«Бөлме өсімдіктерінің ерекшеліктері» ғылыми жоба

Кожабекова Гульназ Саматовна

Жетекшісі:Тусупова Алтынгул Акынбековна

.

.

Ғылыми жобаның міндеттері.

  1. Бөлме өсімдіктерінің көгалдандыруда кеңінен пайдаланылатын түрлерін анықтау, оларға систематикалық, экологиялық тұрғыда және географиялық таралуына байланысты сипаттама беру.
  2. Бөлме өсімдіктерінің маңызын анықтау.
  3. Өз мектебіміздегі бөлме өсімдіктеріне ботаникалық сипаттама беру.

Ғылыми жобаның өзектілігі.

Мектептерде бөлме өсімдіктерін өсіруге, олардың көптүрлілігіне аса көп көңіл бөліне бермейді. Сондықтан бөлме өсімдіктерінің түрлерін, олардың биологиялық өсу ерекшеліктерін зерттеп анықтауды қарастырамыз.

І. ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ.

1.1 Әдебиетке шолу

Үйде өсірілетін өсімдіктердің пайдасы олардың әсемдігі мен азын-аулақ жемісінде ғана емес, олар бөлменің ауасын да тазартады. Өсімдіктер ауадағы көмірқышқыл газын бойына сіңіріп, оттегін өзінен бөліп шығарады.Сондықтан, өсімдік тұрғын үйдің зиянды газдарын азайтып, адамға керекті оттегінің мөлшерін үнемі толықтырып отырады.

Ауада жай көзге көрінбейтін алуан түрлі микробтар тобы  болады.Олар көпшілігі адам денсаулығына зиян келтіреді. Ал бөлме өсімдіктері осы микробтардың тіршілігіне кері әсер ететін әртүрлі заттар бөліп шығарады. Оны ғылыми тілде фитонцидтер деп атайды.

  Бөлме өсімдіктерінің басым көпшілігі тропиктік және субтропиктік Азия, Африка, Австралия елдерінің орманды, далалы, шөлді аймақтарынан тараған өсімдіктер. Олардың тіршілік әрекеті, сыртқы пішіні осы бастапқы шыққан орындарының жағдайына бейімделіп қалыптасқан. Сондықтан бөлме өсімдіктерінің ерекшеліктерін, оның тіршілігіне қажетті шарттарды білу үшін олардың әрқайсысының қайдан тарағаны, ондағы сыртқы ортаның жағдайлары жөнінде хабардар болу керек. (Түрдиев, Беспаев,1968)

 Бөлме өсімдіктерінің ішінде кең тарағаны фикус, монстера, фуксия, банан, пальма, бегония,папоротниктер, ландар т.б. ылғалды тропиктік ормандардан тараған. Кактустар, сүттіген, агавалар, алоэ сияқты өсімдіктердің тараған отаны тропиктік өңірлер. Сондықтан олардың сабақтары мен жапырақтары  ұлпалық- тікенді болып өзгерген. Олардың үстін балауыз, кутикула басқан. Осындай өзгерістердің салдарынан кейбір агавалар, кактустар өздерінің ұлпа жапырақтары мен сабақтарына 200-300 л-ге дейін су сақтай алады.

Үй жағдайында өсіргенде мұндай өсімдіктер жарықты, жылуды қажет етеді. Қысқы уақыттарда олар тұрған бөлменің температурасы +20-12 шамасында болу керек, өсетін топырағы қышқыл болмауы қажет.      

1.2. Зерттеу нысандары мен әдістері          

Ғылыми жобаны орындау барысында мынадай биологиялық әдістер пайдаланылды:

  1. Микроскопиялық әдіс.

Бұл әдісті «жасуша», «ұлпа»,  «өсімдіктердің анатомиялық құрылысы» тақырыбын оқытуда қолданылады. Бөлме өсімдіктерінен әртүрлі уақытша препараттар жасалынып, оны микроскоп арқылы зерттедік.

  1. Бөлме өсімдіктерін анықтау әдісі.

Бөлме өсімдіктерін анықтау үшін, олардың морфологиялық құрылыс ерекшеліктерін жақсы біліп, оны өсімдік түрін анықтауда пайдалана алу қажет. Осыған байланысты мектебіміздегі сынып бөлмелеріндегі өсімдіктерге  және әртүрлі ғылыми әдебиеттерде беріліп жүрген кең танымал бөлме өсімдіктерін таңдап алып, анықталынды.

  1. Бөлме өсімдіктеріне систематикалық талдау жасау.

