Қазақтың ұлттық тағамдары

Шаяхметова Эльмира Барлыковна
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
.
.
Сабақтың мақсаты:
  1. Білімдік: Оқушыларға өткен сабақтағы материалдарымен байланыстыра отырып, қазақ халқының қонақжайлығы, дастархан мәзірлері, ұлттық тағамдары туралы жаңа мағлұмат беру. Сатылай  кешенді талдауды қайталау.
    2. Дамытушылық: Оқыту кезеңінде оқушылардың танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін, жігерін, көңіл — күйін, тілін, ынтасын, қиялы мен қабылдау сияқты танымдық қабілеттерін дамыту.
    3. Тәрбиелік: Оқушылардың ғылыми дүние танымын қалыптастыру, ұлттық тәрбие негізінде қазақ ұлтының құнды тәжірибелерін, тәлім-тәрбиесін, адамгершілік, әдептілік, сыпайлық, қонақжайлық қағидаларын оқушы бойына дарыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: іздену, салыстыру, сараптау, талдау, әңгімелеу, сұрақ — жауап.
Сабақтың көрнекілігі: оқулықтар, суреттер, конверттер, мақал — мәтелдер, тағам түрлері, слайдтар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастырукезеңі.
Оқушылармен  сәлемдесу.
Сабаққа әзірлігін тексеру.
Оқушыларды 2 топқа бөліп, сабақ жоспарымен таныстыру.
1 топ – Ет тағамдары. 2 топ – Сүт тағамдары.
ІІ.Жаңа сабақ:
1.Психологиялық дайындық;
2.Сөздікпен жұмыс
3.«Мен саған, сен маған» кезеңі.
4.Ойлан тап
5.«Бой сергіту» Ыстық орындық
6.Мақал – мәтелдер
7.Грамматикалық тапсырма
8.Венн диаграммасы
9.Тест жұмысы
10.Үй тапсырмасы
11.Бағалау
ІІІ.Қайталау сұрақтары:
  1. Біздің Отанымыз қалай аталады?
  2. Қазақстан қандай мемлекет?
  3. ҚР-ның рәміздерін айтыңдар?
  4. Біздің еліміз тәуелсіздігін қай жылы, қай айда алды?
  5. Еліміздің тәуелсіздігіне неше жыл болады?
  6. Мемлекеттік тіліміз қай тіл?
  7. Қазақстанда қандай ұлт өкілдері тұрады? Қазақстан елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады
Кіріспе әңгі

Қай халықтың болмасын өз тарихы, тілі, салт-дәстүрі, ұлттық тағамдары бар. Еліміздің барлық ұлт өкілдері дастарқанға аса үлкен мән берген. Ендеше, біз өз сабағымызға көшейік. Қазақ халқы қонақжай, бар тәуірін қонаққа деп сақтаған. Екі — үш қонақ көрпесі, екі — үш қойы тұрмаған шаңырақты қазақ тақыр кедей санаған. Ал бар бола тұра қонаққа қадір құрмет көрсетпеген кісіні «шық бермес шығайбай» атандырған.
2.Сөздікпен жұмыс. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құру.

Қонақ – гость
Бесбармақ – мясопо-казахски
Қуырдақ – обжаренноемясо
Бата – благословение
Қымыз – кобыльемолоко
Шұбат – верблюжьемолоко
Әзірлеу — приготовить 
Тамақ – пища, еда
3. «Мен саған, сен маған» кезеңі. Мәтін бойынша сұрақтар қою.
Қазақ халқының ұлттық тағамдары
Әр халықтың ұлттық тағамдары бар. Қазақ халқының негізгі тағамдары – ет пен сүт, өйткені бұл тағамдар өте пайдалы және нәрлі. Талқан, жент,қуырылған бидай, бауырсақ, шелпек-дәннен жасалған қазақтың тағамдары. Қуырдақ, қазы-қарта, жал-жая, шұжық-ет тағамдары. Қазақ халқы етті суға пісіріп те, майға қуырып та дайындалған. Мал шаруашылығымен айналысқан қазақ сүттен де көп тағам түрлерін әзірлеген. Олар: айран,сүзбе,құрт,ірімшік,май, қымыз, шұбат. Қазақ халқының әр тағамы дәмді, тәтті,шипалы.     
4.Ойлан тап
  1. Қаймағы алынған немесе алынбай пісірілген сүтке азырақ су қосып ұйытылады. Ол — жеңіл және сусындық тағам. /Айран./
  2. Кез келген малдың етінен жасала береді, өкпе — бауыр қосып жасайды. Түрлері көп: соғым, өкпе — бауыр, қарын/ Қуырдақ./
  3. Шай дастарханының басты асы. Ең жоғары сапалы ұннан май, ашытқы қосып жасалады. Әр түрлі пішінде, үш — төрт бұрышты, сопақша, домалақ болады. Түрлері көп. Мысалы: бармақ, жол, ақ, той т. б. /Бауырсақ./
  4. Сүттен жасалған ұлттық тағам. Мағынасы да құрғатылған, кептірілген сүт деген мағынаны береді. Пісіліп майы алынған айранды қайнатып кенеп дорбада сүзіп алып тұздап өреде кептіріп сақтайтын тағам түрі. /Құрт/
  5. Аса кәделі дастарқан дәмі. Ол қыста қатпайтын, жазда бұзылмайтын өте дәмді тағам.. Оған құмшекер, ұнтақталған ірімшік, мүйіз салып араластырады. /Жент/
  6. Жылқы етiнiңделикатесi. Онша семiз емес салқындатылған жылқы етiнен не салқындатылған немесе мұздатылған майдан әзiрлейдi.
/Шұжық/
 
