Қазақ тілі сабақтарында ұлттық ойындарды тиімді пайдалану

Бегалинова-Исабаева Ажар Кадровна
Учитель казахского языка и литературы
.
.
Халықтың ұлттық ойындары – көп салалы, көп қырлы құбылыс. Ұлттың мұраның бай қазынасының бірі. Олар көңіл көтерудің, ойын- сауықтың , дене тәрбиесінің дамуына ғасырлар бойы игілікті әсер етіп келеді. Тек ойындық сала ғана емес, тәрбиелік мәні жағынан да сәл осындай сипатқа ие. Ұлы педагог В. А. Сухомлинский «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, творчествосыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды » дейді. Демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық сананы  сіңіру арқылы байи түседі.
    Өз тәжірибемімде осындай мақсаттарды алға қоя отырып, қазақ тілін оқытудың әр түрлі  жолдарын, амал- тәсілдерін  пайдаланамын.
Осыған орай , мен орыс сыныптарында  ұлттық ойындар арқылы қазақ тілі сабағын мазмұнды өткізудің жағдайларын қарастырғалы отырмыз.
         Бабаларымыздың мирасы болған ұлттық ойындарды қолдану арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыра  отырып, олардың тілдерінің тез дамуына көп әсерін тигізеді.
    Оқу үрдісіне ұлттық ойын элементтерін пайдалану сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай алынады. Сонда ғана оның танымдық, тәрбиелік маңызы арта түседі.
   Мұның өзі оқушының басқа тілді үйрене алмаймын деген сенімсіздігін сейілтіп, тілді үйренуге деген ынтасын  арттыра түседі. Оқушыларды қазақтың ұлттық ойындары «Сиқырлы қоржын», « Бәйге», «Көкпар», «Асық», «Сырмақ»,»Айгөлек»,»Тоғызқұмалақ» секілді ұлттық ойындарына қатыстыру өте тиімді екеніне қол жеткізу қиын емес. Бұл ойындарды жаңа материалды  түсіндіру кезінде де, қайталау сабағында да қолдануға болады.Мұғалім ойын түрін қалай, қандай жағдайда қолдану керектігін , яғни, жаңа материалды бекіту немесе қайталау кезеңінде ме, оны дұрыс жоспарлау керек.
   Қазақ тілін оқытуда ұлттық ойын түрлерін мынадай мақсаттарда қолданудың тиімділігі мол.
  1. Алфавитті ұлттық ойындар арқылы дұрыс меңгерту.
  2. Орфографияны ұлттық ойындар арқылы дұрыс оқыту.
  3. Дұрыс оқыту дағдысын ұлттық ойындар арқылы қалыптастыру.
  4. Лексиканы ұлттық ойындар арқылы меңгерту.
  5. Грамматикалық құрылымды ұлттық ойындар арқылы меңгерту.
  6. Оқушылардың ойын дамыту, яғни, дұрыс жазу, дұрыс айту, дұрыс оқи білу дағдыларын ұлттық ойындар арқылы қалыптастыру.
Оқушы ойын үстінде не соңында өзінің қатысу белсенділігіне қарай түрлі баға алуы мүмкін. Мұғалім әр оқушының еңбегін бағалап, ынталандырып отыруы тиіс.
Мәселен, жемістердің атын қайталау сабағында ұлттық ойындарды қолдансақ, оқушының сөз байлығы, сөз сөйлеу мәнері мазмұнды шығады. Қазақ тілі сабағында лексикамен жұмыс істеуді ұйымдастырғанда оқушы үшін түсініксіз бірде-бір сөз қалмауы қажет.
Лексикамен жұмыс істеу , біріншіден,оқушыға тағылым-тәрбиелік жағынан әсер етеді, екіншіден, оқушыны жаңа сөздермен танысады. Кейбір сөздердің мағынасынан анықтай түседі. Сондай-ақ, қазақ тілінің грамматикасын, орфографиясын,пунктуациясын тереңірек  меңгеруге баулиды.Сондықтан да тілдің лексикасын меңгеруде ұлттық ойындардың ықпалы зор.
