тынбасын…

1.Қызығушылығын ояту:

Математика- ермек  емес  балалық,

Математика –көрегендік  даналық.

Математиканы құрметтеуге  лайық

Кел, балалар мұны жақсы  ұғайық — дей келе дәптерімізді ашайық.

Дәптермен жұмыс.Күн ретін жазу.

Мәнерлі жазу…

Математикалық диктант:

1. Қыры үш см тешенің көлемі неге тең?               27куб см

2.Тіктөртбұрышты текшенің неше қыры бар?        12

3.Текшенің неше жағы бар?                                         6

4.Текшенің неше төбесі бар?                                           8

5.Қыры  а см болатынтекшенің көлемі неге тең?   а куб см

6.Текшенің жақтары қандай фигура?                       шаршы

7.Шаршының қабырғасы  7 см.Ауданы неге тең?   49кв.см

8.Тіктөртбұрышты текшенің өлшемдерін жаз?      ұз.ені.биік

9.Ең үлкен үш таңбалы сады жаз?                               999

Текшеге қатысты  4,6,8 сандары бар мақалдарды еске түсірейік:

Төртеу түгел болса төбедегі келер,

Алтау ала болса ауыздағы кетер.

Сегіз қырлы,бір сырлы.

Өзіндік жұмыс

Сурет бойынша есеп құрастыр және шығар:

300тг-ден-2 бөтелке сұйық май

200тг-ден  —   2 пакет айран

Барлығына қанша ақша төледі?

Ш:

Ж:

1л шырын-300тг           1  қаймақ-200тг

3л шырын -?тг              2 қаймақ-?тг

?тг қымбат

Ш:

Ж:

5.Әр бағанның бірінші қатарын 1-топ

Екінші қатарын 2-топ

Үшінші қатарын 3-топ тақтада, дәптерде орындайды.

6.Теңдеулерді шеш:

Теңдеудің шешімі табылатын тәрізді өмірде де кез-келген жағдайда шешім табуға болады.

VII.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

1.Сәйкестендіру тесті:

Әр топқа

2. Перфакарт: Бөлме көлемі

Әр топқа

3.Тест тапсырмасы:

Әр оқушыға жеке

Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,

Математикаға орын берсең басыңнан.

Барлық ғылым саған үйір болады,

Досың солар табылатын қасыңнан.

-Бүгін   сабақта бәріміз бірлесіп,  ұйымшылдықпен бірлесе  отырып  жұмыс  істедік.  Бәріміз     жұмылсақ бітпейтін  іс жоқ екен. Ылғи  да осылай  бірлігімізді көрсете  білейік.  Ендеше  жұмысымыздың  нәтижесін көрейік.

VIII.Үй тапсырмасы.    28бет ,№7

Бағалау парағы:         Жасыл- өте жақсы  Сары- жақсы

Қызыл- қанағаттанарлық

Смайлик санату

Бүгінгі сабақта барлық топ жақсы  қатысты .

Рахмет!Сау болыңыздар!

Соңғы тыныштық сәтi. Кері байланыс

— Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық,  жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық!