Бәсекеге қабілетті аудармашыларды дайындаудағы көкейкесті мәселелер

Акбергенова Айдана Шапигуллаевна
ағылшын тілі пән оқытушысы
.
.
  Мақсаты:  Студенттердің ағылшын тілін үйренуде кездесетін қиындықтардың шешімін табу. Ағылшын тілі сабағында инновациялық  технологияларды пайдалану арқылы  студенттерге сапалы білім мен саналы тәрбие беруге үлес қосу, тәжірибе алмасу.
         Студенттерді өзара тіл табысып, пікір алмасуға үйрету, өз жұмысына, топтағы немесе жұптасқан студенттің жұмысына, жауабына сыни тұрғыдан ойлап талдау жасай алу, өз ойын қорытындылай білу интерактивті жұмыс жүргізу.
  Міндеті:    Жаңа технологиядағы жаңа әдістерді ағылшын тілі    пәнінде студенттердің шығармашылыққа , интеллектіні дамытуға   қалыптастыру. Студенттердің ойындағы құмарлығын,  қызығушылығын ескере отырып, шығармашылығын  жетілдіру.
Инновация – педагогикалық процеске оқыту мен тәрбиенің жаңа тұжырымдамаларын, оқу жоспарларын және бағдарламаларын, түрлерін, әдістерін, құралдарын енгізіп, мақсатқа жету. Инновациялық процессіз даму мүмкін емес деп ойлаймын.
Жалпы оқу орындарындағы білім сапасын арттыру үшін:
Сабақта интерактивті әдістерді қолдану;
Әр студенттің психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып заман талабына сай технологияларды қолдану ауқымы, түрлері өзгеріп отырады. Бірақ ең бастысы сол технологияларды тиімді, жүйелі қолдану керек.
Инновациялық технологиялар:
Ойын арқылы оқыту;
Ақпараттық технология ;
Бағдарламамен оқыту технологиясы ;
Модульдік оқыту технологиясы;
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту;
Кәсіби бағдар беру технологиясы ;
Интерактивті оқыту технологиясы .
Осыдан шығатын нәтиже
  1. Түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі.
  2. Студенттердің барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады.
  3. Олардың әрқайсысының деңгейін анықтай алуға болады.
  4. Студенттердің көбін бағалауға мүмкіндік бар.
  5. Студенттерді ізденіске баулып,өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді
  6. Студенттердің қабілеттері, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады.
  7. Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауда, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастырады.
Осыған орай сабақ беру үрдісінде инновациялық әдістердің ең негізгісінің бірі – «интерактивті оқыту әдісі».
Ағылшын тілін саналы меңгерту, оны өз деңгейінде қажеттілікке айналдыру, бір жылғы мәселе емес, сондықтан ағылшын тілін оқыту ісімен шұғылданатын мамандар арасында туындайтын бір сұрақ: ағылшын тілінде өз ойын ауызша және жазбаша еркін жеткізе алуға қалай үйрету керек? Студентті ынталандыру үшін қандай әдіс — тәсілдерді, технологияларды қолданған жөн?
Бұл сұраққа мен былай жауап бергім кеп отыр.
Ағылшын тілі сабағында компьютерді қолдану мәтіндер мен ақпаратты білуге жол ашады. Тіпті нашар оқитын студенттердің өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады, өйткені кейбір жағдайларда компьютер білмеген жерін көрсетіп отырады.
Мен өзім ағылшын тілі сабағында компьютерді, мультимедиялық және электрондық оқулықтарды және интерактивті тақтаны пайдаланғанда төмендегідей нәтижелерді байқаймын:
  • лексиканы оқып үйретеді;
  • сөйлеу ырғағын;
  • диалог және рөлдік ойындарды;
  • хат жазуға үйретеді;
  • грамматикалық құрылымдарды түсіндіріп, студенттің есінде сақтауға көмектеседі.
  • үлгерімі төмен студенттерге көмектеседі;
  • студенттердің сабаққа деген қызығушылығын арттырады;
  • сабақта пайдаланылатын көрнекіліктердің санын арттырады;
  • студенттердің шығармашылығын арттырады;
  • студенттерді жеке жұмыс істеуге үйретеді;
  • грамматикалық құрылымдарды оңай түсінуге көмектеседі;
  • студенттердің есте сақтау, есту, көру, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамытады;
  • пікірталас, талдау, анализ жасау мүмкіндіктерін арттырады;
Сондай ақ интерактивті оқыту технологиясы бойынша  LearningApps, QUIZLET, KAHOOT, сияқты электронды оқыту бағдарламалары кез келген сабақты дайындауға, тапсырмаларды мұқият орындауға көмектеседі. Аталған электрондық оқыту бағдарламаларында көрсетілген корнекілік, жарқын, жаңа компьютерлік элементтері басқа әдістемелік тәсілдермен бірлесе, сабақты ерекше, қызықты, есте қаларлықтай етеді. Мысалы: «LearningApps, QUIZLET, KAHOOT, бағдарламаларын» «Sport in Britain» тақырыбында салыстыру әдісін сабақ барысында колдандым. Студенттер жаңа тақырыпты меңгере отырып Қазақстандағы спорт түрлерімен салыстырып анализ жасап белсенділік танытты. Сонымен қатар студенттер теория мен практикалық жұмыстарын қатар алып отырды. Нәтижесінде жаңа тақырып студенттер өмірімен байланысты болды.
Жоғарыда атап кеткен оқу бағдарламаларын пайдаланарда алдын ала әр студенттің білім деңгейіне қарай тапсырмалар дайындап қоямын,(оның ішінде пазлдар, кроссвордтар, ребус, мәтіндер, түрлі грамматикалық тапсырмалар) студенттер қызығушылықпен орындап, бағаланады. Нәтижесінде студенттерім топпен, жұппен жұмыс атқара біледі. Өз ойларын ашық , нақты және сыни тұрғыдан ойлай біледі. Студенттерімнің сабаққа деген қызығушылықтары артып, топтың білім сапасы көтерілді.        
Мысалы Елтану пәнінен өткен «What do you know about the history of the USA»? тақырыбындағы сабағымда сыни ойлаудың «түртіп алу» стратегиясын қолдандым:        
Студенттер өздерінің бұрынғы білімдерін жаңа ақпаратпен толықтырды. Сонымен қатар сабақтарымның ой толғаныс немесе қорытынды кезеңдерінде «эссе» немесе «жаңа тақырыпқа байланысты тест сқрақтарын құру» тапсырмалар бердім.
Оқыту барысында жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, мен студенттерімді өздігінен білім алуларына, білімдерін күнделікті өмірде қолдана білуге, ізденуге, шығармашылыққа ұмтылуына бағыт-бағдар беріп отырамын. Сабақ бойы студент іздену, жұмыстану үстінде болады.
Студенттерім үшін ең басты жаңалық бағалау болды. Оқыту үшін бағалау- студенттер уақыт кезеңінің ішінде өз білімдерінің деңгейін өздері бағалайтын, кейін мұғалімдермен бірге қадамдарын айқындайтын үдеріс. Ашық сауалдар, оқыту міндеттерімен алмасу сияқты әдістер студенттердің өз біліміне белсенді қатысу қабілетіне қатты әсер етеді. Олар өзінің оқу үлгерімінің деңгейін біледі және алдағы мақсаттарға қарай жылжиды.
Қорытынды