Архивтеу туралы түсініктеме, WinRAR,WinZIP архиваторлары. Архивті құру туралы мүмкіндіктері

Нүсіпқожа Әсел Еркінқызы
Информатика пәнінің мұғалімі
.
.
ДӘРІС МАҚСАТЫ:
  • Архиваторлардың негізгі қызметі;
  • Файлдарды архивтеуді білу;
  • Архивтік программалармен жұмыс жасау.
Білімділік (оқыту): білім беру, оқу-машықтану дағдыларын қалыптастыру, алған ақпараттарды нақтылау, студенттің жаңа білімді игеру, қабылдау жолдарын жетілдіру және т.б.
Дамытушылық: ойлау қабілетін дамыту, ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану және логикалық ойлау дағдыларын дамыту, топтың белсенділігін арттыру, өзін-өзі жетілдіруге үйрету. Түрлі тапсырмалар мен қосымша сұрақтар арқылы студенттердің нақты білімділігін айқындау.
Тәрбиелік: студенттердің адамгершілік, қөзқарасын, эстетикалық қасиетін, өз пікірін қорғауды, тәртіп пен еңбекқорлық қабілеттерін дамыта отырып тәрбиелеу.
 
ДӘРІС ЖОСПАРЫ
  1. Архиваторлар.
  2. Файлдарды архивтеу.
  3. Архивтік файл.
  4. ARJ архиваторы программасын пайдалану.
  5. Файлдарды архивке орналастыру.
6.      Ағымдағы каталогтардағы файлдарды сығу.
  1. Файлдарды архивтен шығарып алу, мазмұнын қарап шығу.
ДӘРІС МАЗМҰНЫ:
Архиваторлар – дискідегі орынды үнемдеу үшін файлдың көлемін кішірейтіп сақтауға мүмкіндік беретін программалар тобы. Олардың сақталу тәсілдері әр түрлі болғанымен, жалпы қызметін былай түсіндіруге болады: файлда қайталанатын фраменттер болады, оларды түгелдей дискіге  ұстаудың ешқандай қажеті жоқ. Сондықтан архив жасауға мүмкіндік беретін программалардың жалпы қызметі – файлда қайталанып тұратын фрагменттер орнына қысқаша басқа ақпаратты жазып, кейіннен оларды өз реттіліктерін сақтай отырып алғашқы  қалыпқа келтіретін мүмкіндік болуы тиіс.
  Архиваторлар файлкөлемін 10-70%-ке дейін кішірейтуге  мүмкіндік береді.
  Әдетте 20 МБ дискіні көшіру 60-қа дейін дискет қажет етеді, ал архиватор көмегімен бұл көлемді 2 есе қысқартуға болады. Сондықтан ақпараттарды қысылған көлемде сақтауға мүмкіндік беретін арнайы архиватор-программалар жасалады.
  Файлды архивтеуге арналған программалар дискідегі файлдар көшірмесін қысылған күйде архивтік бір файлға орналастыруға, кейіннен файлды архивтен шығарып алуға, архив мазмұнын көруге, т.б. істер атқаруға мүмкіндік береді.  Архивтік программалар бір-бірінен қысылған файлдың форматымен, жұмыс істеу жылдамдығымен, архивке орналастырылғандағы файлды қысу деңгейі сияқты әр түрлі мүмкіндіктерімен айрықшаланады. Архивтеу программалары тегін немесе делдалдық әдіспен таратылады. Олардың ішінде кең тараған архиваторлар тобына ARJ, WinZip, RAR тәрізді программалар жатады.
  Архивтік файл – қысылған күйде бір файлға енгізілген, қажет болғанда бастапқы күйінде шығарып алуға болатын бір немесе бірнеше файлдың жиынтығы. Оның мазмұны және әр файлдың  сақтаулы циклдік бақылау коды болады. Архив құрамындағы әрбір файл үшін оның мазмұны тәрізді мынадай ақпараттар сақталады:
  • файлдың аты;
  • файл орналасқан каталог туралы мағлұмат;
  • файл көлемінің дискідегі бастапқы және архивтегі қысылған түдегі мөлшері;
  • архив бүтіндігін тексеруге арналған әр файлдың циклдік бақылау шартбелгісі.
Информацияны қысу дегеніміз – файлдағы информацияның сақтау фадының көлемінің кішіреюіне әкелетін өзгерту процесі. Файлда инормацияны қысу процесі деректерді архивтеу деп те аталады.
Архивтен шығару дегеніміз – архивке орналасарға дейін олар қандай түрде болса, тура сол түрде архивтен файлдарды қалпына келтіру процесі.
  Файлдарды буып-түйетін және шешетін программаларды архиватор-программалар деп атайды. Кең тараған программалардың ішінен ARJ, RAR, PRZIP, PAK, LHA, ICE, WINZIP атауға болады.
Файлдарды архивтейтін көптеген арнайы программалар – архиваторлар (WinZip, WinRAR, PowerArchiver жѕне т.б.) бар.
Ең көп тараған архивтеу және оларды басқару құрылғыларының бірі – MS-DOS, Windows, Linux және т.б. жүйелерде жұмыс істей алатын, толық орысшаланған WinRAR архиваторы болып табылады.
WinRAR RAR және ZIP архивтерімен жұмыс істеуге, сонымен бірге мәліметтерді сығудың тиімді алгоритмдерін қолданып көптомды және өзі ашылатын архивтер және сол сияқтыларды құруға мүмкіндік береді.
Файлдарды архивтеу.WinRAR архиваторының көмегімен файлдардарды архивтеуді, және файлдарды архивтен қайтадан алуды ұйымдастыруға болады.
Соңғы уақытта қолданушыларда ARJ, WinZip архиваторлары кеңінен танылуда.
