АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: ҰЛТТЫҚ ТЕҢГЕ МӘРТЕБЕСІ

Зейлбекова Жадыра Мухтаровна

18-11 тобының  жетекшісі

.

.

Мақсаты:

1.Студенттерге  Қазақстанның ұлттық валютасы-теңге жайында, оның шығу тарихы және негізгі қасиеттері жайлы мағлумат беру, ел экономикасында алатын орнын анықтау.

2.Өз елінің  мәдени-экономикалық құндылықтарын құрметтеуге үйрету, тәуелсіз еліміздің жан-жақты дамуына үлестерін қосу жолында әрекет етуге насихаттау, ұлтжандылық, азаматтық тәрбие беру.

3.Үнемділікке, барды қадірлеуге баулу, ақпараттық жүйелерді пайдалануды үйрету, тілді құрметтеуге баулу.

1жүргізуші:

Болашағым Қазақстанның алдағы,

Орындалсын Қазағымның арманы.

Асқақ болып еліміздің  жалауы,

Мәнгі жансын тәуелсіздік алауы.

2жүргізуші:

Әнұран бар ұрпаққа өсиет шашқандай,

Теңгеміз бар тайға таңба басқандай.

Көк байрағым көкте биік желбіреп,

Бірлікке бізді шақырып жатқандай!

Қайырлы күн , құрметті ұстаздар мен студенттер!

Біздің отанымыз-егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті. 130- дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде асқақтаған өлкеде, кендігі керемет дархан далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.Олай болса  Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай, оны ең қымбат бұйымыздай сақтап, құрметтеп келер ұрпақтар қолына аманат етіп тапсыруға тиіспіз.

 

1жүргізуші:

«Көңіл қойып  тыңда, тез ойлан, қалып қойма» — деп, жұмбақпен  бастамақшымын:

Әлемнің тынысы

Байлықтың белгісі

Ол не ? (ақша, теңге)

Олай болса Мың жаса, тәуелсіз Қазақ елі!- дей келе «Ұлттық –теңге мәртебесі»  атты  тәрбие сағатымызды бастаймыз.

2жүргізуші:Қазақстан –қарқындап дамып, біртіндеп байып келе жатқан тәуелсіз ел.Ал баю үшін ерінбей еңбектену қажет.

Біздің  ұлттық валютамыз 1 күнде пайда болған жоқ. Бүгінгі  сабағымызда сол басты  белгілердің бірі Қазақстанның ұлттық валюта теңге  туралы баяндама оқылады Баяндамашы Серікқызы Әсел.

1жүргізуші:

Ұлттық теңге –даму көзі елімнің

Қазыналы –халық асыл байлығы

2жүргізуші:

Құндылығымның сақтап мәнгі жерімнің,

Арта берсін, мәртебесі, бар жыры

1жүргізуші:

Кім тез ұғып алады екен «Сиқырлы сандықша» ойынын ойнап көрейік.

Бұл жерде әр бір студент  өзінің қоржынына дұрыс жауап үшін берілген ақшаны жинайды. Және де  ұстаздарымыздыда  бұл ойынға шақырамыз.

 

2жүргізуші: Ал ондай болса сұрақ бізден –жауап сізден.

  1. Ұлттық валюта қай жылы шығарылды? (1993 ж 15 қараша)
  2. Қазақ теңгесіалғаш шығарылған орны? Англияда «Харисон» және оның ұлдары атты банкноталық фабрикасында

 

 

1жүргізуші:

 

  1. Ұлттық банктің мұражайы қай жылы ашалды (1997ж 13 қарашада)
  2. Банкнота (ақша қағазы ) мен монета(тиын) ҚР қай қалаларында шығарылды? Банкнота(ақша қағазы) Алматы қаласында, монета(тиын теңге) Өскемен қаласында

2жүргізуші:

 

  1. Ұлы ғұламалар- теңгемізде.Төл теңгемізде ұлт қайраткерлерінің, батырлардың, хандардың суреттерін салынған.Еске түсірейік.

1 теңгеде –Әл Фараби

3 теңгеде –Сүйінбай

5теңгеде-Құрманғазы

10 теңгеде-Шоқан

20 теңгеде-Абай

50 теңгеде-Әбілхайыр хан

100- теңгеде-Абылай хан

  1. Аталған елдердің валюта атауларын жазыңыз(Слайд)
  2. Ресей- рубль
  3. Қытай
  4. Қырғыстан
  5. Үндістан
  6. Германия
  7. Египет
  8. Англия
  9. АҚШ
  10. Түркия
  11. Өзбекістан-сом

 

1жүргізуші: Артық болмас білгенің.

Біріншіден қағаз ақшалар мен металл тиындар өздерін қадірлеп, қастерлеп, аялдағанды жақсы көреді.Әдемі де сәнді әмиянда салынған ақша сол жерден шыққысы келмейді.

2жүргізуші: Қалтаңызда  ақшаны умаждап, жыртып, майыстырып ұстамаңыз.Онда қаржыдан тапшылық көресіз.Және де ақша өзін үнемдеп, ұқыпты түрде ұстағанды ұнататын көрінеді.

Олай болса біздің студенттердің көрінісін тамашалап көрейік.

Көрініс «Ақшаның буы»

1жүргізуші:

Міне,  бүгін теңге күнім- мерекем,

Қандай дұшпан «олай –бұлай» дер екен,

1жүргізуші:

Осы теңге арқасында  келешек,

Елге келер тойымшылық, берекем.

Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы демекші

Тақпақтарға кезек берейік.

2жүргізуші: Ерте заманда  ақша рөлін мал,аң терісі, Қытайда  болса –шай, тұз атқарған. Ал Қазақстанда тоқты немесе саулық қой атқарған.

Ал қазіргі кезде қандай деп ойлайсын?

1жүргізуші: Оны біздің студенттеріміздің  әзіл көрінісімен тамашалап көрейік. (Көрініс)

2жүргізуші:Терең оймен, шебер  тілмен айтылған халық шығармаларында бірде Қазыбек би  Төле биге кедейлік неден деп сұрақ беріпті.Сонда Төле би:

-Кедейлік үш ағайынды.Оның тұңғышы кежірлік, ортаншысы-еріншектік, кенжесі-ұйқы.Осы үшеуін бойына үйір қылмаған адам кедей болмайды, деп жауап берген екен.

1жүргізуші: Ия  орынды айтылған екен.

Абай атамыз айтқан  жақсы қасиеттерді бойымызға сіңіріп, жаман қасиеттерден аулақ жүрейік.

Әр отбасы ақшаның құнын бағалау керек. Оны орынды жұмсай білу керек.

Ал ендігі   кезек осы дана халқымның  айтып кеткен мақал-мәтелдерді тындап көрейік. (Мақал –мәтелдер)

2жүргізуші:Ақша және психология  дегенді қалай түсінесін?

1жүргізуші:Мысалы ақшаның  күші мен қасиеті бар екенін.

2жүргізуші:Ондай  болса оның 7 ережесі бар екен.

  1. Мал –баққанға, ақша –адалдан тапқанға бітеді.
  2. Ақша туралы арам ой да зиян.

1жүргізуші: ия

  1. Алаған қолым –береген.Үстемелеп берсеңіз,үстемелеп аласыз.
  2. Қайрымдылықпен айналыссаңыз, шығының қайтарымы мол болады.

2жүргізуші:

  1. Басы артық дүниеңізді басқаларға беріңіз.Алғысының күші ақша болып қайтады.
  2. Жанашырлық жасағанды Жаратқан ием жарылқайды.Біреуге міндетті түрде көмектесетін бол.
  3. Өмірдегі басты парыз-қайырым, садақа.Оны ұмытсаң,өзің де ұмытыласың.

 

1жүргізуші:

Студенттеріміздің қорытынды  сөз түйіндемесі.

 

2жүргізуші:Ашық тәрбие сағатымыздың қорытындылай келе ұлттық теңгемізді-ұлттық құндылық ретінде бағалап, егемендігіміздің айрықша белгісі ретінде- мақтаныш сезімімізді жүрегімізге  ұялата білуіміз-бәріміз үшін парыз деп санаймын.

2жүргізуші:Еліміздің  аспаны ашық, биік мұраттарға жетелер алдағы күндеріміз әрдайым қуаныш күлкіге толы болсын.Сіздермен бірге  Сәрсеналы Ержан

1жүргізуші:Және  Қамбар Балнұр.

Сөз кезегі: ТІЖ орынбасары, және ұстаздарға беріледі