Қазақшаңыз қалай?

Мукаева Индира Турановна
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы
.
.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жас ұрпаққа ана тіліміздің қадір – қасиетін дарыту, туған тіліміздің тұғыры мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың айтқандарын оқып үйрену, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, оқушылардың тез ойланып, жауаптарын тиянақты, жүйелі айтуға, топ алдында еркін сөйлеуге сөйлеуге, топпен жұмыс істеуге баулу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, мәнерлеп оқу, талдау, жарыс.
Сабақтың көрнекілігі: тіл туралы жазылған қанатты сөздер, жалаушалар, үш топқа арналған сөзжұмбақтар, кеспе қағаздар, қоржын, шар.
Сабақтың барысы:                                        
1-ші жүргізуші
О, туған тіл, табындырған талайды,
Ел ертеңі саған ғана қарайды
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда,
Ана тілім әрқашанда арайлы
2-ші жүргізуші
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып – ақ алыңдар.
1-ші жүргізуші
Құрметті ұстаздар және оқушылар!
Бабаларымыздың тілі деп,
Даламыздың үні деп.
Туған елдің тілі деп,
Туған жердің үні деп
Қазақ тілін,
Қазақ тілін сүйеміз,-деп жырлағандай бүгінгі «Қазақшаңыз қалай?» атты сайысымызды тамашалауға қош келдіңіздер!
2-ші жүргізуші
-Ал, енді сіздерді бүгінгі сайысымыздың бағдарламасымен таныстырып өтейік.Сайысымыз мынадай бөлімдерден тұрады.
  1. Өз топтарын таныстыру
  2. Үй тапсырмасы ( сөзжұмбақ шешу )
  3. Мақал – сөздің мәйегі
  4. Тапқыр болсаң, тауып көр. ( септіктер ойыны ), ( мимикрия )
  5. «Өлеңге әркімнің – ақ бар таласы» ( мәнерлеп оқу )
  6. « Жүйрік болсаң, озып көр » ( сұрақ – жауап )
  7. «Біліміңді шыңдай түс» (таңдап алған тақырыбы бойынша екеуара сөйлесу ).
  8. Капитандар сайысы ( жетілік ұғым ), ( метограмма )
  9. Көрермендермен жұмыс
Екінші бөлім бойынша
Метаграммаларды шешу
Егер «С»- дан бастасаң,
Сұйықпын да тазамын
Басамын жер тозаңын.
«С» орнына «Б» қойсаң,
Бозғылт боп тозамын.              Жауабы: (су, бу)
Егер А-дан бастасаң,
Балық ұстай аламын.
Егер «Т»- ны алдына жазсаң
Жер биігі боламын.                   Жауабы: (Ау, тау)
«К»-ден бастап оқысаң
Құс атауы қарашы!
«Е»-ден бастап оқысаң,
Жалқау бала бағасы.               Жауабы: (үкі, екі)
«Т» болса егер басқы әрпім,
Аты аңыз қу аңмын,
«К» болса ең басқы әрпім,
Езу тартып қуандық.         Жауабы: (түлкі, күлкі)
Егер «А»-дан бастасаң, үлкен ақын атамыз.
«А»- ны алып тастасаң, мол дәулетке батамыз.
«Б»- ны алып тастасаң, түнде жарық шашамыз. Жауабы: ( Абай,бай, ай)
 
2-ші жүргізуші
Ал, енді, капитандар жауаптарын тыңдайық.
Осымен сайысымыздың соңғы бөлімі аяқталады, әділқазылар өз шешімдерін шығарғанша, біз көрермендеріміздің қазақшасы қалай екенін тексерейік. Ойынның шарты: біз тұрақты сөз тіркестерін оқимыз, сіздер сол тіркестердің қандай мағынада тұрғанын айтасыздар.
  1. «Төбесі көкке жетті» « (қуанды )
2 .«Көзді ашып – жұмғанша» (тез )
  1. «Қоян жүрек» ( қорқақ )
  2. «Алпыс екі айлалы» ( қу )
  3. «Бетінен оты шығу» ( қызарды )
  4. «Сөз байлады» ( уәделесті )
  5. «Қаны қараю» ( ашуланды )
  6. «Төбе шашы тік тұрды» ( қорықты )
1-ші жүргізуші
Келесі сөз кезегін ойынды бақылап, әр топтың жауабын саралап, бағаларын есептеп, жеңімпаз топты анықтаған әділқазылар алқасына береміз.
2-ші жүргізуші
Осымен «Қазақшаңыз қалай?» атты сайысымыз аяқталды. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар озады демекші оза шапқан тобымыз анықталды.
1-ші жүргізуші
Жатпалық жастар, жатпалық,
Жасқанба жолың ашылсын.
Бақшасында халқыңның
Бұлбұл боп тілің сайрасын – деп, жас ұрпақты жаңа өмірге талпындырып, қазақ тілін үйретіп, еркін сөйлеуге шақырамыз.
2-ші жүргізуші
Аман – сау болыңыздар.