Мәселен, сабақта грамматика материалдарын, сөзден сұхбат, әңгіме, мәтін құрастыру, оны есте сақтап қалу мәселелері жоспарланған делік.Яғни, лексиканы қайталау кезінде
«Сиқырлы қоржын» және «Бәйге» ойындарын пайдалануға болады. Ол мына төмендегіше құралады. Бастапқыда «Сиқырлы қоржын»,»Бәйге» ойындарының мазмұнымен таныстырып, ойын мақсатын, лексика дағдысын қалыптастыру көзделеді. Ең бастысы ойынға қажетті делінген қоржын, әр түрлі жеміс суреттері қолданылады. Ал ойын барысында сыныпта отырған оқушылар екі топқа :»Махамбет батыр» және «Исатай батыр» ауылына бөлініп, батырлар туралы мағлұмат беріледі. Лексиканы қайталау бөлімінде де ойын жалғастырылады. Қоржын қазақ халқының ұлттық бұйымы екені белгілі. Ойынның шартына сәйкес әр ауылдың оқушысы кезекпен қоржын ішінен жемістерге тиісті суреттерді алып, оны қазақша дұрыс атауы тиіс.»Фрукты»-«Жемістер» немесе «Овощи»-«Көкөністер» деп жазылған отауға ажыратып ілуі қажет.
           Фрукты-Жемістер                                         Овощи-Көкөністер
               яблоко-алма                                                   помидор-қызанақ
           груша-алмұрт                                                огурцы-қияр
           виноград-жүзім                                             лук-пияз
Егер жемістердің атауларын дұрыс атаса, магнит тақтасында ілулі тұрған сол ауылдың «тұлпары» бір саты жоғарылап, бәйгеге жақындай түседі. Біз бұл сабақты қазақтың ұлттық ойынын «Бәйгемен» ары қарай жалғастырамыз. Бәйге- қазақ халқының үлкен тойларында болатын ат жарысы. Бұл ойындаекі ауылдың отаулары және екі елдің тұлпарларының суреті ілінген , ақ тұлпарлар ауылға жеткенге дейін сызықтар қойылған. Қайсы ауылдың оқушылары өз кезегінде қоржын ішіндегі суреттердің сөзің тауып, дұрыс атаса, тиісті отауға ілсе, ақ тұлпарлар белгіленген сызықтарды басып, бірінші болып өз ауылының отауы алдына жетсе, сол ауылдың оқушылары бәйге иесі болып,жеңімпаз атанады. Қайталау сабағы одан әрі жалғастырылады.Сабақтың соңында жеңімпаздарға ынталандыру сыйлығы беріледі.
    Осы қайталау сабағында қазақтың ұлттық ойыны «сырмақ» ойынын да қолдануға болады. Ойынды бастар алдында мұғалім оқушыларға сырмақ туралы түсінік беріп, ойын шартымен таныстыру қажет. Ол үшін алдымен қазақтың әдемі оюы алынып, ол алты бөлікке бөлінеді. Оюы бар әр қағаздың сыртында осы сабаққа байланысты сұрақтар болады.Қағаздың бір бетінде – сұрақ, ал екінші бетінде-ою. Сұраққа дұрыс жауап берілсе ғана оюлар ашылып, бір-біріне сәйкес келіп, дұрыс құралып сырмақ шығады.
      Осы қолданған ұлттық ойындардың тәрбиелік маңызы мынада. Ол оқушыны зеректікке, білгілікке баулиды. Бізге мұра етіп тастап кеткен бабаларымыздың асыл қазыналары қазақтың ұлттық ойындарына  деген көзқарасын құрметтеуге, сөз әсемдігін сезінуге үйретеді.
     Ендеше қазақ тілі сабағын ұлттық ойындар арқылы сабақтастырып оқыту пән тақырыптарын тез, жылдам меңгеруге ықпал етеді. Оқушылардың сөздік қорын байыта түседі.