«Атажұрт» тарихи – танымдық ойыны

Шарипова Амина Бекбулатовна
Тарих пәнінің оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі
.
.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың өздерінің ата-жұрты, мекені, Отаны – Қазақстан туралы білімдерін толықтыру.
Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымын, тарихқа деген қызығушылығын және ойды жүйелеу қабілетін дамыту.
Тәрбиелеу: Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зерделі тұлға тәрбиелеу.
 
І. Ойынға қатысатын топтармен таныстыру.
1 топ «Атамекен» тобы              2 топ «Желдіқара тобы»
ІІ Ойын ережесімен таныстыру.
     Ойын 5 кезеңнен тұрады. І кезеңде топ капитандарына 5 сұрақтан қойылады, тез жауап беріп алтын қорға ұпай жинақталады. 1 сұраққа 2000 ұпай беріледі. Келесі бөлімдерде 1 рет көмек сұрауға болады, 1 рет нар тәуекел жасауға болады.  Нартәуекел деген қарсылас топ сұрақтың жауабын біліп, кезек сұраса, онда кезегін берген топ 500 ұпайдан айрылады. Ал олар жауап бермесе, ұпай кезегін берген топқа қосылады.
І кезең «Қанат қақты».
«Атамекен» тобының капитанына қойылатын сұрақтар.
  1. Қазақстан Республикасы туының авторы кім? / Ш. Ниязбеков /
  2. Қазақ хандығының негізін салған кімдер? / Керей мен Жәнібек /
  3. Қазақстан Республикасы оңтүстігінде қандай елдермен шектеседі? /Қырғызстан, Өзбекстан,Түрікменстан/
  4. 1836-1838 жылдардағы ұлт – азаттық көтеріліс Қазақстанның қай жерінде болды? /Бөкей Ордасы/
  5. Ұлттық валютамыз – теңге қашан айналымға енді? /1993ж. 15 қараша/
«Желдіқара» тобының капитанына қойылатын сұрақтар.
  1. ҚР рәміздері қай жылы қабылданды? /1992ж/
  2. Қазақстанның тұңғыш астанасы қай қала? /Орынбор/
  3. 1837-1847 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілістің басшысы кім? /Кенесары Қасымұлы/
  4. ҚР тәуелсіздігін алғаш таныған мемлекет /Түркия/
  5. Қазақ КСР-і қай жылы құрылды? /1936ж/
ІІ кезең «Самғау».
1 сұрақ:
     Бұл Орда 1801 жылы құрылған. Орда халқының барлығы дерлік Кіші жүз қазақтары болды. 1801 жылы император ІІ Павелдің рұқсатымен Орда жерінде қазақтардың көшіп қонуына рұқсат етілді. Бұл қай Орда жөнінде айтылған? /Бөкей Ордасы/
Қосымша көмек:
     Бұл территория  — Еділ өзені мен Жайық өзенінің аралығын алып жатқан.
2 сұрақ:
     1723 жылы қалмақтар қазақтарды жеңіп, «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаға» ұласқанымен, кейіннен қазақтар бірігіп, сол жерде қалмақтарды қиратады. Қалмақтар аңырап қашып жеңіліске жеткен жер, жота қалай аталады? /Аңырақай/.
     Қосымша көмек:
Бұл жота Алматы облысы мен Жамбыл облысының шекарасында жатыр.
ІІІ кезең «Шарықтау».
1 сұрақ:
     Республикамыздың «Солтүстік қақпасы» Петр мен Павелдің Жаңа Есілдегі орыс әскери бекіністерінің басты қамалы ретінде Есілдің биік оң жағасында 1752 жылы негізі қаланған. /Петропавл/.
Қосымша көмек:
1807 жылы қалаға қазіргі атауы берілген.
2 сұрақ:
         Қаланың негізін 1879 жылы Еділ бойы мен Орынбор губерниясынан қоныс аударып келген орыс және украин шаруалары қалаған. 1893 жылдан бастап Торғай облысының уездік орталығы болғана қала. /Қостанай/.
Қосымша көмек:
         Революциядан кейін қала облыстың ірі өнеркәсіп және мәдени орталығына айналды. Тың және тыңайған жерлерді игеру, Соколов – Сарыбай кен орнының темірі мен Жітіқараның асбестін өндіру негізінде жаңа өнеркәсіп торабының қалыптасуына байланысты 50-жылдардың ортасынан бастап қала ерекше тез өркендеді.
 
3 сұрақ:
         Қала Ертіс өзенінің оң жағасында, оның Оңтүстік Сібір теміржол магистралімен түйіскен жерінде орналасқан. Қаланың негізі орыс әскери бекіністерінің Коряков тірегі деген атпен 1720 жылы қаланған. /Павлодар/.
Қосымша көмек:
         1862 жылдан қазіргі атымен аталады.
4 сұрақ:
         Қала Есілдің оң жағасында, өте маңызды ескі темір жол магистралінің қиылысында орналасқан. 1824 жылы Есілде әскери бекініс ретінде пайда болған, ал 1868 жылы қала мәртебесін алған. /Астана/.
Қосымша көмек:
         1854 жылы тың игеруге байланысты Целиноград деп аталған.
 
