Қазақтың ұлттық ойыны Тоғыз құмалақтың тірек қимыл жүйесіне пайдасы

Жакенов Жарылқасын Балмахамбетович
Дене шынықтыру пәнінің оқытушысы
.
.
Халқымыз сонау ерте заманнан өнердің алуан түрін бойына сіңіріп, сол өнерлерін ұрпақтан ұрпаққа аманаттап, бүгінгі күнге жеткізіп келеді. Тоталитарлық жүйенің ықпалында болуында қарамастан біз атадан-балаға мирас болып келе жатқан төл құндылықтарымызды сақтай білдік. Бұлай деуге негіз, дүниеде ұлт ретінде өзіне тән мәдениетін, өнерін, дәстүрін жалпы айтқанда сол ұлттың өзіне тән құндылықтары тарих бетінен өшіп, мына жаһандану заманында жойылып кетіп жатқаны қаншама. Қай ұлт болмасын өткеннің көрінісі болған құндылықтарын осы уақытқа дейін жеткізіп, келер болашаққа өткізіп беруі тым күрделі құбылыс. Тек дара шыққаны, өмірлік мәні, құны бар құндылықтар ғана келер ұрпаққа жетіп отыратыны айқын. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халыққа жолдауында «Патшалықтың, төңкеріс дүмпуі мен тоталитаризмнің барлық ауыртпалығы мен қиыншылықтарына қарамастан, біздің еліміздің аумағында тұратын қазақтар және басқа да халықтардың өкілдері өздерінің мәдени ерекшеліктерін сақтай алды» – деп атап өткен болатын.
Міне, осындай ұлтымыздың ежелден өшпей бүгінгі күнге жетіп, қазір қарқындап дамып отырған құндылығымыздың бірі, ұлттық ойынымыз – тоғызқұмалақ. Бұл халқымыздың тамырын тереңге жайған төл мұрасы. Бұл спорт түрі – әлемдік мәдениеттің озық үлгілерімен иық теңестіре алатын, қазақ халқының ежелден келе жатқан рухани, логикалық ойлау өнері.
      Қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақтың шығу тарихы мен ойын ерекшеліктері.
        Ойынның шығу тарихы туралы нақты қандай бір дәлме-дәл дерек жоқ. Алайда зерттеуші ғалымдардың пайымдауынша ойын осыдан 4000 жыл бұрын пайда болған деседі. Тоғызқұмалақ көшпелі қазақтың өмірінен көрініс беретін бірден-бір ойын. Себебі ойын көшпенді қазақтың тұрмыс-тіршілігімен және мал шаруашылығы тығыз байланысты. Ерте кезден-ақ халық жерден арнайы отау қазып, ойын жүрісі үшін малдың құмалақтары немесе қиыршық тастарды пайдаланған. Бұл ойынның алғашқы көріністері болып табылады. Кейін заман ағымына сай арнайы тақталар пайда болып, ойынның өзіндік ережелері беки түсті.
