Ашық сабақ «Құрылыс сызбаларын орындау»

Хамидова Жамила Пахриддиновна
Сызу пәнінің оқытушысы
.
.
Сабақтың  мақсаты: Студенттерге құрылыс  сызбаларын  тарихымен  таныстыру,тұрғын  үй  ғимаратының  құрылымдық  элементтерімен  таныстырып,практикалық  білім  деңгейін қалыптастыру
  1. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, сабақта жоқ білім алушыларды журналға белгілеу.Топқа бөлу “Сәттілік тілеу” әдісі бойынша 1-топ 2- топқа,2-топ 1-топқа сәттілік  тілеб тілек  айтады.
  2. Үй тапсырмасын сұрау. «Кофе таяқшалары» тәсілі.Бұл тәсілде студенттердің  аті жөні  сол түрлі  түсті таяқшаларға жазылған болып кез келген таяқшаны аламыз,кімнің  есімі  шығады  сол  сабақ  айтады.
  3. Өзін өзі  бағалау бұл  тәсілде  студенттер сабақтағы  өз жетістік  жолын   таңдайды яғни «Білмеймін,білемін, түсінемін ,басқаларға  көмек  беремін»  төрт  нүктеден  тұрады.
 
Бағалау  парағы                            1-(  +,-  )                              2-(+,-)

Ф.И.О.

 

Білмеймін

   

Білемін

   

Түсінемін

   