5 сұрақ:
         Бұл қала Жайықтың оң жағасында, Шаған өзенінің құя берісіне орналасқан. Жайық қалашығы деген атпен 1613-1622 жылдары пайда болған. /Орал/.
Қосымша көмек:
         1775 жылы Е.Пугачевтің көтерілісін басқан соң ІІ Екатерина Жарлығымен «болған жағдайдың барлығын ұмыту үшін» қалаға қазіргі атауы берілген.
6 сұрақ:
         Қала Қазан революциясына дейін шаруашылықтың бір ғана саласы – балық аулаумен айналысатын шеткері уездік қала еді. Каспий теңізін мұз басқан кезде қала жылына 6 айдай сырт әлемнен мүлде оқшау қалатын. Революциядан кейін мұнай өнеркәсібін ұйымдастырушы орталыққа айналды. /Атырау/.
Қосымша көмек:
         1615 жылы Жайық өзенінің сағасындағы балықшылар қонысы ретінде негізі қаланған.
7 сұрақ:
         Қала Батыс Қазақстанның ірі индустриялы қаласы, Жайықтың сол жақ саласы – Елек өзенінің сол жағасында, биіктігі 250-400 м Орал маңы үстіртінің орталық бөлігінде орналасқан. /Ақтөбе/.
Қосымша көмек:
         Қаланың іргесі 1869 жылы қаланған. Ал ХХ ғасырдың басында қала арқылы Орынбор – Ташкент теміржолы өтіп,  қала экономикасының дамуына серпін берді.
8 сұрақ:
         Маңғыстау түбегіндегі кең жазықтың Каспий теңізіне тірелген қолтығына салынған. Әсемдігі жағынан бұл қала Кавказдың Қара теңіз жағалауындағы көптеген орындардан кем түспейді. /Ақтау/.
Қосымша көмек:
         Кеңестік дәуірде қала атауы украин халқының ұлы ақыны Шевченко атымен белгілі болған.
 
9 сұрақ:
         Бұл ХІХ ғасырдың басында қоқандықтар тұрғызған бұрынғы шағын Ақмешіт бекінісі. Оны орыстар жаулап алған соң 1853 жылы Перовск қалашығы деп аталды. 1925 жылдан қазіргі атымен аталды. /Қызылорда/.
Қосымша көмек:
         1925 жылдан Қазақ Автономиялық Республикасының астанасы Орынбордан осы қалаға көшірілуіне байланысты атауы өзгертілген.
10 сұрақ:
         Жазба деректерде бұл қала VІ ғасырдан бастап белгілі, 568 жылы түрік қағаны Дизабул Истемидің қол астындағы осы қалаға Византия императоры ІІІ Юстинианның Земарх Киликийский басшылық еткен елшілігі келген.  VІІ ғасырдың алғашқы онжылдықтарының өзінде- ақ қала Ұлы Жібек жолының торабындағы орталық ретінде маңызды рөл атқарды. Қала Түркеш, кейіннен Қарлұқ қағанатының орталығы болған. /Тараз/.
Қосымша көмек:
         Қазақстандағы ең ежелгі қалалардың бірі. 2002 жылы қала өзінің екі мыңжылдық тойын тойлады.
11 сұрақ:
         Қазіргі қаланың негізі қаланғанына 150 жылдай болды. Ол Іле әскери бекінісі ретінде 1854 жылы пайда болды, алайда қаланың тарихы ғасырлар тереңінен басталады. Бұл жерде орта ғасырдың бас кезінде Алимату деген елдімекен болған,  ол арқылы Византия мен Орта Азиядан Қытайға баратын керуен жолы өткен. ХІІІ ғасырда қаланы моңғолдар жермен – жексен еткен. /Алматы/.
Қосымша көмек:
         Қазан революциясынан кейін, 1921 жылы қалаға қазіргі атауы берілген. 
12 сұрақ:
         Бұл қала Шымкент қаласынан 225 шақырым жерде, Сырдария өзенінің оң жақ аңғарында орналасқан. VІІІ – Х ғасырларда бұл қаланың орнында Шабғар деген үлкен қала болған. ІХ – Х ғасырларда ол гүлденген қалалар қатарына қосылып, Яссы қаласы деген атауға ие болды. ХІ ғасырдан бастап қазіргі атымен аталады. /Түркістан/.
Қосымша көмек:
         Қала  ХVІІ ғасырдан бастап Қазақ хандығының билігіне берілді. Көп уақыт Қазақ хандығының орталығы болады.
ІV кезең «Жерұйық»
Бұл кезеңде жеңіске жеткен топқа сұрақ қойылады.
Бұл  қала жөнінде алғаш рет Х ғасырдың деректерінде кездеседі. ХІ ғасырда М.Қашғаридің айтуынша, ол оғыз қалалары қатарында болған. ХІІ ғасырда қыпшақтардың мемлекеттік бірлестігінің астанасы болады. ХІV ғасырдың ІІ  жартысында қала Ақ Орда астанасы болған. ХVІ – ХVІІІ ғасырларда қала қазақтардың қол астына қарады және Сырдарияның төменгі ағысындағы ең ірі қала саналған. /Сығанақ/.
Ойынды қорытыныдылап, жеңіске жеткен топты марапаттау.