Қазақ тілін мамандыққа сәйкестендіріп оқыту мәселелері

Жумабаева Клара Бердикуловна
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы
.
.
          Мемлекеттік тілдің қызметін кеңейту мен дамытуда оның ғылымда,өндірісте, елдің халықаралық байланыстарында қолдану аясының кеңи түсуі тіл үйренушілердің болашақ мамандығымен де байланысты.Арнайы оқу орнын бітірген жас буын-әрі болашақ маман,әрі өндірісті ілгері дамытатын кәсіпкердің алдыңғы қатарлы маман болуы өз елінің тілін қарым-қатынас құралы ретінде меңгертумен қатар,студенттердің кәсіптік мамандығын ескере отырып игертудің тиімді жақтарын қарастырып келеді.Осыған байланысты тілді мамандыққа сай үйретуге арналған әдістемелік оқытулар мен оқу құралдары көптен жарық көруде. Бұл оқулықтар студенттердің ғылыми тілді,мамандыққа қатысты кәсіби тілді,ресми-іскерлік тілін жеткілікті түрде меңгеруіне ықпал етуде.                                                                                                               
Қазақ тілін мамандыққа байланысты оқытудың қалыптасуына әсер ететін еңбектер,оқу құралдары,сөйлеу тілін қалыптастыруға бағытталған лексикалық материалдар кәсіптік білім берумен қатар,танымдық,тәрбиелік сипатымен ерекшеленеді.                                                           Ғалымдар теориялық және әдістемелік тұрғыдан тілдік қатынас әрекеті түрлерін-оқылым,жазылым,тыңдалым,тілдесім деп бөліп қарастырады. Жоғары оқу орындарының экономика факультетің қазақ тілін жалғастырып, тереңдетіп оқитын топтарына арналған ғалымдар З.Күзекова мен Г.Қарақұсованың <<Қазақ тілі>> оқулығын ерекше атап өтуге болады.Бұл еңбектің басты мақсаты-сөйлеу тілі қалыптасқан үйренушілердің қазақша сөйлеуін, жазуын,баяндауын мамандыққа қатысты жетілдіру,сөздік қоры байыту.                                            
Кәсіби мәтінмен жұмыс істеуде  сөз мағынасын түсіндіру,нақтылау,оны студенттердің тіліне енгізу белгілі бір тақырып төңірегінде өрбиді. Экономикалық білім беретін оқу орындарында мәселен: <<ақша деген не?>> атты  сабаққа берілген мәтін бар. <<Ақшаның қызметі:құн өлшеуші,бақылау құралы, төлем құралы. Көп уақытқа дейін ақшаның рөлін әр түрлі тауарлар атқарды. Алайда біртіндеп өндірістің дамуы процесінде ол алтынға берік орнықты. Елімізде заңды тәртіппен бекітілген ақша белгілері бар. Құн өлшемі қызметінде ақша-баға белгілеу құралы. Өнімді бөлуге,айырбас жасауға және тұтынуға қызмет ету үрдісінде ақша қозғалыс жасап,ақша айналымын құрайды.    Ақша айналымы дегеніміз-еңбекке ақы төлеу,тауар өткізу, көрсетілген қызмет үшін есеп айырысу және басқа да төлемдерді жүзеге асыру барысында ақшаның үздіксіз қозғалысқа келуі.Ақшаның ең басты ерекшелігі де, құнды қасиеті де оның адамдарға қажеттілігінде.»
          Мәтін төмендегідей грамматикалық, лексикалық, коммуникативтік тапсырмалар жүйесінен құрылған:
  • “ақша” терминіне анықтама беріңіз;
  • Экономикалық сөздікті пайдаланып, сөздердің мағынасын ашыңыз; денежная единица, денежная масса, денежно-кредитно регулирование, денежно-кредитный кризис, денежное обращение, денежные знаки, денежный агрегат, денежный рассчет.
Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:
а) Ақша қозғалысы қандай экономикалық терминді қалыптастырады?
ә) Ақшаның ерекшелігі неде? Бұл туралы мәтіннің қай абзацында берілген?
