Алғыс айту мерекесіне арналған ашық тәрбие сағаты сценарийі

Байгелова Алтынай Шарипуллиевна
2 санатты арнайы пәндер оқытушысы , магистр
.
.
Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар, тәрбие сағатымызға келіп отырған қонақтар, және де оқушылар! Бүгінгі мерекеге орай өткізілгелі отырған ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Елбасымыз 2016 жылдың 14 қаңтарында ҚР –ның «Мерекелер туралы  заңына»  өзгерту енгізіп, 1-наурыз –алғыс айту күні деп жариялады.
Талайлы тағдырлардың басын өз шаңырағының астына біріктіріп, қанатымен су сепкен, қарлығаштай қамқорлығына алған Қазақстанда адамның адамға құрмет көрсететін күні белгіленбек. Мемлекет басшылы Н.Назарбаев барлық ұлттың бір-біріне және қазақтарға алғыс айту күнін бекітуді ұсынды. Қазақстан Халқы Ассамблеясының Мәңгілік ел, бір ел-бір тағдыр тақырыбымен басталған 12нші сессиясының ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде Назарбаев Сталин режимінде әр жылдары  өздеріңіз білетіндей халықтар түгелдей жер аударылды.Оларды вагондардан ауылға тастап кете берді, олардың еш дүниесі болаған жоқ.Сол уақытта бұл далада өздері мұқтаж бола отырып, оларды саман үйлеріне қабылдаған қазақтар , қазақ отбасылары ғана өмір сүрді. Саманнан жасалған екі бөлмелі үйде тұрған біздің отбасы үш баласы бар жанұяны қабылдап алды. Көз алдымда әрқашан, әрқашан оларың үйдің бір бұрышында жиналғанын елестете беремін ,олар қорқып тұрды-киімдері жыртылған ,аш, тозып кеткен. Олар біздің Отбасында өмір сүрді, жұмыс істей бастады ,өмір бойы алғыс айтып өтті. Мен олардың балаларымен дос болдым» — дей келе Қазақстан Халқы Ассамблеясының құрылған күні 1-ші наурызды, басқа уақытты қойса да болады-барлық ұлттың бір-біріне және осы адамдарды қабылдаған, аяушылық білдірген қазақтарға алғыс айту күні деп белгіленсе әділетті болар еді деп нақтылады.
Мұғалімнен өнеге-білім алып өмір теңізіне құлаш ұрған кез-келген шәкірт ұстазымен мақтанады. Мектептің жүрегі, бала жанының бағбаны — иә бұл ұстазға арналған теңеулер. Мұндай мақтауларды жалғастыра берсек даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық ,отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сәттілік тілейміз. Құрметті ұстаздар ,барлық оқушылардың атынан көрсеткен қамқорлықтарыңыз бен аялы алақан, жылы лебіздеріңіз үшін басымызды иіп рахметімізі айтамыз.
Алғыс-адамның адамға жасаған жақсылығы ,көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі,сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне, жасаған істеріне жоғарғы баға беру. Ризашылық-адамның басқа адамнан көрген жақсылығы ,көмегі ,көңілі үшін ризашылық және алғыс білдірушілік сезім.
Мың алғыс ,миллион алғыс аналарға
Аты да, өзі де ұлы тұрар алда
Отанмен туған жермен теңесесің
Нәр алған аналардан даналар да.
Ана -әрбір адамның жарық дүниедегі жанашыры ,қадірлісі ,қамқоршысы. Мен ана деген сөзді қанша рет айтсам да жалықпаймын.Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан. Бүгінгі ризашылық күнін пайдаланып аналарымызға да басымызы иіп,рахметімізді айтамыз!
Мерекелік шарамыздың тақырыбын қызықты болуы үшін біздер жұмбақ күйінде қалдырдық. Тақырыпты ашу ережелері:
  1. 1адам тақтада ілулі тұрған әріптердің бірін таңдайды, оның артында жұмбақ жасырылған
  2. Жұмбақ жауабын тауып сәйкес орынға іледі.
  1. Жер бетіндегі барлық адамзат өткеннің алғысы шексіз, ризашылығы мол, жақыны болады. Осы орайда тақырыпты жалғастыру мақсатында шараға қатысушылар өздерінің алғысын жеткізсін .
  2. Мен де осы мереке қарсаңындағы мүмкіндікті пайдалана отырып, өз ризашылығымды  жарық дүниедегі жанашырым анама білдіргім келеді.
  3. Бүгінгі біздің топтық шарамызға ата-аналарымыз қатысып отыр. Соған орай біздің студенттер арасында алғысын өлең жолдарымен жеткізгісі келетіндер бар. (Маншук, Гүлназ өлең жолдары)
  4. «Бәйтерек» тренингі . Кез келген адамның жүрегі жылы сөз, ыстық лебіз естігенде көркейіп, көңілі жайнай түседі. Бұл тренингтің шарты жүрегіміздегі жылы сөздерімізді алдымыздағы жапырақтарға жазып «бәйтерегімізді» жайқалту.
 
  1. «Мен саған ризамын» тренингі  ортағы ата-аналар мен оқушылар шығып бір-біріне тоқыма орама жіпті жіберіп тілектерін айтады.
 
 
Құрметті оқушылар, жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңыздар. Рахмет деген қасиетті сөзді жиі айтыңыздар. Адам ризашылық пен алғысты естіген сайын, жақсылық жасағысы келетінін естерімізден шығармайық.Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуді үйреніп, Табиғат-Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін , жұмақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс білдірейік!