Бөлме өсімдіктеріне таксономиялық сараптама берілді. 1959жылы ресми қабылданған Халықаралық ботаникалық конгресте  «Ботаникалық номенклатура бойынша» 23 таксон қабылданды. Бөлме өсімдіктеріне систематикалық сараптама жасауда 3 таксондық рангоны пайдаландық: тұқымдас, туыстас, түр. Ең басты таксономиялық рангқа түр жатады.

  1. Бөлме өсімдіктерін зерттеуде фенологиялық әдіс қолданылады.

Бұл әдістің негізінде гүлдеу уақыты анықталып зерттеледі.

 

1.3. Бөлме өсімдіктерінің морфологиялық құрылыс ерекшеліктері

 Тамыр— жоғары сатыдағы құрлық өсімдіктерінің негізгі вегетативтік мүшесі.тамырдың негізгі қызметі топырақтан суды және онда еріген минералды тұздарды сіңіріп, сабаққа өткізеді және өсімдікті топыраққа берік бекітеді, кейбір тамырлар қоректік заттарды қорға жинайды.

Тамыр жүйесі деп бір өсімдікте болатын әртүрлі тамырлардың жиынтығын айтады.Тамыр жүйесі кіндік және шашақ тамырлар болып екіге бөлінеді.

 Сабақ— жоғары сатыдағы өсімдіктерге тән, өсімдіктің ұшы арқылы өсетін жер үсті вегетативті мүшесі.Сабақ-өсімдіктің жерасты мүшесі мен жер үсті мүшелерін жалғастырып тұратын орталық тірек.Негізгі қызметі: тамырдан жапырақтарға дейін суды, онда еріген минералды заттарды, керісінше жапырақтан тамырға қарай органикалық заттарды өткізеді.

Сабақтың морфологиялық түрлері кеңістікте өсу бағытына байланысты тік, жартылай көтерілген, жатаған, төселмелі, шырмалғыш, өрмелгіш сабақ деп бөлінеді.

 Жапырақ- өркеннің жанама дене мүшесі, өсуі шектелген, өсуін қыстырма меристема арқылы жалғастырады, сондықтан жапырақ белгілі бір көлемге жеткен соң өспей, өзгеріссіз қалады.Жапырақ өсімдік тіршілігіне қажетті органикалық заттарды түзеді, бұл физиологиялық  құбылыс фотосинтез деп аталады.Сонымен қатар, жапырақ денедегі артық суды буландырып (транспирация) және тыныс алу процесін жүзеге асырады. Кейбір өсімдіктердің жапырақтары (суккуленттер) су қорын жинайды.

 

ІІ. ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ.

2.1. Бөлме өсімдіктерінің маңызы.

Бөлме өсімдіктерін өсіру жер шарын мекендейтін барлық елдерге кең тараған үрдіс. Бөлме өсімдіктерінің әдемі жасыл жапырақтары бөлмеге қысы жазы бірдей көрік беретініне адам баласы ерте заманнан назар аударған.

 Қазіргі заманда гүл жайнап , құлпырған, шешек атып сағат сайын құбылып тұрған үй өсімдіктерінің алуан түрлерін бөлме терезелері алдынан, мектептерден, бала бақшалардан, асханалардан, кинотеатр залдарынан, ауруханалардан, санаторийлардан, завод-фабрика цехтарынан, басқа да қоғамдық орындардан күнделікті кездестіреміз. Бөлме өсімдіктері бір-бірінен өте әдемі гүл реңдерімен, жапырағының түсімен, пішінімен немесе адам өміріне маңызымен ерекшеленеді.Осыған байланысты бөлме өсімдіктерін бірнеше топтарға бөледі: әдемі гүлдейтін декоративті бөлме өсімдіктері, декоративті жапырақты бөлме өсімдіктері, дианалы бөлме өсімдіктері, ампельді және суккулентті бөлме өсімдіктері.

Бөлме өсімдіктерін өсіру және оны күтіп баптау өте маңызды іс. Балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, логикалық ойлау қабілетін жетілдіреді.

  1. Бөлме өсімдіктерін күту, өсіру балаларға еңбек дағдыларын қалыптастырады.
  2. Табиғатты құрметтеуге, білімге құштарлығын арттырады.
  3. Бөлме өсімдіктері оқушылардың табиғатқа деген көзқарасын қалыптастырады.
  4. Бөлме өсімдіктерінің эстетикалық, тәрбиелік мәні зор.
  5. Бөлме өсімдіктері санитарлы-гигиеналық рөл атқарады.