           Бүгінде тоғызқұмалақ үлкен сұранысқа ие болып отырған, кеңінен дамып, қанат жайып келе жатқан ұлттық ойынымыздың бірі. Оның дамуы үшін де бірталай игілікті істер жасалынып келеді. Бұның айқын көрінісі ең алғаш тоғызқұмалақтан елімізде жекелей чемпионат 1974 жылдан бері өткізіліп келеді. 1998 жылдан бері арнайы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін халықаралық жарыстар ұйымдастырылып келеді. 2009 жылдың 19-26 қазан аралығында Шымкент қаласында Азияның тұңғыш чемпионаты өтті. 2001 жылы Тоғызқұмалақ әуесқой ойыншылары үшін Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ Федерациясы құрылды. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі жыл сайын ересектер, жастар мен жасөспірімдер, ардагерлер арасында жекелей және командалық есепте ел чемпионаттарын өткізуде. Қазіргі уақытта тоғызқұмалаққа тек қазақтар ғана емес шет ел азаматтары қатты қызығушылық танытып отыр. Әлемнің көптеген елдерінде ұлттық ойынымыз кеңінен насихатталып жатыр. Бұл әлемдік деңгейдегі ойын үлгісіне айналып бара жатыр. Сөзімізге дәлел мәселен, Моңғолияда тоғызқұмалақтан мектептерде арнайы олимпиада өтеді екен. Көршілес Қытай, Қарақалпақстан елдерінде ойынның үлгілері сипатталған арнайы кітаптар, ғылыми еңбектер шығарылған. 2007 жылы Македонияның Охрид қаласында өткен Түркі тілдес халықтардың жастар құрылтайында 40 елден келген 240 делегатқа ұлттық ойыннан арнайы семинар, тренингтер өткізілген. Тоғызқұмалақ алты рет 2006 жылы – Лондонда, 2007, 2008, 2009 және 2010 жылдары – Прага мен Пардубицеде (Чехия), 2010 жылы – Каннда (Франция) дүниежүзілік зияткерлік олимпиада мен фестивальдердің бағдарламасына енді. 2009 жылдың 15 қыркүйегінен бастап ең алғаш рет интернетте тоғызқұмалақ ойыны алғаш рет интернетте тіркеліп, онлайн жүйедегі ойнайтын бағдарламасы жасалды. Бүгінде тоғызқұмалақ тек түркі тілдес халықтар арасында ғана насихатталып жатқан жоқ, Англия, Германия, Чехия, Франция сында әлемнің дамыған елдері де үлкен қызығушылық танытып отыр. Осындай ұлттық мұрамыздың кеңінен насихатталып жатқаны да өз тарапынан оң бағасын, жемісін бере білді. Бұның айғағы 2010 жылдың 1-7 қараша аралығында Елорда төрінде алғаш рет тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты өтті. Алғашқы әлем чемпионатына Англия, Әзірбайжан, Германия, Испания, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Өзбекстан, Латвия, Монғолия, Түркия, Түркменстан, Ресей, Чехия, Швейцария, Украина сияқты елдерден барлығы 50-ге жуық спортшы қатысқан. Сол уақыттан бері тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты әлемнің өзге де елдерінде ұйымдастырылып келеді.
Тоғызқұмалақ ойынының психология  ғылымымен байланысы.
          Психологиялық тұрғыдан алып қарасақ ойын жаттығулар арқылы баланың білімділік дағдыларын күнделікті іс-әрекетте қолдана білу мүмкіндіктері қарастырылады.
Ойын- жаттығулар жеке тұлғаның  жан дүниесінің, рухани жай-күйінің үйлесімді дамуына ықпал етеді. Жеке тұлғаның  сезім әрекетін, әсерленушілік деңгейін анықтау үшін қолданылады. Ойындардың негізгі мақсаты  ықылас зейінін, таным роцестерін,  байқампаздығын, есте сақтау, қабылдауын дамыту, икемділікті арттыруға, өзінің жеке құрбыларының іс- әрекетін бағалай, құрметтей, өз ісінің дұрыстығын дәлелдей білуін анықтау, қалыптастыру. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, сол ойындардан үлкен де мәнді, мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Өйткені ең алдымен не нәрсенің болсын жөн бастар қайнар көзі болатыны белгілі. Сондықтан да ойын бала бойындағы қандай да бір өнердің бастауы деп білеміз.
 
Медицина ғылымымен байланысы.
   Адам организмі биологиялық сезімтал нүктелерден тұрады. Соның ішінде адамның қолы мен табанындағы емдік нүктелерінің орналасуын білу өте маңызды. Мұндай нүктелерді анықтауда арнайы қол мен аяқ нүктелері бейнеленіп сызылған суреттерді пайдаланған жөн.
