Қазақтың ұлттық аспаптары

Зикирина Ардақ Муратовна
Тәрбиеші
.
.
Мақсаты:
Білімділік: Балалардың музыкалық аспаптар туралы түсініктерін кеңейту,ұлттық аспаптардың қадір қасиетін бағалау, танымы мен талғамын,ой-өрісін молайту.
Дамытушылық: .Ұлттық аспаптарды ажырата білу дағдыларын қалыптастыру.Балаларға аспаптардың атауларын айтқыза отырып, есте сақтау қабілеттерін, сөздік қорын байытып,тілін дамыту. Шығармашылығын дамыту.
Тәрбиелік:Қазақтың ұлттық өнеріне деген  көзқарастарын кеңейту, өз дәстүрін қастерлеуге тәрбиелеу.
 Құрал-жабдықтар: домбыра,қобыз,жетіген аспаптарының суреттері,үн таспа.слайд
Қостілдік компонент:Ұлттық аспаптар-народные инструменты.
 Сөздік жұмыс:  домбыра,қобыз,жетіген.
Қызмет кезеңдері Тәрбиешінің қызметі Балалардың қызметі

Мотивациялық-

қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

О,алақай тамаша!

Таң атты ғой жаңаша,

Жарқын жүзбен қарайық,

Құрдастармен сыйласа.

Жүрекке жылу жинайық,

Барша әлемге сыйлайық.

Сырттан келген қонаққа,

Сәлемдесіп алайық!

Арайлап атқан таңға да,

Күлімдеген күнге де,

Қуанышпен қарайық.

Балалар шеңберге тұрып, бір-біріне жылулық сыйлады..

 

 

Ұйымдастырушы-лық-ізденушілік

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар,бүгін біз седермен қазақтың ұлттық аспаптары туралы айтамыз.

-Сендер қандай аспаптарды білесіңдер?

Қобыз-қазақ халқының ұлттық аспабының бірі. Қобыз қайың,арша сияқты ағаштардың тұтас бөлігінен шауып жасалады.Бас,кеуде,аяқ деген үш бөліктен тұрады.Төменгі бөлігі терімен қапталған,оған тиек қойылады.Екі ішегі жылқы қылынан тартылады.Қобыздың үні адам бойына күш қуат береді.

-Ал, енді Арман тақпақ айтып береді.

-Тамаша,отыра ғой.

Жетіген-ертеректе ел арасында сақталған  көне аспап.Жетігеннің ішегі аттың қылынан тағылып тиектің орнына асықтар пайдаланатын болған.Аспаптың құлақ күйі  осы асықтарды әрлі-берлі жылжыту арқылы келтірілген.Ішек сандары жетеу болғандықтан Жетіген аталған. Жетіген үйеңкі  ағашынан жасалады.

Салима бізге жетіген туралы тақпақ айтып берем дейді.

-Тамаша, рахмет! Отыра  ғой.

Мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп отыр.

Екі құлақты,

Он тоғыз тұяқты,

Шешуін тапшы,

Күмбірлеген күй

Төгілген сияқты.

Дұрыс айтасыңдар!

Домбыра-қазақ  халқының өте ерте және кең тараған аспабы.Домбыра тұтас ағаштан ойылып жасалады.Домбыраның екі ішегі,тиегі,екі құлағы болады.

Домбыра киелі аспап .Домбыра аспабының үні құлаққа жағымды.

-Енді бізге домбыра жайлы  Нұркелді тақпағын айтады.

-Жақсы, жарайсың,рахмет.

-Орныңа отыра ғой.

Балалар, халқымыз айтыс өнеріне ерекше мән берген.Қазір біз айтыскерлерімізді ортаға шақырып, өнерлерін тамашалаймыз.

Балалар, сендер әнге, өнерге байланысты қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер?

Тамаша, балалар!

-Ал, енді бәріміз бой сергітіп алайық.

 Сергіту сәті.

Кел балалар тұрайық,

Аспапқа қол созайық.

Қобызды да ойнайық,

Домбыра да тартайық.

Сыбызғыны сызылтып,

Билеп-билеп алайық.

