Арқа бұлшықеттерінің релаксациясы туралы түсінік

Туякбаева Гулдана Жаңабайқызы
Мейіргер ісі негіздері пәнінің оқытушысы
.
.
Релаксация , миорелаксация (от лат.       relaxatio        Әлсіреу, босаңсу)  тірек бұлшық етінің төмендеуі. Психофизиологиялық техниканы, физиотерапия немесе дәрілік заттарды қолдану арқылы релаксацияға қол жеткізуге болады. Релаксация психикалық күш түсуді  кетіреді. Сол себепті релаксация психиотерапияда, гипнозда, йогада және басқада денсаулық сақтау системаларында қолданады. Релаксация стресске және психосаматикалық ауруларға қарсы қолданатын метод ретінде үлкен даңққа ие болды.
Релаксация әсіресе бұлшық ет тонусы жоғары адамдарға тиімді. Бұлшық ет тонусы жоғары адамдарда аурулар пайда болатыны дәлелденген.
Релаксацияның нәтижесінде көптеген жетістіктерге жетуге болады. Аталмыш релаксациялық жаттығуларды меңгеріп алу қысқа мерзімдік уақытта жүйке-жүйе мен психикалық тепе-теңдікті қалпына келтіреді. Арқа бұлшықеттерінің релаксациясын жасау төсекте жатқан науқастардың   бұлшықет тонусын босатуға болады. Демек, мұнда релаксация уақытылы дұрыс жасалса науқаста ойылудың алдын алуға дұрыс күтім жасалады деген ұғым бар. Арқа бұлшықеттеріне релаксация жасай отырып біз, ынталандырушы уқалауды қолдана білуіміз керек.  
 
Ойылудың алдын алу алгоритмі
Мақсаты: ойылудың дамуының алдын-алу
Көрсеткіші: Ойылудың дамуының орта және жоғарғы қауіпі (ұзақ төсектік режим, орталық және шеткі жүйке жүйесінің зақымдауы, ағзадағы зат алмасу процесінің бұзылысы, зәр бөлу жүйесінің қызметінің бұзылысы)
Қарсы көрсетпе:  жоқ.
Мүмкін болатын мәселелер: манипуляцияға негізсіз қарсылық білдіру, психомоторлық қозу.
р/с Кезеңдері Негізделуі
1

Науқаспен сенімді қатынасты қалыптастыру

Жұмыс орнында белгілі аймақты қамту

2

Науқасқа манипуляцияның асқынуын түсіндіріп, келісімін алу

Жұмыс орнында белгілі аймақты қамту. Науқастың ақпаратты дұрыс түсініп, оны бақылауы

3

Қолын жуып, қажетті жабдықтарды дайындау. Маска және қолғап кию

Инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
4 Теріде ойылудың дамуы мүмкін болатын аймақтарды күнделікті қарау: сегізкөз, өкше, тобық, жауырын, шүйде, жамбасты. Қарау барысында  теріде бозарған және қызарған аймақтарды байқағанда дереу дәрігерге хабарлап емдік шараларды бастау керек.

Тері қабаттарының бүтіндігінің  бұзылысын визуальды  қарау

5

Тамақтан соң төсек жаймаларында қиқымдардың төсектің және іш киімнің  қыртыстарын болмауын қадағалау

Жұмсақ ұлпалардың қысымы мен үйкелісін төмендету

6

Науқастың төсектегі қалпын әр 2 сағат сайын ауыстырып отыру, дене қалыптарын әр түрлі ауыстыру кестесі бойынша мейірбикенің  іс-әрекетімен қамтамасыз етіледі

Қысымды төмендету жалғастырылады

7

Ойылудың мүмкін болатын жерін тәулігіне 2 рет жылы су мен нейтральды сабынмен жуу қажет.

Теріге күтім жасау және оның бүтіндігін сақтау. Инфекция түсудің алдын-алу

8

Сүлгімен теріні құрғату, қолда бар ерітіндінің біреуімен өңдеу. Ойылудың мүмкін болатын жерлерге жеңіл массаж жасау ұсынылады.

Теріде қан айналымды жақсарту. Беткей капиллярларды кеңейту.

9

Қорғаныс кремдерін жағу.

 
10

Төсек және іш киімдерді ауыстыру

Науқастың жеке бас тазалығына күтім жасалып,  Инфекциялық қауіпсіздік қамтамасыз етіледі.

11

Науқастың төсекке бататын шығыңқы аймақтарына жастықшалар қою

Теріде қысымды төмендету

12

Шүйде, шынтақ, өкше астына мақта-дәкелі немесе параллонды дөңгелек домалақтарды қою керек. Ал, сегізкөз астына үрленген резиналы домалақты қою керек. Ойылуға қарсы матрацтарды қолдану өте тиімді болып табылады.

Теріде қысымды төмендетіп, ойылудың дамымауымен шектеледі.

Ойылудың алдын-алуға ұсыныстар.   Мейірбикелік әрекеттер
р/с Мейірбикелік әрекеттер негізделуі
1

Госпитализацияланған науқастың жағдайын бағалау (Нортон және Ватерлоо шкаласы)

  1. ойылу қауіпі бар науқастарды анықтау
  2. алдын-алу шараларының уақытында орындалуы
  3. күтім жасаудағы құжаттар даярлау
2

Науқастың орнын ауыстырғанда, кез-келген жағдайының нашарлауы немесе өзгеруі кезінде сегізкөз, өкше, жауырын, шынтақ, шүйде, тізе буынының ішкі аймағы терілерінің жағдайын қарап тексеріңіз.

