АШЫҚ САБАҚ ЖОСПАРЫ Мәсіге масих тарту үкімі

Беков Нурсултан Садуович

Оқытушы

.

.

Дәріс жоспары №37

Дәрістің тақырыбы:  Мәсіге масих тарту үкімі

Дәрістің мақсаты: Оқушылармен жұмыс жасай отырып, қазақи сөздерді қолдана отырып дұрыс сөйлей білу,ойын толық, ашық жеткізу.

 Білімділік:  Оқушылар ғылыми еңбектерді өз бетінше оқып, жазып, уағыз айту, өзін дұрыс ұстауды үйрену.

Тәрбиелік:  Оқушылар өз деңгейлерінен артығын кез-келген сәтте уағыз айтуды және амал ету.

Мақсаты: Алланы жалғыз екенін тануға баулу

Дамытушылық: Топпен жұмыс жасай отырып өз ой-пікірін ашық жеткізуі, сөздік қорын дамыту

Дәрістің түрі: Практикалық

Оқыту әдісі: Топтық әдіс, «Миға шабуыл» (әдіс),

мақсаты: Қандай да болмасын ақпарат (мәлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін жазбаша немесе ауызша ой салу.

 Тиімділігі: Оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерінің еркін айтылуы, ешқандай сынға ұшырамау керек, қағазға түсіріліп, талқылау жұмысы болады.

Қолданылуы: Жаңа сабақ бастар алдында осы әдіс бойынша сұрақ қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашуға болады.

«Шаттық шеңбері» (сергіту сәті),

мақсаты: Бұл әдіс оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.

Тиімділігі: Оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.

Қолданылуы: Сабақ басталар алдында қолданамыз. Оқушылар үлкен шеңберге тұрады, кезектесіп тілек айтады.

 

Әдістемелік қамтамасыз етілуі:

Көрнекіліктер: Тақта, оқулық, слайд, кестелер, таратпа қағаздар, қағаздар салатын қорапшалар.

ОТҚ: Ноутбук, интерактивті тақта

Пән аралық байланыс: Құран, хадис, жұма уағыздары т.б.

А) Негізігі әдебиет:

  1. Дін – насихат, ақпараттық-насихат тобына арналған әдістемелік құрал, ҚМДБ. – Астана, 2014.
  2. Имам Нәуәуи. Хадистер жинағы (риядус-салихин). – Алматы, 2013.

Б) Қосымша әдебиет:

  1. Дін мен дәстүр, І кітап, ҚМДБ. – Алматы, 2014.
  2. Саид Ахмад Һашими. Мұхтар әл-ахадис ан-нәбәуия уә әл-хикам әл-мухаммадия. – Бейрут, 2005.

 

Дәрістің құрылымы мен мазмұны

 

І. Ұйымдастыру кезеңі:                                                                                       5 минут.

Сабақ уақыты жалпы 80 минут.

  1. Оқушыларды түгелдеу, дәрісхана тазалығын тексеру, оқушылардың сабаққа дайындығын бақылай отырып, зейінін сабаққа аудару.
  2. Өткен білімдерге сүйене отырып, оқу әрекетін дамыту

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:                                                                             35 минут.

  1. Шәкірттерді топқа бөлу арқылы сұраймыз. Оқуышылар үш топқа бөлінеді:
  1. Алиф тобы
  2. Бә тобы
  3. Зал тобы

 

  1. «Қар кесегі» әдісі бойынша үй тапсырмасы сұрау.

Мақсаттылығы: Ұжымдасып өз ойларымен бөлісе алады. Нақтылыққа үйренеді.       Тиімділігі: Оқушылардың айтылым, жазылым, тындалым дағдылары қалыптасады. Ынтымақтастық қарым-қатынас түзеді.

Қолданылуы: Әрбір топ окушылары басқа топтарға бағыттап параққа сұрақ жазып бір-біріне ұсынады. Сұрақтармен кезек-кезек алмасады. Сұрақтың жауабы дайын болғандар айтып орындарына отырады.

 

ІІІ. Жаңа сабақ: Мәсіге масих тарту үкімі                                                    25минут.

 

            ӘСІНІҢ ҮСТІНЕН МӘСІХ ТАРТУ

Дәрет алғаннан кейін аяқтарына мәсі киген адам қайта дәрет алған кезде, мәсісін шешпей, үстінен мәсіх тартса жеткілікті. Бұл – дініміздің мұсылмандарға көрсеткен жеңілдігі. Жолаушы еместер бір тәулік (жиырма төрт сағат) ішінде, әр дәрет алған сайын мәсінің үсті-нен мәсіх тартады. Ал бір тәулік бітіп, дәрет алған кезде, аяқтарын жуу керек. Ал жолаушы адамдар үшін бұл мерзім үш күн, үш түн яғни, 72 сағатқа дейін жарамды болып саналады.

