Ана-өмір,ана-жыр, ана- өмір бұлағы

Иманбаева Айгуль Асылхановна
Тәрбиеші
.
.
Мақсаты: Балаларға 8 наурыз – аналар мерекесі туралы түсінік беру. Өз өнерін ортаға салу арқылы шығармашылық қабілеттерін арттыружәне қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру.Мектеппен тығыс байланыста болу. Ата-аналармен жұмысты жандандыру, ауызбіршілікке тәрбиелеу.
 
Би «Менің анам алтын»
1.Жүргізуші:
Мерейлі сәт мерекеге ұласып,
Сегізінші наурыз келді қыр асып.
Қыз- келіншек, нәзік жандар мейрамы-
Көктемімнің шапағатын тұр шашып.
Құттықтаймыз аналарды, қыздарды,
Мерекеден шуақты бір із қалды.
Болсын әркез көтеріңкі көңілдер,
Нұрын шашсын мерекеге өңірлер!
Дүниеде ең кемеңгер дананы,
Ана табады, аялайды бағады.
Сол үшінде құдіретіңе бас иіп,
Құрметтейік қасиетті – ананы!
2.Жүргізуші :
Уа,халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Мерекесі халықтың,
Осы тойға арналған
«Ана- гүл, ана -жыр, ана- өмір шуағы» сайысын бастайық.
 Бүгінгі мереке сайыс түрінде өтеді және сайыскерлеріміз екі топтан тұрады Сайысқа  аналарымыз  қатысады.
 Бірінші топ «Айгөлек»тобының аналары :   
 «Балапан»тобы:
Төлебаева  Әсем
Жанпеисова  Қымбат
Аманжол Гүлия
Абдықалыкова  Динара.
Екінші топ мектептегі 0 «А» сыныбының балаларының аналары :
«Нұршуақ»тобы:
  1. Қасенова Гүлбаршин
2.Нурабаева  Махаббат
3.Жартаева  Анар
  1. Төлеген Назым.
І Жургізуші :
Қара қылды қақ жарған,
Әділ сынды дәл айтқан .
Әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін:
  1. Қарабұлақ ауылының орта мектебінің директоры: Таурбаева Маруа Балғажан қызы.
  2. «Радуга»тобының тәрбиешісі: Нурабаева Жанна Кәрім қызы.
3.Бастауыш сынып мұғалімі:Саржанова Хамзира Мамановна
  1. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі:Қарағұлова Әсия Қосшан қызы
5.Кітапхана меңгерушісі:Искакова Айнагүл Аманбайқызы
ІІ жүргізуші
Сайыс 5 кезеңнен тұрады.
І кезең: «Өзін өзі таныстыру» – 3 минут
  1. Қол өнері — 5 минут
III. Шығармашылық сайысы « Ертегі ойнау».
  1. Спорттық ойын.
V.»Сән үлгісі және сәнді жүре білу» (аналар және  балалары)– 3 минут
Сайыс – 3,4,5 баллдық жүйеде бағаланады.
Iкезең.Сайыскерлерімізді ортаға шақырайық. «Өзін-өзі таныстыру» кезеңіне жол берейік (Слайд арқылы)
Бірінші кезеңнен кейін балалардың орындауында ән «Аяулы анашым»
 1Жүргізуші :
Сайысымыздың ІІ кезеңі«Қол өнері» — сайыскерлеріміз дайын болса   бірінші топты ортаға шақырамыз .
Әділ қазылар бағалағанша  балалардың орындауында би «Теңізшілер»,
2Жүргізуші:Өнерің болса қолыңда.
Ортаға кел, қысылма,
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатар жолында.
III кезең«Ертегі ойнау»
Қатысушылар рөлдерін бөлісіп ертегіні сахналайды. «Ағарып таң атты.Ауылдың бір шетінде ит үрді. Оны естіген ормандағы қасқыр ұлыды.  Зәулім сарайда терезе алдында ханшайым жылап отыр. Өйткені оны патша тойға жібермеді. Оны естіген ханзада атына мініп ханшайымды сарайдан ұрлап әкетті»
 
  1. «Спорттық ойындар»байқауы.
«Шалқан» ойыны.
«Змей Горыныч»ойыны.
1Жүргізуші:
Сәнді киіне білу де – бір өнер. Сайыскерлеріміздің талғамын байқап көрейік.
V кезең« Сән үлгісі және сәнді жүре білу»
2Жүргізуші: Осымен сайысымыз аяғына келіп жетті. Енді әділ-қазылар алқасының шешімі дайын болғанша балалардың өнерін тамашалаңыздар.
Армандардың айдынын алса кемең,
Жүрек шіркін соғады қанша елең.
Артық па екен, білмедім емес шығар
Арналса да қыздарға қаншама өлең.
Жыр дегенің сезімтал тамшы ғана
Сол тамшыда жатады әр шұғыла
Қыз болмаса жақсы жыр жазыла ма,
Болмаса олар әдемі ән шыға ма?
Ойын «Кім шапшаң» ( Аналары  балаларына йогурт жегізеді)
 Балалардың орындауында ән «Әлди,әлди»
Жеңіс пен жеңілістен тұратын бүгінгі сайысымызды қортындылап,бір шешім,мәмлеге келіп,соңғы сөздерін түйсіндеп,жеңімпаздарымызды анықтайтын ,құрметті қазылар алқасын қошеметпен ортаға шақырайық. Мадақтау.
1Жүргізуші.Құрметті  абзал жанды әжелер, аналар,кішкентай ханшайымдар мерекелеріңіз құтты болсын!Осымен сіздерге арналған ертеңгілігіміз аяқталды.Сау- саламатта болыңыздар!
2Жүргізуші:
Ән жырдан көңілдерді қуантыңдар,
Барымен шат –шадымен болыңыздар.
Қоштасайық ,келесі кездескенше,
Әрдайым сау- саламат болыңыздар!
Осымен 8 – наурыз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет!