Қашықтықтан оқыту жүйесі қазіргі заман талабы

Усербаева Бакытгул Зидбековна

Химия пәні оқытушысы

.

.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті колледжінде, қашықтықтан оқыту мақсатында, білім алушы мен педагог қызметкерінің жанама (алыстан) немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолданылып, осы аталмыш екі жарым айдың ішінде толығымен жүзеге асырылып келеді.

Біздің оқу орынымзда қашықтықтан білім беру технологиялары әр бір білім алушыға қашықтықтан оқу сабақтарын «оnline», «offline» режимінде өткізуге негізделген. «Оnline» режимінде оқу сабақтары нақты уақыт режимінде оқудың өзара іс-әрекет ету үдерісін қарастырады (бейнеконференция, Интернет желісімен хабар алмасу, телефон аппараты арқылы келіссөздер). «Оnline» режиміндегі оқу сабақтары оқытушы мен білім алушы арасындағы асинхронды тілдесудің (электрондық пошта, кейіннен  қорытынды бақылау тапсырумен оқытушының тапсырмасы бойынша білім алушының оқулықпен жұмысы) оқу іс-әрекеті процесін қарастырастырып келеміз.

Қазіргі уақыт талаптарына сай, білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау және аралық аттестаттау оқу жұмыс жоспарына, академиялық күнтізбеге және оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылып келеді.

Қашықтықтан оқытудың технологияларын пайдалана отырып оқыған топ білім алушылары келесі мүмкіндіктер мен артықшылықтарға ие болады. Ол үші бізде:

  • бірінші мектептен кейін немесе колледжде білім алу, қайта даярлаудан өту, біліктілікті арттыру;
  • жеке оқу жоспары, оқу траекториясын өз бетімен жоспарлау, оқу мерзімін қысқарту;
  • негізгі қызметтен қол үзбей оқу;
  • уақытты және қаржыны үнемдеу.

   Барлық тілек білдірушілерді қашықтықтан оқытудың технологияларын пайдалана отыры біздің оқу орынымызда білім алуға шақырамыз. Қашықтықтан оқыту бойынша біздің колледжге оқуға қабылдану және оқуға түсу ережелері туралы ақпаратты қабылдау комиссиясынан алуға болады.

Сонымен қатар бізідің М.Әуезов атындағы Отңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті колледжімізде, қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша, оқу үдерісінің оқытушы мен білім алушылар арасында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оқу үдерісін жүргізу мен ұйымдастырудың заманауи тәсілі болып отырғаны қазіргі уақытта бізге тиімді болып отыр.

Қашықтықтан оқытудың артықшылықтарын біз төмендегі бағыттардан байқаймыз:

  1. Оқытушының да, білім алушылардың да оқытудың уақыты мен орнын тиімділігін таңдай білуі:
  2. Білімнің тиянақты нақты мәліметтермен жауап беруі
  3. Оқытушы мен колледж білім алушылары арасындағы қарым-қатынастың тығыз байланыста болуы;
  4. Білім берудің тиімділіг мен өзара байланстардың орнауы
  5. Лекциялар мен тапсырмалардың дәл мерзімде орындалуы
  6. Отбасында ата-ана бақылауы (ата-аналардың білім беру үрдісін және топ тәлімгерермен қарым-қатынасын бақылау мүмкіндігі) және т.с.с.

Біздің колледжімізде қашықтықтан оқытудың мақсаты мен міндеттері төмендегі жолдармен анықталып келеді. Олар:

  1. Әлемдік білім беру тәжірибесіне сәйкес, COLLEGE SmartNation.kz  бағдарламасы негізінде білім алушылар білімінің тереңдетіп берілуі;
  2. Жаңа COLLEGE SmartNation.kz программаның көмегі арқылы қашықтықтан оқытуды біздің колледж білім алушыларының психологиялық жас ерекшелігін ескере отырып, теориялық, ғылыми-психологиялық арнайы әдістемелерді құрастырып, оларға электрондық жүйе арқылы ұсынып отырмыз.
  3. COLLEGE SmartNation.kz программасы арқылы, білім алушылардың ойын тереңдетіп, қызығушылығын арттыру

       Осы қашықтықтан оқытудың арқасында, алыс жақын орналасқан, шалғай жерлердегі білім алушылармызбен қарым-қатынас жасаудың мүмкіндіктері туды. Оған мысал ретінде, топ тәлімгерлері арасында, қйымдастырылп жатқан мерекелік іс-шаралар мен кәсіби бағдарлар мен талапкер 2020-2021 оқу жылына жаңа білім алушыларды колледжімізге оқуға шақыру жұмыстары жүзеге асырылып келеді. Қазігі уақыттың ішінде колледжімізде құрылған оқытушылар тобы өздерінің электронды пошталарын, чат, жеке ақпаратпен алмасу, кері байланыстар орнату арқасында, колледжіміздегі 21 мамандыққа оқуға шақырып отыр.

COLLEGE SmartNation.kz   жүйесі негізінде білім алушылар мен өзара тығыз байланыс орнатып келеміз. Оның ішінде:

  1. Әр бір топ білім алушыларының жеке пән оқытушымен бірлескен іс-әрекеті. Олар мынадай элементтер арқылы іске асырылады: вацап чаттары, жеке ақпараттық алмасу;

2.Элекцтронды почта файл, архив, веб-парақтар және бейнедәрістер арқылы электронды түрде өзара білім алмасу;

  1. Емтихан тесттер мен арнайы тапсырмалар арқылы оқыту және білім тексеру. Орындалған тапсырмаларды білім алушылар мәтін түрінде немесе файл түрінде жібере алуы;

4.Ендірілген электронды жүйеде ZOOM  арқылы арнайы курстық жобалар,  дипломдардың қорғалуы  және іс-тәжірбиелік зерттеу жұмыстарын жүргізу.

  1. Төтенше жағдайларды алын-алу мақсатында колледжімізде дала жиындарының «Оnline» түрде өткізілу және тағы с.с.

     Бұл бағдарламаны өз сабақтарымда әдіс-тәсілдерін қолдану барысында түсінгенім оқушылардың бірін — бірі тыңдап, құрметтеуіне үйретуі, бұрын үндемей отыратын балалардың сабақ барысында қызу араласуы сабақтың ерекше, олардың еркін сөйлеп, ойларын ашық жеткізуге мүмкіншілік туғызады. Бұндай әрекет сабақтың барлық үш кезеңінде байқалып отыратындығы сөзсіз. Осы «Сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасы арқылы оқытудың тиімді екенін атап айтуға болады.

     Білім беру процесі — ақпараттық қоғам жайындағы жас өспірімдерді жан-жақты даярлайтын процестер болуы қажет.Сондықтан білім беру жүйесінде компьютерлерді пайдаланудың маңызы зор.Өйткені компьютер адам қызметінің барлық саласында еңбек өнімділігін арттыру құралына айналды. Болашақ мамандардың ақпараттық мәдениеті негіздерін қалыптастыру колледж білім алушлыарының компьютерде жұмыс жасауды игерумен тығыз байланысты.