АУДИТ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ

Байшымыров Досжан Жанболатович

Арнайы экономикалық пәндер оқытушысы

.

.

Кейбір елдерде (мысалы, Францияда, Қазақстанда) аудит жүргізу тәртібіне мемлекеттік органдар араласып, ереже, аудит нормативін белгілеп, аудиторлар мен аудиторлық ұйымдарды тіркеуге алып және қызметін бақылап отырады. Ал басқа елдерде (Англия, АҚШІ) тексеру тәртібін кәсіптілік, коғамдық аудиторлық ұйымдар реттеп отырады.

Қазақстан Республикасында аудиторлық қызмет құқығының негізі туралы 1998 жылдың 10 қарашасында қабылданған Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген.

Мемлекеттік бақылау мен аудитор қызметін реттеуді біздің елде Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігі жүргізеді. Сол үшін Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігі құрамында бухгалтерлік есепке алу және аудит әдіснамасы жөніндегі басқарма құрылды.

Қазақстан Республикасының қаржы Мннистрлігінің қызметінің негізгі өкілеттік бағыты болып:

  • Қазақстан Республикасының заңдары негізінде аудиторлар қызметін реттеуші нормативтік актілер жобасын, аудит стандарттарын дайындау;
  • аудиторлық кызметті құкықты жүзеге асыратын бас лицензия беру;
  • аудиторлар мен аудиторлық ұйымның мемлекеттік тізімін жүргізу;
  • Республикалық аудиторлар Палатасымен біріге отырып, аудиторларды оқыту бойынша жетекші оқу-әдістеме тізбегін белгілеу.

Қазақстан Республикасының каржы Министрлігі мен Республикалық аудиторлар Палатасы аудиторлық қызметті құқықты жүзеге асыруды, аттестациялау тәртібін, біліктілік комиссиясын құру мен аудиторлыққа кандидаттарды аттестациялаудан өткізу тәртібін, аудиторлық қызметті құқықты жүзеге асыру үшін лицензия беруге алым жиналынып, Казақстан Республикасының Өкіметінде бекітіледі.

Аудиторлық қызметке лицензия беруді ұйымдастыру Қазакстан Республикасының қаржы Министрлігі мен Қазакстан Республикасының Ұлттық банкісіне жүктелгендіктен, аудиторлық қызметті лицензиялау үшін тиісті орталық органдары құрылды.

Барлық экономикасы нығайған елдерде, сонымен катар Қазакстан Республикасында тәуелсіз аудиторлар Палатасы жұмыс істейді, олардың негізгі міндеттері: аудиторлық қызмет бойынша стандарттар дайындау; аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың қызметін жүзеге асыруды сапалы түрде жүргізуін бакылау; аттестациядан өткізу, аудиторлық қызметпен айналысуға құжаттар беру. Сонымен катар аудиторлар Палатасын үйлестіру жұмысын да атқарады, әдептілік ережесін белгілейді, әдептілік ережесін бұзушыға шара колданады (әдеп кодексіне сәйкес).

 

Аудитор мен тапсырыс беруші арасындағы өзара құқықтық қатынас.

Кәсіптік аудитордың сапалы міндетінің бірі — қоғам алдындағы жауапкершілігін сезіну. Сондықтан, аудиторлар аудиторлық қызмет көрсетуде тапсырыс берушімен өзара катынаста келесідегі әдеп пен кәсіптік мөлшердің катаң сақталуы мен әзірлеуін қажет деп санайды.

Аудитордың тәуелсіздігі- тексерілуші мекеменің қаржы немесе мүлкіне  кызығушылығының  болмауы;  аудитор,  өз  меншігіндегі кәсіпорынды немесе кәсіпорын басшылығындағы адаммен туыстық қатынаста болса, онда ол кәсіпорынды тексере алмайды. Аудитор, өз есептемесінің тәуелсіз және әділ екеніне күмән келтіруге жол бермеуге тиіс.

Аудит кұпиялығын сақтау- аудиторлардың қаржы есептемесі немесе басқа аудиторлық қызмет көрсету барысында жинаған акпараты құпия болып есептеледі, оны тапсырыс берушінің келісімімен (жазба турде) иемесс сот шешімімен ғана пайдалануға немесе үшінші түлғаға беруге болады. Құпиялық ұстаным, сөзсіз сақталуға тиіс, тіпті егер жария болғанның өзінде тапсырыс берушіге материалдық немесе басқа да зиян келтірілмесе де.

