Қайыңдар шамшат, ива ағашы астрагүлділер тұқымдасы

Куспанова Карлыгаш Дюсенбековна
.
.
Сабақтың мақсаты: Қайыңдар шамшат, ива ағашы астрагүлділер тұқымдастарының өкілдерімен танысу,ерекшеліктері мен гүлдерінің құрылысындағы айырмашылықтарды білу.
Білімділік: Қайыңдар шамшат, ива ағашы астрагүлділер тұқымдасының ерекшеліктері, қасиеттері және олардың фармациядағы маңызын білу.
Тәрбиелік: Студенттерді жауапкершілікке, ұқыптылыққа,адамгершілікке
                       тәрбиелеу.
Дамытушылық: Тақырыпқа тоқтала отырып, білім алушылардың сөз байлығын, өздігінен шешім шығару, сараптамалық ойлау, жақсы мен жаманды ажырату, байқағыштық сияқты қабілеттерін дамыту, пәнге, мамандығына қызығушылығын ояту.
Сабақтың түрі: практикалық сабақ.
Сабақтың әдісі:  СBL әдісі.
Сабақтың уақыты: 90мин
Сабақты өткізу орны: оқу кабинеті
Пәнішілік байланыс:биология, ботаника, экология.
Пәнаралық байланыс: химия,фармакогнозия,биология.
Сабақтың жабдықталуы: проектор, ноутбук, презентация,кеппешөптер, жеміс ағашы,плакаттар.
Пайдаланылған әдебиеттер:
 Негізгі: Лекция, «Ботаника», — Б.Қ.Махатов, Ә.Қ.Патсаев, К.К.Орынбасарова, Ж.С. Тоқсанбаева, Ж.А. Қадишаева.
Қосымша: «Қазақстанның дәрілік өсімдіктері» Ә.Іскендіров, «Өсімдік – жанға шипа дертке дауа» М.Оспанова, Ж.Лұқпанов.
Студент меңгеруі тиіс: — Жабық тұқымдылар бөлімінің өкілдеріне сипаттама беріп қайыңдар шамшат, ива ағашы астрагүлділер тұқымдасының ерекшеліктері, қасиеттері және олардың фармациядағы маңызын білу .
Студент білуі тиіс:— Тұқымдастарының өкілдеріне кеппешөп үлгісі бойынша морфологиялық анықтама жасауды дағдылы түрде орындап білу.
                                             Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
     1.Оқу кабинетінің  тазалығына көңіл бөлу.
     2.Студенттердің сыртқы киімдеріне (калпак,халат, бейджик) көңіл аудару.
     3.Сабақта жоқ студенттерді белгілеу, сабаққа даярлығын тексеру.
     4.Сабақтың  мақсаты мен жоспарымен таныстыру.
     5.Тақырыптың  маңыздылығының мәнін атап өту.
 
ІІ Өткен тақырыпты талқылау:
  • Тапсырма: Әрқашан күн сөнбесін!
1.Қазақстанда алаботалар тұқымдасының түрлері, таралуы және генеративті құрылысын атаңыз?
2.Алаботалар туысы, кең тараған өкілі?
3.Көкпек туысы?
4.Алабота тұқымдасына жататын жабайы өсімдік – сексеуіл?
5.Алабота тұқымдасына жататын мәдени өсімдік – қызылша?
6.Алабота тұқымдасының маңызды көкөністік өсімдігінің бірі – шпинат?
 
2-тапсырма:  Қожанасырдың қоржыны.
1.Ерінгүлділер тұқымдасының ерекшелігі?
  1. Ерінгүлділер тұқымдасының өкілі – кермек жалбыз?
  2. Ерінгүлділер тұқымдасының өкілі – сәлбен?
  3. Ерінгүлділер тұқымдасының өкілі – кәдімгі жебір?
  4. Ерінгүлділер тұқымдасының өкілі – көк жалбыз?
6.Құлқайыр тұқымдасының ерекшелігі?
7.Алқалар тұқымдасының ерекшелігі?
8.Қара алқа өсімдігі, иісті темекі?
9.Алқа тұқымдасының өкілі – қызанақ?
  1. Құлқайыр тұқымдасының маңызды туысы?
  2. Алқа тұқымдасының улы өсімдіктері?
12.Құлқайыр тұқымдасының маңызды өкілі?
 
Сергіту сәті. «Шаттық шеңбері».
 
ІІІ  Жаңа тақырыпты түсіндіру. Кинометафора.
1-ші топ «Шамшаттар»
2-ші топ «Талдар»
3-ші топ «Астрагүлділер»
4-ші топ «Қайыңдар»
 
      Бағдаршам арқылы  баға беру.
 
ІV.Өз бетімен жұмыс.
 
                               №18 Практикалық жұмыс
Тақырыбы:  Қайың, шамшат,ива ағашы, астрагүлділер   тұқымдастары.
Сабақтың мақсаты: Осы қаталардың кең тараған тұқымдастардың
өкілдерімен танысу. Ерекшеліктері, гүлдерінің құрлысындағы
айырмашылықтарды білу.
Қажетті материалдар: Тұқымдас өсімдіктердің кеппешөптері, өкілдерінің суреттері.