б) 1-абзацтағы “құрал” сөзімен тіркескен сөздерге назар аударыңыздар, орысша баламасын айтыңыздар.                                                                                            
Берілген сұхбатты оқып, өз қөзқарастарыңызды қосыңыз. Қазақстанның ұлттық валютасын шетелдікке таныстырыңыз.
Мына шағын мәтіндегі бизнесмендердің пікірлеріне тағы не қосуға болады?         “бизнесмендерге миллион табу қиын емес дейді. Олар үшін ақша табу қызықты ойын сияқты. Олардың пікірінше, ақша ақшаға келеді және пайда әкеледі. Өйткені жылдам ақша айналымы экономиканы тұрақтандырады”.
Сұрақтарға жауап беріңіздер:
  • Даму үшін ақша мақсат па әлде құрал ма?
  • “Алтын киік”фильміндегі ақшақұмар патшаның жай-күйі немен аяқталады?
-«Ақша табу қызықты ойын сияқты»деген тұжырымға қалай қарайсыз?  -«Ақшаны ақша жасайды» деген ұғымды қалай түсінесіз?
* «Денсаулық ақшадан қымбат»деген тұжырыммен келісесіз бе?
*Өте жылдам ақша айналымы экономиканы тұрақтандыра ма?
Берілген мақал-мәтелдерді талдаңыздар:
  1. Теңге тиыннан құралар, Жылқы құлыннан құралар.
  2. Ақша кетуге тырысады, Есеп ұстауға тырысады.
  3. Ақшаның ашпайтын құлпы жоқ.
  4. Ақшада көз жоқ.
Даналар сөзін тыңдайық: «Жамандықтың үлкені-пайдакүнемдік.Пайда қуған адам шыншыл да,принципшіл де,ержүрек те, өз парызына адал да бола алмайды» (В.А.Сухомлинский)                                                                
Студенттердің білімін қорытындылау сабақ соңында сөзжұмбақ, пікірталас сұрақтары және оларды толғандыратын мәселелер төңірегінде құрастырылған.Сондай-ақ, ертегілер елінен,көркем шығармалар, шешендік өнер, қанатты сөздер және сергіту мақсатында Қожанасыр қызықтарын алуы тіл үйренушілердің қызығушылығын арттырып,ынталарын күшейтетінін өз тәжірибемізден көріп жүрміз.Тіл үйренушілердің сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға оқу құралындағы сөздік-минимумының көмегі тиетіні сөзсіз.   Сонымен қатар сабақты қазіргі жаңа технологиямен жабдықтап, түрлендіріп өткізуге, яғни студенттердің шығармашылығымен ұластыруға әбден болады.Киелі сандар ұғымына мақал-мәтелдер,даналар сөздері,халық өлшемдері,қызықты есептер,санжұмбақтар,сонымен қатар студенттердің өзіндік жұмыстарына арналған мәтіндер ұйымдастыруға болады.Тіл дамытудағы ең тиімді тәсілдердің бірі-мәтін бойынша жұмыс істеу десек, мәтіндер күнделікті тұрмыста қолданылатын, мамандық бойынша төменгі және орта топ студенттеріне арналған мәтіндер болып барлық оқулықтарда топтастырылады.Мәтінмен жұмыс жүргізу нәтижесінде тіл үйренушілердің кәсіби сөздік қоры байып, сөйлеу мүмкіндігі дами түседі. Тіл үйренушілерге қойылатын бірінші әрі негізгі талап-міндетті түрде орта болу керек.Мәтінді түсініп,өз сөзімен әңгімелей білу керек.Яғни тілдік жағдай жүйесін үнемі мамандықпен байланыстырып отыруы қарастырылған қазақ тілін мамандыққа қатысты үйретудегі мәтіннің маңызды роль атқаратынын өз тәжірибемізден білеміз.Бұған осынша жыл еңбек еткенде көз жеткіздік.
                   Пайдаланылған әдебиеттер:
  1. «Қазақ тілі» Қарақұсова (экономикалық факультетке арналған оқу құралы)    
  2. Қазақ тілін оқыту (республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары)
  3. «Қазақ тілі оқу құралы» Айтбаева Б.М.