Аудитордың кәсіпкерлігі— аудитор кәсіпкерлік мамандық нгеруге, оны керекті деңгейде ұстана отырып, нормативті құжаттар талабын сақтауга міндетті. Басқа аудиторлар мен  мамандарды  жұмысқа  тартуда  аудитор  олардың  касіпкерлік құзыреттілігіне сенімді болуы мен олардың жұмыс сапасын бақылауға тиіс.

Аудитор жауапкершілігі- аудитор қаржы есептемесіне және аудиторлық есепке жауапкершілікті бөлісуге  міндетті. Шын мәнінде аудитор тек қаржы есептемесін тексеруден кейін білдірген пікіріне жауапты.

Аудиторлар этикасы- аудитор кәсіпкерлік міндетін атқаруда мына ережелерді сақтауға тиіс:

1) Адамгершіліктің  жалпы мөлшері, өнегелілігі;

2) Аудиторлық стандарттар талабы;

3) Талапты заңмен бекіту;

4) Ішкі шаруашылықта аудиторлық стандарттар мен ережелердегі талаптар.

Аудитор кәсіби беделін түсіретін әрекет жасауына болмайды, мысалы; қызметінің сый ақысын төлемегені үшін тапсырыс берушіге күжаттарын қайтарудан бас тартуға; қаржы есебіне жалған немесе дәл емес жазбалар енгізуге; қызметінде мемлекетгік реттеу талаптарының орындалмауы; аудиторлық қалып пен стандартты сақтамауға және т.с.с.

 

Аудиторлық қызметте аттестациялау, лицензиялаудың тәртібі.

Оку-әдістемелік орталығы (Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік бухгалтерлер және аудиторлар құрылымы), аудиторлар мен аудиторларға кандидаттарды аттестациялау жөніндегі Біліктілік комиссиясының анықтауымен аудиторлық қызметпен айналысуға құқықты біліктілік емтиханын өткізеді. Аттестатциялаудан өтуге үміткерлер жоғары білімді, кызмет өтілі кем дегенде 5 жыл, соңғы 7 жылда аудитордың, бухгалтердің, экономистің, тексерушінің  жәрдемшісі болып, ғылыми қызметкер немесе жоғары оқу орындарында бухгалтерлік есепке алу мен аудит оқытушысы болуы керек. Біліктілік емтиханынан үздік өткеннен кейін, бірыңғай үлгіде дөңгелек мөр басылып, реттік саны көрсетілген білікті аудиторлық куәлік беріледі.

Жеке кәсіпкерлікте қызмет атқаратын аудиторлар аудиторлық қызметгі құқықты жүзеге асыратын мемлекеттік лицензия алғаннан кейін аудиторлық қызметпен айналыса алады.

Лицензия алу үшін, арызға коса төмендегідей косымша кұжаттары болуы керек:

  1. Жеке кәсіпкерлік негізде жұмыс істеп жүрген аудитор үшін – біліктілік куәлігінің көшірмесі, жеке кәсіпкерлікпен айналысып жүргендігі туралы мемлекеттік тіркеу куәлігінің көшірмесі, жүмыс өтілін растайтын құжаттар көшірмесі;
  2. Аудиторлық ұйымдар үшін — кұрылтайшылар құжаттарының көшірмесі, заңды тұлғалар ретінде мемлекеттік тіркеу куәлігінің көшірмесі, біліктілік куәлігі бар аудиторлық ұйымдардың басшысы мен біліктілік куәлігі бар деген аудиторлар туралы мәліметтер.

Банк аудитін жүзеге асыру лицензиясы бөлек беріледі, оны Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі береді.

Аудиторлық қызметті жүзеге асыру лицензиясын, оны берген органдардың қайтарып алуы мен тоқтатуы:

1.Аудитордың лицензия алғаннан кейін, оны алуы үшін аудиторлық ұйымның құрылтайшылары берген мәліметтердің жалғандығы анықталса;

  1. Аудиторлар (аудиторлық ұйымдар) аудиторлық қызмет көрсету барысында Қазақстан Республикасының заңдарында қаралғандардан басқа алған мәліметтерді, шаруашылық жүргізуші мекеме  басшысының рұқсатынсыз үшінші тұлғаға берілгені анықталса.
  2. Аудиторлар (аудиторлық ұйымдар),  оған  берілген  липензияда көрсетілмеген, аудиторлық қызметті жүзеге асырса;
  3. Аудиторлық тексеруді әлденеше рет біліксіз жүргізсе немесе аудиторлық есепті біліксіз жасаса, сонымен қатар Қазакстан Республикасының аудит стандарттарының негізгі талаптарын сақтамаса.