Қазақстан- достық пен бейбітшіліктің аралы

Сағынбекова Кульзейнеп Кожатаевна
.
.
1-жүргізуші: Қайырлы күн құрметті қонақтар, кітап сүйер қауым!
2-жүргізуші: Армысыздар, қара қылды қақ жарған, Еліміздің патриот ұландары, көркемсөз көрікті ойдың шеберлері!
1-жүргізуші: Қыркүйек айында тойланатын Қазақстан халықтарының тілдері мен Халықаралық бейбітшілік күніне арналған «Қазақстан — достық пен бейбітшіліктің аралы» атты дөңгелек үстелімізге қош келіпсіздер!
Бүгінде Тәуелсіз еліміз 140 этнос пен 17 конфессия өкілінің ортақ шаңырағына, Қазақстан халқы Ассамблеясы Еуразия көлеміндегі мәдениеттер үйлесімділігінің үлгісіне, татулық пен келісімнің киелі бесігіне, халықаралық беделді ұйымдарға жетекшілік ететін  бейбітшілік жерұйығына айналды.
Бейбітшілік, бірлік, береке – біздің баға жетпес байлығымыз, құн жетпес қазынамыз.
2-жүргізуші: Бүгінгі дөңгелек үстеліміздің  мақсаты — еліміздің өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосып келе жатқан ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты, еліміздегі бейбітшілікті дәріптеу, Қазақстан халқы Ассамблеясының еліміздің саяси тұрақтылығын қамтамасыз етудегі алатын орнын атап көрсету, жастарды Отанды сүюге, туған тілімізді құрметтеуге, достыққа, ұлтжандылыққа, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу.
1-жүргізуші: 1981 жылы БҰҰ-ның Жарғысына сәйкес 21 қыркүйек күнін әлем халықтары Халықаралық Бейбітшілік күні ретінде атап өтеді. Кез келген заманда өмір сүрген және өмір сүріп жатқан қоғам үшін «бейбітшілік» сөзінің құны жоғары.
Бейбітшілік күні– әрбір қазақстандықтар үшін де ерекше қастерлі күні. Бұл күн – әрбір азаматтың Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихы мен оның сабақтарын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық тұрақтылық пен бейбітшілікті, татулық пен келісімді паш етеді. Бейбітшілік, достық, Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз! Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбір Қазақстан азаматының міндеті.
2-жүргізуші: Олай болса сіздерді Қазақстан халқының тілдері күні және Халықаралық бейбітшілік күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Баршаларыңызға, әр қазақстандықтарға ашық аспан, бейбітшілік , бақыт-береке тілейміз. Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз – молшылыққа, ал әрбір шаңырақ бақыт пен шаттыққа кенелсін! Біз ортақ еңбегімізбен, бірлескен ізденісімізбен, топтасқан болмысымызбен ортақ үйіміз – Қазақстанның гүлдену жолында өз үлесімізді қоса берейік!
1-жүргізуші: Олай болса, бүгінгі дөңгелек үстелге арнайы шақырылған қонақтарымен таныс болыңыздар:
  1. Асылы Осман ғалым, қоғам қайраткері, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» ордені және «Тіл жанашыры» құрмет белгісінің иегері.
 
  1. Мұратхан Шоқанақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Әдебиет әлемі» орталығының жетекшісі
 
  1. Ахметов Серік Шафигулинович- Алмалы ауданы Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары
  1. Сейіт Бабалиев- «Ватандаш» қырым татарлары этно мәдени бірлестігінің басшысы, Алматы қаласының этномәдени бірлестіктер өкілі
  1. Руфина Сулеева-Тұран Әзірбайжандар Конгресі Республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі, Алматы қаласының этномәдени бірлестіктер өкілі
1-жүргізуші: Құрметті қонақтар, қымбатты оқырмандар! Дөңгелек үстелге алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін сіздерге үлкен алғысымызды білдіреміз! Осымен «Қазақстан – достық пен бейбітшілік аралы»  атты дөңгелек үстелімізді жабық деп жариялаймыз. 
Отанымыз тыныштықта, тәуелсіз еліміз мәңгілік бейбітшілік пен достықтың киелі жерұйығына айналсын! Еліміздің көк байрағы желбіреп, әлемге бейбітшілік аралы ретінде таныла берсін!
Келесі кездескенше күніміз нұрлы болсын!