 
5.«Бой сергіту» Ыстық орындық
Ет тағамдары тобы.
1. Қазақтың ұлттық тағамдарын ата? (Шұжық, бесбармақ, қазы, қартат.б.)
  1. Шұжық ненің етінен жасалады? (қой, сиыр, түйе, жылқы етінен)
  2. Сенің сүйікті тамағың не? (…)
  3. Қазақтың басты ұлттықт ағамы не?(ет)
  4. Қымыз ненің сүті?(биенің сүті)
  5. Сүт тағамдарын ата? (шұбат, айран, қымыз)
Сүт тағамдары тобы
  1. Айран ненің сүтінен жасалады? (сиырсүтінен)
  2. Қазы, қарта, жая ненің еті? (жылқы еті)
  3. Бесбармаққа ненің етін салады? (жылқы, сиыр, қой, түйе етін)
  4. Жылқы етінің қандай ерекшелігі бар? (жылқының еті қатпайды, майы тоңазымайды
  5. Құрт неден жасалады? (сүттен)
  6. Сенің сүйікті тағамың не? (…)
6.Мақал – мәтелдер
1.Досыңныңүйінде, су берсе де ішіп кет. 4. В гостях у друга и воду подадут — пей
2.Ынтымақтыүйдің асы тәтті. 7.Когда в семье лад, все вкусно
3.Ат –адамныңқанаты, ас-адамныңқуаты. 5.Конь –крылья человека, а в хлебе-его сила.
4.Ас үстіненаттама, астанүлкенемессің. 2.Не шагай через блюдо с едой.

 

5.Ас тұрғанжерде ауру тұрмайды. 1.Где пища водится, там болезнь не заводится.
6.Ас- иесіментәтті 3.Пример хозяина за столом вкус еде прибавляет.
7.Алтын,күміс -тасекен, арпа, бидай-ас екен. 6.Ячмень и пшеница –пища, золото и серебро-металл
 
7.Грамматикалық тапсырма.
1.Қонақ, қымыз,тағам,бауырсақ сөздеріне фонетикалық талдау жасау;
2.Нан,сүт деген сөздерді септеу;
  1. «Тәтті, ақ, ыстық, қою, жұмсақ, көп» сөздерінің антонимдік сыңарларын табыңдар.
8.Венн диаграммасы
9.Тест жұмысы
 
  1. «Жал-жая» тағамның қай түріне жатады?
А) еттағамдары;                    С) нантағамдары
В) сүт тағамдары;
  1. Қай септікте тұрғанын көрсет….   елімнің
 А) Барыссептік.                    С) Шығыссептік.
 В) Ілік септік.
3.Жуан дауысты дыбысты сөзді табыңыз.
А) қала.                                 С) дәрігер.
В) түлкі.                                  
  1. Ұлттықтағамдарға не жатады? 
 А) желім .                                С) ет 
 В) қарындаш                  
  1. Сүттағамдарына не жататынын  көрсетіңіз.
  А) қаймақ.                               С) қаңтар.
В) нан                 
10.Үйтапсырмасы
1) 56 бет. Мәтінді мазмұндау.
2) “Ұлттықтағамдар” тақырыбына шағын шығарма жазу.
11.Бағалау.
 
Бағалау парағы