Басқаларға көмек  беремін

   
  1. Жаңа сабақ тақырыбы: «Құрылыс сызбаларын  орындау»
Лекция. Тұрғын үйлер мен құрылыстарды салу үшін алдымен жұмыс сызбалары жасалады. Машина жасау ісіндегі сияқты. Құрылыста да үлгілік қосылыстар мен стандарт детальдар кеңінен қолданылады. Оларға жұмыс сызбалары, әдетте, жасалынбайды. Олармен арнаулы альбомдар мен каталогтардан танысуға болады. Құрылыс және машина жасау сызбаларын орындау мен эскиздеу ережелері негізінен бірдей. Алайда құрылыс сызбаларының бірқатар ерекшеліктері бар. Құрылыс сызбаларындағы кескіндер. Құрылыс сызбаларындағы негізгі кескіндер қасбет /фасад/,план, тілік деп аталады.  Қасбет (фасад) — үйдің сырт жағының кескіні. Үйдің қасбетінде терезелер мен есіктердің орналасуы, сондай-ақ, үйдің архитектуралық детальдары да көрсетіледі. Үйдің планы – деп терезе астынан сәл жоғары деңгейден үйді горизонталь жазықтықпен қиғандағы тілікті айтады. План әрбір қабат үшін орындалады. Пландарда бөлмелердің, сонымен бірге басқыш қапастарының өзара орналасуы, терезе мен есіктердің орындары, қабырғалары мен бөлме аралықтарының қалыңдығы, бағаналардың орындары мен өлшемдерді көрсетіледі. Пландарға санитарлық –техникалық жабдықтардың кескіні түсіріледі. Тілік үйдің конструкциясын және оның қабаттарының биіктігін анықтау үшін қажет  Тілік әдетте терезе мен есік ойындыларының осьтері бойымен өтетін ветикаль қиюшы жазықтықтар көмегімен шығарып алынады. Тіліктерге белгілер түсіреді.
Құрылыс сызбаларының ерекшеліктері жоспары: а/ құрылыс сызбаларын кескіндеу ә/ құрылыс сызбаларын оқу.Көне заманның өзінде қандайда бір ғимарат тұрғызу үшін сызбаны қолданған. Олар жетілмеген түрде орындалды және сызбадан гөрі суретті көп елестеткен.Индустрияның дамуына байланысты сызбалар көптеп пайда бола бастады. Біздің айналамыздағы аспан тіреген зәулім үйлерді шағын саяжай үйлерін, зауыттарды спорт кешендерін дүкендерді аялдамаларды барлығын құрылыс сызбаларынсыз тұрғызу мүмкін емес.Ең алдымен кез келген құырылыс жобалаудан басталады.Содан соң жұмыс сызбалары орындалады. Құрылыс сызбалары ережелер мен безендірулерге сәйкес орындалады. Құрылыс сызбаларының өзіндік ерекшеліктері бар.Құрылыс сызбаларын кескіндеу. Ғимараттағы сәулет- құрылыс сызбаларының негізі қасбет /фасад/ жоспары және оның жасалған тілік беті болып табылады.Олар ғимараттың сәулеті нысанды жобалау және оның өлшемдері , қолданылатын материалдары мен негізгі элементтері туралы толық мағлұмат береді.Қасбет дегеніміз-ғимараттың алдыңғы көрінісі/ негізгі көрінісі/Неггізгі қасбет бұл ғимараттың көше жағынан қарағандағы қасбеті. Артқы көрінісі- аула қасбеті.Қасбеттерді кішірейтілген масштабпен орындайды. 1:50, 1:100, 1:200, 1:400Ғимарат жоспары/үстінен қараған көрініс/-ғимараттың Құрылыс ісінде көптеген әр түрлі материалдар қолданылады. Олардың ішінде үй салуда көп тарағандары: ағаштан металдан жасалған бұйымдар, табиғи және жасанды тастар, арматурасыз және арматуралы бетондар, керамика, әйнек, топырақ және т.б. қималар мен тіліктерде түрлі графикалық белгілеулердің жәрдемімен құрылыста пайдаланылған материалдарды бір-бірінен ажырататындай етіп кескіндеу керек.
         Ертеректе үйлерді көбіне ағаштан салған. Ағаштан салынған үй қыста жылы, жазда салқын және оның ауасы таза болады. Бірақ ағаш үйлердің беріктігі,  жоғарғы температураға төзімділігі нашар болғандықтан, ағаш өндіріс құрылыстарына жарамсыз. Оның үстіне бірнеше қабатты биік тұрғын үйлерді де ағаштан салу мүмкін емес. Еліміздің құрылыс ағаштарын дайындайтын байлығы да азайды. Сондықтан қазіргі кезеңде ағашты түрлі жиһаздар жасауда, еденді паркеттеуде және ауылдық жерлердегі құрылыстарда, мал қораларын салуда арқалықтар ретінде ғана пайдаланады. Ағашты қимада және тілікте қолдан жүргізілетін сызықтармен оның көлденең қимасында көрінетін қабықтар сияқтандырып белгілейді.
Табиғи тастар құрылыстар фундаменттер мен қабырғаларды қалауда қолданылатын тиімді материалдар. Өңделген қымбат тастар (мрамор, Маңғыстаудың ракушнигі және с.с) сарайларды, театрларды, мәдениет үйлерін, музейлерді және басқа да архитектуралық маңызы зор құрылыстарды салуда кеңінен қолданылады және таптырмайтын материалдар. Аталған құрылыстардың  қасбеттерін, бағандарын, интерьерлерін әшекейлеуде оларды мрамормен қаптайды. Құрылыста жасанды тастар өте көп қолданылады. Топырақты күйдіру арқылы алынатын қызыл кірпіш, құмды сазға араластырып жасайтын қазақтардың құм кірпіші және құмға әк пен цемент қосып қыздырудың нәтижесінде алынатын силикат кірпіш үйлердің қабырғаларын тұрғызудағы негізгі материалдар болатынын білесіңдер. Түркістандағы Ахмет Иассауи сәулет ғимараты сазға жылқынығң жал-құйрығын күзеп  алынған қылшықтарды қосып, жылқы сүтіне иленген кірпіштерден салынған деген аңыз бар. Тіліктер мен қималарда табиғи тастар 450 бұрышпен көлбейтін үзілме сызықтармен, жасанды тастар жұпталған тұтас жіңішке сызықтармен штрихталады, ал қасбетте горизонталь орналасқан өзара параллель тұтас жіңішке сызықтармен кескінделеді. Көршілес орналасқан сызықтардың аралығына шек қойылмайды, оларды үлгі суреттердегідей етіп жүргізген дұрыс.
