АКТИНОМИКОЗ (СХЕМА БОЙЫНША)

Кымбатова Айдана Жумагалиевна
.
.
Сабақтың әдісі:  Зерттеу әдісі, топтық  жұмыс технологиясының элементтері, сұрақ – жауап, ізденіс, баяндау, ойын элементтерін пайдалану;
Сабақтың мақсаты:   
 
Білімділік: Студенттерге актиномикоздың қоздырғышы патогенезін, клиникалық белгілерін алдын алу күресу шараларын оқу.
 
Дамытушылық:  Студенттерді өз бетінше ізденуге және пәнге, кәсібіне деген қызығушылығын дамыту, тақырып бойынша ой-өрісін қалыптастыру.
 
Тәрбиелік: Студенттерді сабақ барысында ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, өзара бірлесіп жұмыс жасауға бағыттау және мамандығын пән арқылы құрметтеуге тәрбиелеу.
 
Пәнаралық байланыс: Фармакология, патологиялық физиология және патологиялық анатомия, микробиология, латын тілі.
Пәнішілік байланыс:   Дерматомикоздар
 
 
САБАҚТЫҢ ЖАБДЫҚТАЛУЫ:
А.Көрнекі құралдар:  Презентация, плакат,  муляждар, үлестірмелер, бейнеролик.
Б.Үлестірмелі материал:  Қима қағаздар
В.Оқытудың техникалық құралдары: Интербелсенді  тақта
Г.Сабақ өтетін орын: Аудитория № ______
Д. Негізгі әдебиет: Н.Ғ.Асанов «Індеттану және микробиология негіздері»
208-210 бет
Е.Қосымша әдебиет: Т.Сайдулдин «Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары» , Ғ. Абсатиров, Т. Боранбаева «Ветеринарлық микробиология» 111бет
                                           САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
 
I.Ұйымдастыру кезеңі: (5 минут)
 
1.Сәлемдесу (аудитория тазалығын тексеру),
  1. Студенттерді ақпар бойынша тексеру,
  2. Студенттердің көңіл — күйін сұрау,
  3. Геометриялық фигуралар арқылы үш топқа бөліп топтастыру,
  • 1 топ — Дөңгелек 
  • 2 топ — Шаршы
  • 3 топ — Үшбұрыш
  1. Психологиялық дайындық (таңдалған фигуралар бойынша анықтама беріледі).
Геометриялық тест бойынша топтардың мінезін анықтау
Шаршы: Тынымсыз, еңбекқор адам. Басты қасиеттері – таңғаларлық табандылық, бастаған істі аяқтамай, қоймайтын жан.
Үшбұрыш: Көшбасшылықтың белгісі. Бұл кескіннің өкілдері мұны өздері сезеді. Олар басты нысанадан көз алмауға дағдыланған. Оған жетуге қауқары да жетеді.
Дөңгелек: Ол мейірбан филантроп – кез келген ортаға бейбітшілік, келісім сыйлайды. Өзгелерге құлақ түре біледі. Сезімтал, жаны ашығыш.
  1. Бағалау парақтарын тарату, түсіндіру.
Бүгінгі жаңа тақырыптың аты: «Актиномикоз»
Жоспар:
  • Актиномикоз ауруының анықтамасы, қоздырғышы, індеттік деректер;
  • Патогенезі, клиникалық белгілері, диагноз қою;
  • Иммунитет,емі, алдын алу шаралары.
Бөлінген 3 топ  берілген жоспар бойынша  алдын ала тапсырылған өздерінің зерттеу жұмысын баяндап, таныстырады.
  • 1 топ — Дөңгелек
  • 2 топ — Шаршы
  • 3 топ — Үшбұрыш
 
 V.Сабақты  «Құпия сан» ұяшықтарды таңдау арқылы бекіту: (15 минут)
  1. Актиномикозбен ауру малды қалай емдейді?
  2. Актиномикоз патологиялық материалын зерттеу тәртібі?
  3. Актиномикоз қоздырғышын өсіретін қоректік орталар ерекшелігі?
  4. Актиномикозды микроскопиялық зерттеу техникасы?
  5. Актиномикоздың морфологиясы және бояу әдістері?
  6. Актиномикозды микроскопиялық зерттеу техникасы?
  7. Малдарға актиномикоз қоздырғышы қалай жұғады?
  8. Актиномикозбен негізінен қандай мүшелер және қандай ағзалар зақымданады?
 
VI.Қорытындылау:  (5 минут)
Сабаққа белсенді қатынасқан студенттердің білімін игеру.