ARJ  архиваторы жұмыс істеудің жоғарғы жылдамдығын және информацияны қысудың жоғарғы дәрежесін қамтамасыз етеді.
WinZip архиваторы Windows-қа құрастырылған және ол да терезелік  интерфейсті қолданады.
Осы архиваторлардың барлығы архивтеудің негізгі міндеттерін орындайды:
  1. жаңа архивтерді құру;
  2. архивтерден файлдарды алу;
  3. бар архивке файлдарды қосу;
  4. өзі шешілетін архивтерді құру;
  5. көп томды архивтерді құру;
  6. архивтерді бүтіндігіне тестілеу;
  7. зақым келтірілген архивтерді толығымен немесе жартылай қалпына келтіру;
  8. бөгде адамдардың қарауынан және өзгертуінен архивтерді қорғау.
Архивтік файл
Архивтік файл – қысылған күйде бір файлға енгізілген, қажет болғанда бастапқы күйінде шығарып алуға болатын бір немесе бірнеше файлдың жиынтығы. Оның мазмұны әр файлдың сақтаулы циклдік бақылау коды болады. Архив құрамындағы әрбір файл үшін оның мазмұны тәрізді мынадай ақпараттарсақталады:
  1. Файлдың аты;
  2. Файл орналасқан каталог туралы мағлұмат;
  3. Файл көлемін дискідегі бастапқы және архивтегі қысылған түрдегі мөлшері (байтпен беріледі);
  4. Архив бүтіндігін тексеруге арналған әр файлдың циклдік бақылау шарттаңбасы.
ARJ  архиваторы программасын пайдалану.
ARJ программасының жұмыс режимдері: ARJ програмасының орындай алатын бірнеше функциялары бар. Қажетті функцияны таңдау программаны шақыру кезіндегі командалық жолда белгілі бір латын әріпін көрсету арқылы орындалады.
            ARJ программасы функциясын көрсету команда кодын және оның режимін енгізу жолымен жүзеге асырылады. Команда коды бір әріптен тұрады, ол бірден программа атынан кейін көрсетіледі, ол программа орындалуы тиіс жұмыс түрін анықтайды. Мысалы: А (add)- архивке файл енгізу, Т (test)- архивті мәтін арқылы тексеру, Е (extract)- файлды архивтен шығарып бастапқы қалыпқа келтіру, D (delete)- архивтегі файлды жою және т.с.с.
            Ал программадан қандай әрекет талап етілгенін анықтау үшін режим көрсетіледі, ал команда кодынан кейін командалық жолдың кез-келген жерінде тұра береді. Режим белгісі алдында “-”  немесе ”/” таңбалары болады.
Файлдарды архивке орналастыру.
Файлдарды архивке орналастыру үшін мынадай команда форматы пайдаланады:
ARJ<команда><режимдер><архив аты> [каталог/] [файл аттары] …
Команда параметрлері:
Команда —  ARJ командасы үшін орындалатын жұмыс түрін көрсететін бір әріптен тұратын команда аты, мысалы А – архивке файл қосу және т.с.с.
Режимдер – “-” немесе ”/” таңбаларынан басталатын режим атаулары, олар команда атқаратын жұмысты айқындайды не анықтайды.
Архив аты — өңделуге тиіс архивтік файлдың аты, бір сөзден тұрады. Егер мұндай атты архив болмаса, онда осы жұмыс барысында ол пайда болады. Бұл файлдың типі көрсетілмесе, ол ARJ болып саналады.
Каталог – архивке енгізілуге тиіс файлдар орналасқан каталог аты. Каталог атын нақты түрде көрсете отырын, басқа каталогтағы файлдарды осы архивке енгізуге болады. Егер каталог аты көрсетілмесе, онда ол ағымдағы каталог болып есептеледі.
Файл аттары – архивке енгізілетін файл аттары. Мұнда оларды топтайтын нұсқа таңбаларды (? және * ) қолдануға болады. Егер файл аттары көрсетілмесе, онда ағымдағы каталогтың барлық файлдары өңделеді.
Ағымдағы каталогтардағы файлдарды сығу
            Ағымдағы каталогтардағы файлдарды сығу үшін командалық жолда төмендегідей команда берілуі керек:
F: [Student/Basic] arj.exe A [архив аты]
Мұндағы: F: [Student/Basic] – ағымдағы каталог,  [архив аты] — өзіміз қалауымызша қойған ат, А – архивке қосу дегенді білдіретін параметр.
   Архивке бір-екі файлды қосуға да болады. Ол үшін командадан соң қосылатын файл атын жазу керек.
[a.k.] arj.exeA<архив аты><қосылатын файл аты>
 
ӘДЕБИЕТ:
НЕГІЗГІ, ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР
  1. Білімді ақпараттандыру және оқыту мәселелері/ Авт, ұж: Е.Ы.Бидайбеков, В.В.Гриншкун, Г.Б.Камалова, Д.Н.Исабаева. Б.Ғ.Бостанов/ Оқулық – Алматы, 2014. 352 бет.
  2. Информатика. /К.М. Беркімбаев/ Оқулық. Екінші басылым. –Алматы: «NURPRESS» баспасы, 2011. 422-бет.
  3. Информатика практикум. /В.П. Омельченко, А.А. Демидова/ -М.: ГЭОТАР-Медиа, 2015. 336 с.: ил.
  4. Жаңа информациялық технологиялар: информатикадан 30 сабақ. /Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б.Б., Дәулетқұлов А.Б./ Оқулық. Үшінші басылым. –Алматы: ЖТИ.2004. 400 б.: ил.