Мәсінің үстінен мәсіх былай тартылады:

Жоғарыда айтылып өткендей дәрет алынып, кезек аяқтарға келгенде, әуелі оң қолын сулап, үш саусақпен (саусақтар ашық түрде) оң аяғының ұшынан бастап, аяқтың мойнына қарай, мойнынан асыңқырап мәсінің үстінен бір рет сипайды. Содан кейін сол қолды сулап, сол аяқ осылай мәсіх етіледі. Мәсінің табанына мәсіх тартылмайды.

Мәсіге мәсіх тарту шарттары:

Мәсінің үстіне мәсіх тартылуының дұрыс болуы үшін мынадай шарттар болуы керек:

1) Мәсілер (аяқ жуылып дәрет алынғаннан кейін) киілуі керек.

2) Мәсілер аяқтың тобықтарын жауап тұруы керек. Тобықтан қысқа мәсілердің үстіне мәсіх тартуға болмайды.

3) Мәсілер он екі мың қадам және одан да көп жол жүруге жарамды болуы керек.

4) Әрбір мәсіде аяқтың кішкентай бармағымен үш бармақ үлкендігіндей жыртық немесе сөгілген жері болмауы керек.

5) Мәсілер аяқта баусыз тұра алатындай қалың болу керек.

6) Мәсілер сырттағы суды сіңіріп аяққа өткізбеуі керек.

7) Мәсі киетін адамның қызыл асықтан алдына қарай қолдың кішкентай саусағымен ең кемі үш елі үлкендігіндей аяғы болу керек.

Егер аяқтарының алдыңғы жағы кесілген және үш елідей орын болмаған жағдайда, мәсіх тартуға болмайды. Аяқтарын жуу керек. Бір аяғы сондай болып, екінші аяғы сау болса екеуін де жуу керек. Сау аяғына мәсіх тартуға болмайды.

Мәсіхті бұзатын жайттар:

1) Дәретті бұзатын барлық жайттар мәсіхті де бұзады. Қайтадан дәрет алған кезде мәсілер үстіне мәсіх тарту керек.

2) Мәсіні шешу немесе шешіліп қалған жағдайда, адамның дәреті болса, тек қана аяқтарын жуады. Мәсінің біреуі шешіліп қалса, екі аяғын да жуу керек. Мәсіні шешу немесе шешіліп қалған жағдайда, дәреті болмаса дәрет алып, аяқтарын толық жуады.

3) Мәсі кию мерзімі біткенде дәреті болса, онда тек мәсілерді шешіп аяқты жуу жеткілікті. Дәреті жоқ болса қайтадан толық дәрет алады.

 

ЖАРАҚАТ ОРАУЫНЫҢ ҮСТІНЕН МӘСІХ ТАРТУ

Дененің қандай да болмасын бір жерінде сыныққа немесе жараға байланысты орауыш болса, дәрет және ғұсыл алған кезде орауы шешіліп, асты жуылады. Егер орауышты шешіп, астын жуу, зиянды болса, орауышты шешпесе де болады. Мұндай жағдайда қолды сулап мәсіх тарту қажет.

Жараның үстінде дәрі болып, оның үстінде орауыш болмаса, оны жуу зиян болмаса, үстіне су төгіп жуады. Ал су зиянды болса жумайды, тек мәсіх тартады. Мәсіх тарту да зиянды болса, мәсіх тартпаса да болады.

 

ІV. Жаңа сабақты бекіту                                                                                     5 минут.

 

  1. Жаңа тақырыпқа сай жаттығуларды орындау. Оқушылар слайдта көрсетілген мәтіннен Құранда және хадисте келген деректерді көрсету.
  2. Өтілген жаңа сабақты жазбаша жаттығу орындау.
  3. Осы өтілген жаңа сабақты материалды бір-бір реттен қайталап шығу.

 

  1. Сабақты қорытындылау және оқушыларды бағалау                    5 минут.                                                                                                                                           

Бағалауда үй тапсырмасын сұрау барысында бөлінген үш топты бағалаймыз.

  1. Әлиф тобында
  2. Бә тобында
  3. Зәл тобында
  • қанша жасыл парақша жиналған болса, сол топтың бүгінгі үй тапсырмасын сұрау барысында және де қолданылған «Қар кесегі», «Ыстамбұл» ойыны, үй тапсырмасы бойынша өткенді қайталау сұрақ-жауаптары бойынша бағалау.
  • жаңа сабақты бекіту барысында жаңа тақырыпқа сай жаттығуларды орындауды бағалау.
  • өтілген жаңа сабаққа қатысты жазбаша жаттығу орындауды бағалау.

 

VІІ. Үйге тапсырма беру: Мәсіге масих тарту үкімі                                                5 минут