         Металдар мен олардың қорытпалары да – құрылыста кездесетін материалдар. Соңғы жылдары металл қорытпаларын құрылыста мүмкіндігінше аз пайдалана бастады. Үй шатырларын көмкеруде, сәнді архитектуралық әшекейлерде қаңылтырлар ең қолайлы материал болып есептеледі. Қималар мен тіліктерде металдан немесе металдар қорытпасынан жасалған бұйымдарды 450 бұрышпен көлбейтін жіңішке тұтас сызықтармен штрихтайды. Ал штрих сызықтарын олардың аралығы0…0,5 мм болатындай етіп орналастырады. Металдарды көріністе вертикаль орналасқан жіңішке сызықтар жүргізу арқылы белгілейді. Олардың төменгі жағында жарты дөңгелек болатын бос орын қалдырады. Көріністе кедір-бұдырланған болатты аралықтары 1…1,5 мм болатын 450 бұрышпен көлбейтін жіңішке сызықтарды екі бағытта да жүргізіп белгілейді. Сонда қабырғалары 10…15 мм болатын төркөз квадраттар шығады. Ал тілінген болаттарды көрсету үшін графикалық белгілеу қолданылады.  соңғы жылдары құрылыста қолданылатын негізгі материалдардың қатарына бетон қосылды. Бетон ағашты, табиғи және жасанды тастарды, металлды ығыстыра бастады. Оның құрамына цемент, құм, ұсақталған қиыршық тастар және су қосылады. Бетон кеуіп қатайғаннан соң берік және пайдалы құрылыс материалы болып табылады. Темірден істелінген арматуралары бар берік бетондарды темір бетон деп атайды. Бетондарды тіліктер мен қималарда үзілмелі нүктелі сызықпен штрихтайды.
  1. Сұрақ жауап.
  2. Сызбаны проекциялау әдістері дегеніміз не?
  3. Орталықтан (центрлік) проекциялау әдісі дегеніміз не?
  4. Орталық нүктесі дегеніміз не?\
  5. Кескінделуші жазықтық дегеніміз не?
  6. Кескінделуші сәулелер дегеніміз не?
  7. Параллель проекциялау әдісі дегеніміз не?
  8. Қиғаш бұрышты параллел проекциялау дегеніміз не?
  9. Тік бұрышты параллел проекциялау әдісі дегеніміз не?
  10. Сандық белгілері бар проекциялау әдісі дегеніміз не?
  11. Үш тік бұрышты проекция жазықтықтары жүйесі дегеніміз не?
  12. Ширек дегеніміз не?
  13. Ширектер нешеу болады?
  14. Горизонталь (көлденең) проекция жазықтығы дегеніміз не?
  15. Фронталь (қарсыалды) проекция жазықтығы дегеніміз не?
  16. Октант дегеніміз не?
  17. Октанттар нешеу болады?
  18. Профил (қаптал) проекция жазықтығы дегеніміз не?
  19. Эпюр дегеніміз не?
  20. Октанттарды қандай сандармен белгілейді?
  21. Шеңбер дегеніміз не?
  22. Ол машина жасау сызбаны негізі болып саналады. Сызба геометрияда кеңістікте ойлау елестету қабілетін дамытады.
  23. Сонымен егер кескінделуші сәулелер бір нүктеден немесе тараған болса, мұндай проекциялау әдісі делінеді.
  24. Координатасымен анықталады және оның ұзыны болмайды.
  25. Кескінделуші екі жағы тұйықталған яғни екі жағы нүктемен белгіленген сызық.
  26. Сәуле деп- түзудің бір нүктесінен бір жақта жатқан барлық нүктелерінен құралған бөлігі.
  27. Параллель проекциялау егер кескінделуші сәулелер (S ) өзара параллель болса, онда мұндай проекция әдісін параллель проекциялау әдісі дейді.
  28. Егер π0 жазықтығына тік бұрышпен кескінделсе онда параллель әдісі дейді.
  29. Ал сәулелер π0 жазықтығына тік бұрышпен кескінделсе онда параллель проекциялау әдісін тік бұрышты параллель проекциялау әдісі дейді.
  30. Тік бұрышты параллель проекциялау әдістеу дербес түрі.
  31. Өзара тікше перпендикуляр екі проекция жазықтықтың проекция жазықтығын перпендикуляр ететіндей орналасқан.
  32. Өзара тікше орналасқан проекция жазықтары біздің үшөлшемді кеңістігімізді төрт бөлікке бөлінеді. Бұл ьөліктерді ширектер деп атайды.
  33. Ширектер 4-ге бөлінеді.
  34. Горизонталь көлденең немесе нөлдік деңгейлік жазықтығында π0 орналасқан элементтің кеңістігін жанына оның осы жазықтықпен орналасқан.
  35. Проекция жазықтығына тікше орналасқан екінші проекция жазықтығын фронталь (қарсалды) проекция деп атайды.
  36. Бұл бөлінген бөліктердің октонттар деп атайық сандармен белгілейді.
  37. Октанттар 8-ге бөлінеді.
  38. Кеңістікке орналасқан нәрсенің жазық кескінін алу осы беттескен бір ғана жазыққа сызбасын саламыз. Бұл жазық кескіні эпюр делінеді.
  1. Ми жарты шарымен  жұмыс.Бұл әдісте  студенттер  түстердің  атауын  емес ,тустердің  оқылуын  айтады.
 
Жасыл  сары  қызыл    қызғылт  қызыл ақ  қара
  1. Есте сақтау қабілиеттерін  тексеру.  Сызбаға  10 секунд  қарап  тұрып есте  қалғанын салу.
  1. Шартты белгілерін қолданып ғимаратты жоспарын  салу.
  9.Өзін  өзі  бағалау, өз  ойын  айту. Студенттер алдындағы  бағалау  парақтарын  толтырып  мұғалімге  тапсырады
  1.  Үйге  тапсырма беру: Үйге  өтілген  тақырып  бойынша  әр  кім  өз     арманындағы үйдің  жоспарын  салып  келу                                      
  Қорытындылау «Сіз не үйрендіңіз?»