Қазақстанның педегогикалық әлемі

Алданыш Кенже
Преподаватель
.
.
      Өркениетті елдің өскелең ұрпағын тәрбиелейтін қазақстан педагоктерінің арқасына артар жүгі мен атқарар мінедеті өте жоғары. Олай болса, педагок тұлғасы жоғары дәрежеде рухани сауатты, ғылыми білімі терең,  дамып келе жатқан елдің дарынды жастарына үлгі болатындай, қызықтыра алатындай, тамсандыра білетіндей деңгейге жету үшін не істеуіміз керек?
   Заманауи  қарқынды даму кезеңінде адамзаттың назарын аударып өзіне бағынышты етіп алған техниканикадан бас тарта алмайтын, онсыз бір күнін де елестете алмайтын алдыңа келген  жас тұлғаны, еліміздің болашақ  үлкен бір маман иесін  өз бағытыңа  қалай бұра аласың мәселе міне,  осыған келіп тірелетіндей.
     Осыдан біраз жылдар бұрын көп жыл қызмет атқарған өз маманын жетік меңгерген  ғылымилығын қанық  бойына сіңірген педагокті мойындамасқа шара жоқ сияқты  еді. Ал қазір ше, бұл қағидаға жас ұрпақ қанағат етпейді, себебі даму қарқыны жоғары, даму мүмкіндігіне қосымша бір тынысы ашылған,  жеке тұлға  болып қалыптауға әсер ететін факторлар көп. Педагокті  жасына, іс-тәжірибесіне  қарап бағалау  мүмкін емес, өйткені  жастардың сұранысы да осыны қалап тұрғандай.  Сонда бұл жастарға кім керек?    Педагок қанша жыл қызмет атқарса да, мейлі ол жас болса да жалынды жастарды сұранысына жауап бере алатын  жаңа заман ұстазына сай болу керек.  Заман талабына сай педагок ештемені үйретіп беруге міндетті емес,  Абайша айтсақ,  көрсем, білсем деп  әр нәрсеге құлшынып тұрған тұлғаны  дұрыс бағытқа сала алатындай түрткі қызметін ғана атқару керек деп ойлаймын. Ол не сонда?   Қолына алтын қазынасындай сақтап, ерекше бір құрметпен қарап, сырласы ретінде ұстап отырған техникалардың бірнеше түрін тиімді қолдануға бағыттай алатын цифрлық сауаттылығы жоғары, шығармашыл, жоғары деңгейде қиялдай алуға жол сілтейтін, ғылымилығын бірнеше тілде  (салада) салыстырып, саралап зерттей білетін тұлға қалыптастыратын  болу керек.  Өркениеті жоғары елдердің білімі  мен ғылымына  араласа алуға өзін еркін сезіне алатын жан-жақты сауатты педагоктің  алақанынан самғап ұшқан жас қанат шәкірті елімізді көркейтуге қосар үлесі мол, мықты мана болатынына  сенім арата  аламыз.