 

2.2. Бөлме өсімдіктерінің ботаникалық сипаттамасы

  1. Бегония. (Begonniaceae)

   Сыртқы көрінісі, биологиялық ерекшелігі мейлінше алуан түрлі болып келетін бегония өсімдігінің 400 түрі бар. Бұл өсімдік түрлері Африка, Америка және Малая Архипелагадағы тропиктік ормандарда табиғи түрде таралған. Бегониялар сабағы түкті, жапырағы түрлі-түсті көпжылдық шөптесін өсімдік.Гүлінің пішініне де, түсі де әралуан.Үйде өсірілетін бегониялар үш топқа бөлінеді.Олар әдемі гүлдері үшін өсірілетін, ылғи көгеріп тұратын және жақсы түптенетін бегония.

2.Монстера( Monstra)

Аройд өсімдік тұқымдасына жатады.Бұл-Орталық Американың тропик ормандарында мәңгі көгеріп тұратын өсімдік.Монстера өсімдігін әшекейлі тілімденген, үлкен жылтыр жапырақтары үшін өсіреді, әрине, үйде өсірілген монстера оның табиғи жағдайда өсетіндей гүлдеп, жеміс бере алмайды.Монстераны көктем сайын көшіріп қайтадан отырғызады.Қайтадан отырғызылатын ыдыс кең болуы керек.Топырақтың құрамы мынадай болады:1 бөлігі шым топырақ, 1 бөлігі жапырақ топырақ, 1,2 бөлігі құм.Оның үстіне топыраққа аздап мүк араластырадыы. Осыдан кейін күн сайын суарып және су бүркіледі, ауық-ауық тауық саңғырығымен үстеп қоректендіріледі. Күзге қарай суару сиретіледі. Қыста өте сирек суарылады.Бұл кезде өсімдік тұрғын үйдің температурасы +12-15 болуы керек.

Монстера ауаның жылы болғанын жақсы көреді.Сондықтан оны әрқашан жылы бөлмеден ұстаған дұрыс.

3.Жылтыр сүттіген (Euphorbia splendens bojer;Молочай блестящий)

Сүттіген тұқымдасына жатады.180см дейін өсетін бұтақ тектес өсімдік.Сабақтары сұрғылт тікенекті, бұтақты болады.Жас тікенектер жапырақтың түр өзгерісі, күңгірт көгілдір түсті, өсе келе қара түске өзгереді. Жапырақтары кезектесіп орналасқан сағақсыз, қысқарған өркенге жақын орналасады.Гүлдері ұсақ сарғылт түсті, күрделі шатырша тәріздес, жапырақтың қолтығынан шығады.Жаздыгүні  жиі суару керек. Қыстыгүні гүлдеп болғаннан кейін 6 аптадай сирек суару керек. Көктемде өсімдікті кесіп қайталап отырғызады. Сағақ арқылы көбейеді. Гүлді өсімдік ретінде қолданылады.

4.Ұлпа гүл (Hydrangea; Гортения)

Ұлпа гүлдер тұқымдасына жатады.Гортензияның өзіне тән ерекшелігі- гүл шоғыры шатыр тәріздес болып келеді. Гүлдерінің түсі қызғылт, ақ, көгілдір, көк, және қызыл болып келеді.Үйде өсірілетін гортензияның диаметрі 30см үш немесе бес шатыр гүлі болады. Ұлпа гүлдің шыққан жері –Қытай.

Ұлпа гүлді көбейтудің негізгі әдісі-қалемшелеу.Қалемшелеуді қаңтар айынан сәуірге дейін жүргізуге болады.

5.Глоксиния.  (Gloxinia)

Геснер тұқымдасына жататын көпжылдық түйнек тамырлы өсімдік. Отаны –Бразилия. Жапырағы ұсақ, жұмсақ, қоңыр-жасыл болады.Әр алуан реңді, қоңырау пішіндес, ірі, әдемі гүлжарады.Көктемнен күзге дейін гүлдейді.Қыркүйек айының аяғында түйнегі бар құмыраны қараңғы қоңыр салқын жерге қойып, кеуіп қалмас үшін мезгіл-мезгіл суарып отырады.

6.Фикус.(FicuselasticaRoxb)

Тутовалар тұқымдасына жатады. Отаны –Солтүстік –шығыс индия, Непала және Бирма территориялары.Үйде және көпшілік орындарда өте көп тараған өсімдік.Мұны каучук ағашы деп те атайды.Қалемше арқылы көбейтеді.Жарық үнемі біржағынан ғана түссе өсімдік қисайып өседі.Сондықтан оның жан-жағын жарыққа кезек қаратып отыру керек.Үйде көбірек өсірілетін фикустың тағы бір түрі австралиялық фикус деп аталады.