    Адамның қолы мен табан нүктелері бір-біріне тығыз байланысты әрі тәуелді. Қысқасы, бүтін бір бойынан ток жүретін электр сымы сияқты. Егер электр сымының бір жағы үзілсе немесе тұйықталса, одан ток жүрмей, қараңғылық орнағанына ұқсас. Бір-бірімен байланысты бір мүше қызметіне бақылау жасайтын екі нүктенің не аяқтағысы, не қол жақтағы нүктесі ақауланса, сол нүктелер ара қатынасы нашарлайды. Қорек қуатының алмасуы азаяды. Содан барып, сол нүктелерге тәуелді мүше әлсіреп, сырқатқа ұшырайды. Осындай жағдайда қол мен аяқ нүктелерін суретте көрсетілген нақтылық бойынша арнайы таяқ ұшымен, сіріңкемен тауып, оған массаж жасаған пайдалы. Нүктені жеткілікті түрде күштірек басу керек. Нүктенің кызметі жақсарып, энергия алма­суы дұрыстала бастағанда нүктенің ауруы азайып, жанға жақсы жылылық пайда болады. Бұның тиімділігін өзіне-өзі көмек етуші байқай бастайды (мәселен, тіс ауруының тоқтауы). Ал созылмалы ауруларға күніне бірнеше рет арнайы массаж құралдары көмегін пайдалану да жақсы нәтиже береді. Кейде аныкталып, массаж жасалған, әсіресе табандағы, нүктелерге кішкене шарларды, моншақтарды, өсімдік дәнін және құм түйір-шектерің бір тәулік бойы таңып тастайды. Ауырған жерге массаж жасап әрі таңған дән (құм т.б.) үстінен ұдайы басып қою керек.
Күнделікті осылай дәрісіз-ақ өзіңізге-өзіңіз көмек етіп, аурудың болмауына жағдай жасауға болады. Ал бұл жаттығуларды осы тоғыз құмалақ ойындары арқылы жасауға болады. Қолымызға құмалақтарды жинап араластыру арқылы жаттығу жасауға болады. Әр отауға бір құмалақтан тастап отқанда бас бармағымыз бен сұқ саусақ, алақандарымыз жұмыс жасайды. Алдында көрсеткен суретке назар аударсаңыздар
Бас бармақ – ми
Сұқ саусақ – ми торлары
Сұқ саусақ буындары – көз
Алақанымыз – іш құрлыстары, асқазан мен тыныс жолдары, өкпе мен бездер жұмыс жасайды екен.
     Біз тоғызқұмалақ ойындарын инсульт алған науқастарға тәжірибе ретінде қолдандық. Тәжірибе барысында науқастарға бастапқы кезде нүктелермен таныстырдық. Кейіннен тоғыз құмалақтың ойын шарттарымен таныстырып ойын жолдарын үйреттік.
    Біз тоғызқұмалақтың ойынға арналған құмалақтарын әртүрлі түске безендірдік, себебі науқастар әсіресе инсульт алған науқастар инсульттан кейінгі жағдайлары психикасына әртүрлі әсер етеді. Әртүрлі түске боялған тастарды көріп көңіл күйлерінің жақсаруына себепкер болады.
    Бұл түстерді таңдаған себебіміз түстердің өзі денсаулықтың жақсаруына себепкер болады екен.
Қызыл түс – өмірлікке құштарлықтарын оятады
       Жасыл түс – науқастарды сабырлыққа шақырады.
Көкшіл түс – көңіл жайбарақаттығы түсі
Ақ түс  – тазалық, пәктік, тыныштық
Күндігіне 5минут уақыттарын бөлуін өтініп қайталап тұруларын ұсындық.Нәтижесінде науқастар тоғызқұмалақ ойыны арқылы өзінің ауру сезімдерін жеңіп, психологиялық  тұрғыдан қолдау тапты.
     Қорыта келгенде,  «Біз өзіміздің ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрлерімізді осы әралуандығымен және ұлылығымен қосып қорғауымыз керек, мәдени игілігімізді бөлшектеп болса да жинастыруымыз керек» – деп ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы атап өткендей, атадан балаға мирас боп, бүгінге жеткен мәдени құндылығымыздың бір бөлшегі, ұлттық ойынымыз тоғызқұмалақты бүгінгі тарих бетінен өшірмей, келер өскелең ұрпаққа жеткізу біздің басты – парызымыз. Олай болса ұлттық ойынды тек қана ұлықтап, болашақ та олимпиада ойындарының қатарынан ғана емес  медицина ғылымдарының қатарынан көрейік.