2016-2017 оқу жылындағы жетістіктер

Сулейменова Анаркуль Серикбаевна
Музыка пәні мұғалімі
.
.
              Мен Сүлейменова Анаргүл Серікбайқызы музыка пәні мұғалімі және хор,вокал,домбыра үйірмелерінің жетекшісімін. Астана қаласы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейіне музыка пәні мұғалімі ретінде орналасып сол  мектептен қосымша хор,эстрадалық вокал және домбыра үйірмелерін ұйымдастырдым. Өнерге бейім балаларды 2 жыл дайындап олардың өнерге деген қызығушылықтарын арттырып,сахна мәдениетіне баулып,өз өнерлерін ашу барысында біраз жұмыс жасадым.
             Сіздермен 2 жылда жеткен жетістіктеріммен бөліскелі отырмын.
2016 жылы өткен «ШАТТЫҚ-2016» ашық шығармашылық байқауына хор ұжымын дайындап (ортаңғы топ) жүлделі III орынды иеленді.Осы байқауда эстрадалық ән айту ( жеке ән) номинациясы бойынша оқушым Әбдімомын Желдібаев жүлделі III орынды иеленді.
2016 жылы
             Биылғы «Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған балалар мен жасөспірімдер арасында «Шаттық-2017» ашық шығармашылық байқауында хор ұжымым қатысып КҮМІС МЕДАЛЬМЕН марапатталып жүлделі II орынды алды. Дәл осы байқауда «Вокал» жанры «Ансамбль» халық әні номинациясы бойынша қатысып  КҮМІС МЕДАЛЬМЕН марапатталыпжүлделі II орынды иеленді.
             «Әлқисса» домбырашылар ансамбілім Халықаралық балалар,жасөспірімдер мен үлкендерге арналған «МУЗЫКАЛЬНОЕ СОЗВЕЗДИЕ» өнер байқауында «Аспаптық орындаушылық.Домбыра» номинациясы бойынша өнер көрсетіп II дәрежелі лауреат атанды.
              Халықаралық балалар,жасөспірімдер мен үлкендерге арналған «САМҒА ӘУЕН» өнер байқауына шәкіртім Жұмат Сержан қатысып жүлделі II орынлы иеленді.
            Халықаралық балалар,жасөспірімдер мен үлкендерге арналған «ДАРИҒА ДОМБЫРА» өнер байқауында «Домбыра» ( жеке орындаушы)  номинациясы бойыншаоқушым ТУЛЕПБЕРГЕН АҚЕРКЕ қатысып жүлделі III орынды иеленді.
             Астана қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген «МЕНІҢ ТАЛАНТТЫ ӘКЕМ» II қалалық байқауында өнерлі шәкіртім Ибраев Амирхан өзінің талантты әкесімен қатысып II орын алды.
XI – Халықаралық «Ақ көгершін» балалар шығармашылығы фестиваль-байқауына қатысып «Әлқисса» домбырашылар ансамблі III орынды иеленді.
             Халықаралық «ЖасStar KZ» ән және би байқауына шәкіртім Тогжанова Малика қатысып жүлделі II-орынды ұтып алды.
          Астана қаласы қалалық РОО «Организация ветеранов» филиалының Ұлы Жеңіске 72 жыл толуына байланысты ұйымдастырылған әскери әндер байқауына  жоғарғы топ хор ұжымы қатысып жүлделі II орынды иеленді.
          Сахнаға төселген оқушыларымның өнерлерін бағалап Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Музейі Ұлыстың ұлы күніне орай «НАУРЫЗ – ЖАҢҒЫРУ НЫШАНЫ» атты іс-шаралар аясындағы «КӨКТЕМ ШАҚЫРАДЫ» балалар концертіне шақырды.Осы аталмыш концертте өнерлерімен көрермендерді тәнті еткен улкен вокалдық тобым,кіші вокалдық тобым, «Әлқисса» домбырашылар ансамбілім Ұлттық музей директорының қолынан жеке сыйлықтар мен Алғыс хаттар алды.
 Осы аталған әрбір байқаулардан балаларды дайындаған жетекші ретінде АЛҒЫС ХАТТАР мен ДИПЛОМДАРЫМ бар.