Мейірбикелік күтім жайлы қажетті мәліметтерді алу. Терінің қызарған немесе бозарған аймағын байқасаңыз жедел түрде алдын алу және емдеу шараларын бастаңыз

3

Дененің әлсіз аймақтарын үйкелуден сақтау керек. Егер жеке гигиенасы қажет болса, сонымен бірге кіші дәретін ұстай алмаған кезде, қатты терлеген жағдайда күніне 1 рет жуындыру керек. Жұмсақ және сұйық сабын қолданыңыз. Жуғыш заттың толық тазарғанына көз жеткізіңіз, терінің осы аймағын кептіріңіз.

Үйкелу терінің мацерациясы және дегенерациясына алып келеді, әсіресе, қарттық кезеңде. Терінің күтімі. Терінің бүтіндігін сақтайды, ойылудың алдын алады. Сабынды жиі қолдану зиян келтіруі мүмкін. Сабын теріні жарақаттайды. Теріні мұқият және абайлап кептіру комфорт сезімін тудырады және микроорганизмдердің  өсуіне  кедергі келтіреді. Терідегі сызаттар микроағзалардың енуіне мүмкіндік береді.

4

Қорғаныс кремдерін пайдаланыңыз, егер қажет болса

Олар суды кері итеруші әсер көрсетеді, эпидермистің зақымдануының алдын алады және зақымдалмаған теріні қорғауда тиімді. Сонымен бірге тері беткейіндегі сұйықтықтың жоғалуына кедергің келтіреді.

5

Шығыңқы сүйек аймақтарына массаж жасамаңыз.

Массаж тері бүтіндігін бұзуы мүмкін.

6

Әрбір 2 сағат сайын науқастың қалпын өзгертіңіз: Фаулер қалпы, Симс қалпы, оң жақ қырымен, сол жақ қырымен, ішімен. Науқастың қалпы сырқатына және жалпы жағдайына қарай анықталады.

 

Басы мен мойын арасына қойылатын жастықшалар:

Тізе астына қоятын параллонды жастықша

Валик

Қысым әсері төмендейді. Науқастың қалпын өзгерту графигі мейірбикенің іс-әрекетінің реттілігін қамтамасыз етеді. Фаулер қалпы тамақ ішу үшін, қарым-қатынас жасау үшін қамтамасыз етіледі

7

Науқастың қалпын төсектен көтеріңкіреп  ауыстырыңыз.

Науқас қалпын өзгерту кезінде үйкелу және «қиылушы күш) болмайды.

8 Төсекті тексеріңіз

Төсек қаптамалары

Тиянақты жұмсақ, қыртыссыз төсек ойылудың қауіпін азайтады

9

Терінің кереуеттің қатты жерімен байланысын жойыңыз.

Қысым әсерінен пайда болатын ойылу қаупі төмендейді.

10

Теріге қысымды төмендету үшін әсер ететін қаптамадағы поролонды қолданыңыз

Мақта-дәке дөңгелектер (кругтар) қатты және тез ластанады, ол инфекция көзі болады. Резеңке және мақта дәке дөңгелектер терінің қауіпті аймақтарын басады, қан айналымын нашарлатады. Пороллон теріні қысымнан жақсы қорғайды.
11 Кереуеттің басы өте төмен деңгейге түсіріңіз. Қандай –да бір манипуляция орындау кезінде аздап көтеріңіз.

 

Сегізкөз бен құйымшақ аймағындағы теріге қысым азаяды. Жастықтан басы сырғып кетпейді.

12

Креслода немесе инвалидті каляскада ұзақ отыруға жол бермеңіз. Әр сағат сайын қалпын өзгертіңіз. Науқасқа өздігінен қалпын өзгертуді, оғары жылжуды, сонымен бірге терінің әлсіз аймақтарын  қарауды үйретіңіз. Әр 15 минут сайын жамбасқа түсетін кұшті креслоға сүйеніп алға , жанына жылжу, жоғары көтерілу арқылы азайтуға кеңес беріңіз

Ойылу болу қауіпі жойылады. Қысым түсіп тұрған аймақтар жылжиды. Өз-өзін күту шаралары жоспарланады және дамиды.

13

Науқасқа күтім жасап жатқан туыстарына тінді зақымдау қаупін азайтуды үйретіңіз:

—          жүйелі түрде науқас қалпын өзгерту;

—          қысымды азайтуға арналған әрекеттерді қолдану

—          науқастың орнын ауыстыру және көтеру ережелерін сақтау

—          теріні күініне бір рет қарап тексеру

—          дұрыс тамақтану және сұйықтық ішуін қамтамасыз ету

Туысқандары науқасқа көмек көрсетуге және күтім жасауға үйренеді

14

Тамақпен сұйықтықтың сапасы мен көлеміне көңіл бөліңіз.

Сұйықтық көлемінің азаюы концентрацияланған зәр бөлінуіне алып келеді, ол шатаралықты тітіркендіреді. Тамақ пен сұйықтық ты дұрыс қабылдамау ойылу дамуына ықпал жасайды.
15 Барынша науқас белсенділігін арттырыңыз. Егер жүре алса, әр сағат сайын серуендеуге үйретіңіз

Тіннің зақымдалуы азаяды, қан айналым жақсарады, науқастың тәуелсіздігі кеңейеді

16

Зәрін ұстай алмағанда су өткізбейтін төсемелер қолданыңыз.

Ойылулардың инфицирлену қауіпі азаяды. Ылғал, ластанған тері қышу, инфицирлену шақырады
17 Кез-келген іс-әрекетті орындаған кезде қолғап пайдаланыңыз.

Қауіпсіздік шарасын қамтамасыз етеді.