Автомобильдің шығу тарихы

Игисинов Данабек Нурланович
Өндірістік оқыту шебері
.
.
Автомобиль (гр. αὐτο — өздігінен және лат. mobilis — қозғалушы) немесе машина, өздігінен қозғалатын, жолаушыларды, сондай-ақ өз қозғалтқышын немесе моторын тасымалдауға арналған, моторлы және дөңгелекті көлік түрі.
XXI ғасырда автомобиль негізгі технологиялық құрал есебінде саналады. Жүздеген миллион тонна жүк, миллиондаған адам, т.б. жүктер автомобильдермен тасымалданады. Барлық алдыңғы қатардағы мемлекеттер өте тиімді саналатын автомобильдер шығарумен айналасады. Олар дарынды адамдардың бірнеше ұрпақтарының ғылыми ізденісі нәтижесінде шығарылуда.
Автомобильдердің республика үшін ерекше маңыздылығы Қазақстанның кең байтақ аумағы және халық тығыздығының сиректігі алдын ала анықтайды. Бұл жекелеген өңірлер үшін жүктерді және жолаушыларды жеткізудің бірден-бір құралы болып табылады.
       
Әлемдегі ең алғашқы автокөліктің тарихы Николас Джозеф Кагнот есімді механикпен тікелей байланысты. Николас Джозеф Франция мемлекетінің қорғаныс министрі Этьен-Француаның бұйрығымен артиллериялық жабдық тасымалдайтын көліктің жобалауын бастайды. Осы жобаға негізделе отырып, Кагнот пен екінші әскери механик Брезин бумен жүретін алғашқы көліктің бірінші үлгісін құрастырған. Алғашқы көліктің жылдамдығы өте баяу болатын, сағатына 4 шақырым. Бірақ осы көліктің артықшылығы – 5 тонна жүкті тасымалдай алатын еді. Бірақ осы көліктің бір осал жері тежегіш болған. Осының кесірінен көлік бірнеше рет жол апатына ұшырады. Нәтижесінде көліктің шығарылуы 1771 жылы аяқталған. Бірақ осыған қарамастан, Кагноттың көлігі тарихта ең алғашқы көлік ретінде танылады. Ал жанармаймен жүретін алғашқы көлік ретінде Бенцтың 3 дөңгелекті екі орынды үлгісі саналады. Тағы да бір деректерге сүйенсек, «жанармаймен жүретін алғашқы көлік» деген атаққа Зигфрид Маркустың 1875 жылы құрастырған үлгісі де үміттенеді. Бұл көліктің жылдамдығы Кагноттың құрастырған үлгісіне қарағанда әлдеқайда жоғары болған. Деректерге сүйенсек, сағатына 15 шақырымға дейін жетіпті.
Сағатына 100 шақырым жылдамдықпен жүретін көлік Парижде құрастырылған еді. Бельгиялық құрастырушы Камилл Женатци бұл көлікті 1899 жылы шығарған. La Jamais-Contente атты көлік екі электр қозғалтқыш арқылы жүрген.
         Алғашқы автокөлікті жүргізудің өзі бастапқы кезде ерлікке бағаланды. Өйткені, бұл – адамзат қолжеткізген жаңа өркениет жемісі еді. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басы дүниенің көптеген мемлекеттерінде автомобильдердің кәсіптік өндірісі ашылды.Осы кезеңде шығарылған көліктердің құрылысында ортақ техникалық шешімдер болған. Алдыңғы дөңгелектері басқарушы, артқы дөңгелектері жетекші 4 дөңгелекті көліктер пайда болды. Бұл кәдімгі біз көріп жүрген автокөліктерге ұқсас.
Әлемдегі ең кішкентай алғашқы көлікті 1965 жылы Британияның Peel Engineering компаниясы жасап шығарды. Оның маркасы  Peel Р.50 деп аталды. Ұзындығы 134,  ені 99 сантиметр,  биіктігі  117 сантиметр ғана болса, ал  салмағы 59 кг. 
                           
Оған қоса автокөлік 68 км/сағ жылдамдықпен жүре алады.  Қазіргі таңда  Рeel Engineering компаниясы осындай авкөліктің жаңа үлгісін шығармақшы. Оның құны 15000£. Әлемдегі экологиялық проблеманы шешуге осындай көліктің көмегі зор болушы еді. Жағар-жанармайды да  көп талап етпейді.Өндірушілердің айтуынша, 100 км жолға бар жоғы 3 литр жағар-жанармай керек. Қазіргі жағар жанармай тапшылығын ескерсек, бұндай көлік өте тиімді болар еді.  
Ұшатын көлік жайлы ертегі қиял шындыққа айналды.
Америкалық зерттеуші жақында үш дөңгелекті ұша алатын көлік жасаған. Бұл көлікті жерде де, аспанда да айдауға болады екен. Бұлай болғанда күнделікті көлік кептелісінен өту қиынға соқпайды. Бұл түрдегі үш дөңгелекті көліктің ұшу жылдамдығы 56km/h. Ал жер бетіндегі жылдамдығы 104km/h. Багты толтырып 5 сағат үздіксіз ұшуға дейін болады екен. Ең бастысы бұл көлікті жүргізушілерге шоферлік куәліктен тыс ұшқыштық куәлігі де керек дейді. Демек, ұшақ айдау куәлігін де алуыңыз міндетті.
Кезекті бұл зерттеу Америка патент құқығын иемденіп, көлікті жасауға тапсырыс қабылдай бастаған. Бұдан бөлек, ҚШ-тың Техас штатының шекара қорғаныс әскери бөлімі бұл көлікке көп мөлшерде тапсырыс беріп отыр. 
Hennessey — әлемдегі ең жылдам көлік атанды
Әлемдегі ең жылдам көлік болып американдық суперкар Hennessey танылды. Ол Lotus Elise платформасы негізінде жасалған. Автокөлік қозғалтқышы жеті литрлі цилиндрмен және екі турбинамен жабдықталған. Көліктің жалпы қуаты 1244 ат күшіне тең. АҚШ-тың Калифорния штатында орналасқан әскери әуе күштері базасында өткен сынақ кезінде Hennessey сағатына 427,6 шақырым максималды жылдамдықты көрсетті. 
                           
Hennessey — әлемдегі ең жылдам көлік атағына ие болды. Оның қазіргі бағасы 1,2 миллион доллар болады. Бірақ, қазірдің өзінде дәл осындай көліктің тек 29 данасы ғана шығарылатыны белгілі болып отыр.   
Ағаштан жасалған ең әдемі 5 көлік
Ағаштан қозғалтқыш жасау былай тұрсын, толықтай ағаштан жасалған көліктер де бар екен.
  1. Tryane II

Автокөлікті британдық энтузиаст Френд Вуд жасап шыққан. Өткен ғасырдың 80 жылдары Вуд қарапайым ұста болып еңбек етіпті және бос уақытында ағаш көліктерді жобалаумен айналысқан. Ол мұндай көліктің екеуін құрастырып шығыпты. Біріншісі Tryane I деген атқа ие болған. Ол Citroen 2CV көлігіне негізделе жасалған. Ал Tryane II деп аталатын екінші көлік өзінің егізінен көлік ішін өңдеуге кеткен ағаш мөлшерімен ғана ерекшеленеді. Ал қалғандарына ағаш көлік құрастыру принциптерін меңгеруге кеткен уақытты есептемегенде, 2000 жұмыс сағаты жұмсалған. Автокөліктің максималды жылдамдығы – 160км/сағ.
  1. Wooden Citroen