АЛОЭ ӨСІМДІГІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ЕМДІК ҚАСИЕТТЕРІ

Ермек Мөлдір
Жетекшісі: Алиманова С.Н.
.
.
«Алоэ өсімдігінің емдік шипасы» деген қағиданы ұстана отырып алоэ өсімдігінің емдік қасиеттерін зерттеуге бел будым. Менің бүгінгі таңда қорғағалы тұрған тақырыбын «Алоэ өсімдігінің ерекшеліктері және емдік қасиеттері» бұл тақырыпты таңдауыма жетекшім және атам ықпал етті. Өзім бала күнімнен бөлме өсімдіктерін өсіріп, күтіп, баптауды ұнататынмын. Ес білгеннен бері оқыған — түйгенімнің арқасында тек бөлме өсімдіктері ғана емес, жалпы өсімдік атауының адам өміріне, олардың денсаулығына тигізетін пайдасы, қасиеттері қызықтыра бастады. Қоршаған ортаның адамдарға тигізетін әсері орасан зор екендігі белгілі. Соның ішінде дәрілік өсімдіктердің адам өміріне тигізетін маңызы зор екеніне ешкім күмән келтіре алмас. Біздің халқымыз ерте замандардан бері дәрілік өсімдіктердің құпиясын білген, әрі оларды әртүрлі ауруларды емдеуге шебер қолданып келген. 
Өсімдіктердің емдік қасиеттерін білу үшін көп еңбек етуге тура келді. Мектеп  және қала кітапханаларында болып осы төңіректе көптеген мәліметтер, деректер жинақтадым. Көп ізденіп, көп оқыдым. Өзімнің мектеп медбикесімен  кездесіп, емдік өсімдіктердің түрлерін, қолданылуын білдім. Көп ізденіп зерттеу барысында өсімдіктердің емдік қасиеттері туралы деректер жинала бастады. Атап айтсам, бөлме өсімдіктерінен емдік мақсатта алой (алоэ), орыс халқы оны «столетник» (жүзжылдық) деп те атайды, герань, фикус, кактус т. б. өсіремін. Қазіргі технология қарқындаған заманда ауаның түрлі себептермен ластануына байланысты адамдарда көптеген ауру түрлері көбейіп отырған жайы бар. Сол ауруларды өсімдіктермен емдеу жолдарын білген әрбір адамға тиімді болар еді. Өкінішке орай аяғымыздың астында өсіп тұрған емдік қасиеті жоғары өсімдікті тани бермейміз. Егер әрбір саналы, сауатты Қазақстан азаматы, азаматшасы өз елінің табиғат сыйлаған сыйын танып, қолдана білсе, салауатты өмір кепілі болмас па еді. Олай дейтінім ерінбей бар затты пайдалану керек. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» демей ме атам қазақ.Сондықтан табиғаттың сыйға тартқан дәрілік өсімдіктерін тану, оларды зерттей білу, қасиеттерін ашу мен үшін алға қойған басты мақсат деп білемін.Қоғам бар жерде адам бар. Адам бар жерде түрлі аурулар бар. Бірақ,сол мәселені шешу жолдарын іздестіру қазіргі таңда әр адамның саналы қорғанысында.
 
Зерттеудің мақсаты мен міндеті.
Осы ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты алоэ өсімдігінің түрлерін, олардың биологилық ерекшеліктерін зерттеу. Тіршілік процесіндегі өсімділігін және әдемілігін сонымен бірге өсімдіктің шипалығын анықтау.Алоэның табиғатта – ауаны тазарту, шаң мен улы газдарды өзіне сіңіруі, емдік, сәндік қасиеті жайлы толық мағлұмат алу. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қойылады. 
Сол себептен өз жобамда мынадай ұсыныстар ұсынғым келеді.
1.Әрбірмектеп қабырғасында емдік қасиеттері бар бөлме өсімдіктері көптеп өсірілсе;
2. Тек дәрілік өсімдіктерді және олардың емдік қасиеттерін жарнамалайтын дәріханалар ашылса; 
3. Дәрілік өсімдіктерге түрлі дәмдеуіштер қоса отырып, жас балалар іше алатын түрлі — түсті кәмпиттер секілді дәрілер жасалса; 
4.Үлкен кісілерге емдік шөптерден жасалған кеппе шөптер секілді
дәрі-дәрмектер көптеп шығарылса.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1.Жетісу. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. — 712 бет 
  1. «Келешек ұрпаққа арналған қоршаған орта», «Алматы-2004» 48-53 беттер.
3.“Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы”, 1 – том 63бет 
  1. «Табиғатты аялайық», «Алматы-2003» 40-41 беттер
  2. М.Қожабеков.Дәрілік өсімдіктер. Алматы, «Қазақстан»1982.72бет
  3. Ә. Нұрмағамбетов. 1990, 111 «Қазақстан ұлттық энциклопедиясы» 23-бет.
  4. Биология оқыту әдістемесі. 1998 ж. 75 бет.
  5. Биология. «Атамұра», 2002 ж. 78 бет.
  6. Шарманов айтқан шындықтар Денсаулық журналы № 10 Алматы , 2010жыл, 23-28 беттер 
10.. Н.И.Логачева, Н.Б.Шешко. Комнатное цветоводство и фитодизайн.-«Минск баспасы,2009» 100-101беттер
  1. Интернет желісі. /Yandex.kz; Google.kz/
  2. Денсаулық журналы №8 2006 жыл.