7.Фуксия (Fuchsia)

Кипрейлер тұқымдасына жатады.Өсімдіктің негізгі отаны Орталық –Оңтүстік Американың тропикалық және субтропикалық аудандары. Көбірек тараған үй өсімдігі.Алуан түске боялған гүлдері бағалы.Фуксияның тараған жері Оңтүстік Америка.Ол жақта бұта түрінде болады.Жапырақтары српақтанып, жұмыртқа пішіндес болады.

Фуксия гүлінен де қалемшесінен де көбейе береді.Жазда фуксияны үйден гөрі сыртта ұстаған дұрыс.

8.Сансевиерия ( Sanseviera)

Агавалар тұқымдасына жатады. Отаны-Африка мен Азияның тропикалық аймағы.Мәңгі жасылөсімдік, өрмелегіш тамыр сабағы бар,жапырағы қанжар тәріздес.Ұзындығы 1 метр, ені 7 см. Жапырақтарының түсі әдемі:күңгірт жасыл түсте,ақшыл көлденең сызықтары бар.Ол жас жапырақтарда тіпті әдемі көрінеді.

9.Алоэ (Aloe)

Лалагүлділер тұқымдасына жатады.Алоэ Оңтүстік Африканың шөлдерінде өсетін қуаңшылыққа төзімді өсімдік.Ол үйде көп өсіріледі, бірақ тым сирек гүлдейді.Жапырағы етті, шырынды түсі күңгірт жасыл таспаға ұқсас.Сабағы кейде сүректі болады.

Көбейтудің ең тиімді тәсілі: жас өркен алоэны бөліп алып өсіру.Алоэ өсімдігінің шырыны қазіргі уақытта көптеген ауруларды емдеуге қолданылады.

10.Хлорофитум (Chlorophytum)

Лалагүлділер тұқымдасына жатады.Отаны-Оңтүстік африка. Хлорофитум-әдемі көпжылдық шөптесін өсімдік.Оның жапырақтарының ұзындығы 30-40см, ені 1-2,5см. Жапырақтарының бетінде ақ және сары жолақтары бар.Бөлме жағдайында жақсы өседі.Өсімдік жарықты талап етеді, бірақ аса жарықта жапырақтары дақтанып кетеді.Ең қолайлы температура 10-18 градус.Өсу кезінде өсімдік жиі суаруды талап етеді,қыста сиретеді бірақ тоқтатпайды.Атпа сабақ арқылы көбейеді.Гүлдеу мерзімі көктемде не жазда басталады.

Қорытынды.

   Бөлме өсімдіктерінің әдемі жасыл жапырақтары бөлмеге қысы жазы бірдей көрік беретіні ақиқат, сондықтан бөлме өсімдіктерін күту және баптау тек қана эстетикалық қана емес тәрбиелік маңызы да орасан зор.Әдемі гүлдердің көптігі біздің өмірімізге зиян келтірмейді. Керісінше,  жұпары аңқыған , әсем де сұлу, хош иісті жасыл желектер көп болса , тынысымыз тазарып, өмірге деген белсенділігіміз бен құштарлығымыз арта түседі.Әр үйде, әр мекемеде, мектеп сыныптарында көрсең көзің тоймайтын жайқалған бөлме өсімдіктеріміз көп болса нұр үстіне нұр болар еді.

Пайдаланған әдебиеттер.

  1. Алехин В.В, Кудрешов Л.В «География растений» М., учпедгиз,1961ж.
  2. Верзилин Н.М. «Путешествие домашними растениями» Москва,2002ж.
  3. Воронцов В.В. «Уход за комнатными растениями» Москва,2002ж.
  4. Головкин Б.Н. «Комнатные растения» Москва «Лесная промышленность» 1989ж.
  5. Журкова Е.Н., Ильина Е.Я. «Комнатные растения» Справочная книга для учителей Издательство «Просвещение» Москва- 1968ж.
  6. Капранова Н.Н. «Комнатные растения в интерьере» Издательство Московскогоуниверситета 1986ж.
  7. Клинковская Н.И., Пасечник В.В. «Комнатные растения в школе» Москва «Просвещение» 1986ж.
  8. Клевенская Т.М. «Цветы в интерьере» Москва В.О «Агропромиздат» 1990ж.
  9. Кичунв Н.И. «Цветоводство» Сельхозгиз Ленинградское отделение, 1941ж.
  10. Канапина Е.А. «Сенполии» Алматы «Кайнар», 1990ж.