Домбыра туралы аңыз

Жаумен күрестен, ұзақ жолдан шаршап — шалдығып келе жатқан батыр жолда кездескен ауылға тоқтап, демалмақшы болады. Жар жағасындағы көлеңкеге отырған батыр ағаштың бөлігін кесіп алып, оған аттың қылын тартып, өзі жасаған аспаптан дыбыс шығармақшы болады.

Бірақ аспап дыбыс бермейді. Оны батыр қасына қояды да, ұйықтап қалады. Бір кезде оянса, аспаптан өздігінен дыбыс шығып жатыр екен дейді. Аспапты қолына алып қараса, домбыраның басына, ішектің астына салынған ағаш кертпені көреді де, мұны шайтанның ісі деп шешеді. Сонан бері, халық арасында бұл “шайтан тиек” деп аталып келеді.

-Балалар біз аспаптармен таныстық, енді ойын ойнайық.

 Ойын: «Артығын тап»

 Ойынның мақсаты: Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту.

 Ойынның шарты:

Ұлттық аспаптардың суретінің ішінен өзге ұлттың аспабын табу керек.

-Жақсы, дұрыс  таптыңдар.

Балалар, сендер домбыраның мынау тесігі қалай пайда болғанын білесіңдер ме?

Білгілерің келе ме?

Олай болса балалардың қатысуымен

«Ақсақ құлан» аңызын тамашалайық.

 Балалардың жауабы.

 

  

Балалар тыңдайды.

 

 

 Қамыс қурай ағаштан,

Үтікше боп ысылған,

Үрмелі ойықтың,

Дыбысы нәзік сызылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жорғалатқан жетіген,

Сыбызғы үні лекіген,

Сызылтады қылқобыз,

Шалып ойнар шаңқобыз.

 

 

 

 

 

 

 

-бұл домбыра.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Домбырадай мұраны,

Қастерлеуге тұрады.

Сонда жатыр даланың,

Үні менен ұраны. 

 

 

 

 Айтыс Салима мен Ибрагим

 

 1.Ақын мен әнші- адамның бұлбұлы.
2.Жігітке өлең де — өнер,өнер де- өнер.
3.Өлең — алтын,сөз -күміс.
4.Өлең өмірді ұзартады..
5.Өлең- сөздің патшасы.
6.Ән — көңілдің ажары.

 

 

 

 

Балалар қимылдар жасап

орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар мұқият тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар қай аспап екенін табады.

 

 

 

 

-Жоқ.

 

-Иә

Балалар аңызды сахналап көрсетеді.

Рефлексивті-

түзетушілік

-Балалар, бүгінгі оқу қызметімізді қорытындылайықшы.

-Біз қандай аспаптармен таныстық?

-Өте жақсы балалар.

 -Домбыра қалай пайда болды?

Біз өнерге байланысты нелер айттық?

Тағы не істедік?

 

 

 

Енді бәріміз көзімізді жұмайық.

-Көзімізді ашайық.

-Менің қолымнан не көріп тұрсыңдар?

Балалар бұл сиқырлы қобдиша. 

Қобдишаның ішінде  сендердің бүгінгі еңбектеріңді, білімдеріңді бағалауға арналған смайликтер бар.

-Сендерге көп рахмет!

 

 

 

Қобыз,жетіген,домбыра.

 

 

Жауап береді.

-Мақал-мәтелдер айттық.

-Ойын ойнадық.

-Салима мен Ибрагим айтысты.

-Сахналадық.

 

 

 

 

 

Смайликтерді  үлестіріп беру.

 
Күтілетін  нәтиже: 
Нені біледі: Ұлттық аспаптардың атауларын білу.Қандай ағаштан жасалатынын,домбыраның ең алғаш пайда болғанын  біледі.
Нені игереді: Әсемдікті көре білу, сөзіну. Қазақтың ұлттық өнеріне деген  көзқарастары кеңейді.Әнге, өнерге арналған мақал-мәтелдерді, домбыраның тесігі қалай пайда болғаны туралы.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: «Ақсақ құлан» аңызын рөлдерге бөлініп сомдай біледі