Бәсекеге қабілетті маманды қалыптастыруда өндірістік оқыту шеберінің рөлі

Сраилова Айгуль Маратовна

Өндірістік оқыту шебері

.

.

Жас ұрпақты оқыту және тәрбие беру – мемлекетіміздің, қоғамымыздың, оқу мекеменің басты міндеттерінің бірі. Елбасымыздың жастарымыздың алдына 30 ең  бәсекеге қабілетті дамыған елдердің қатарына кіретін қазіргі заманға сай және жаңа Қазақстанның құрылысын іске асыру міндеті қойылды. Жастарымыздың басты мақсаты мамандық пен сапалы білім алу, кәсіпқой маман атанып, тәуелсіз Қазақстанның пайдасына игі істерді атқару.

       Өндірістік оқыту шеберінің   лауазымдық міндеттері: 

  • өндірістік оқыту бойынша практикалық сабақтар мен оқу-өндірістік жұмыстарды, кәсіпорындарда кәсіптік тәжірибені ұйымдастырады және білім алушылардың тәрбие жұмысын өткізеді және олардың топтарда орындалуын қамтамасыз етеді;
  • Сабақтарға құрал-саймандар мен тиісті жабдықтарды дайындайды, материалдық базаны жетілдіреді.
  • Білім алушыларды еңбек қауіпсіздігін сақтауды, жұмыстарды орындаудың, жабдықтарды пайдалану мен қызмет көрсетудің, еңбек ұйымдарының озат нысандарын, материалдық және энергетикалық ресурстарды ұқыпты жұмсаудың тиімді тәсілдері мен амалдарына үйретеді.

    — Оқу (өндірістік) практикасын өткізу жөнінде әлеуметтік серіктестіктермен жұмысқа қатысады. Білім алушыларды білікті жұмыстарды орындауға және біліктілік емтиханын тапсыруға дайындайды. Өндірістік оқытуды және кәсіптік тәжірибені жоспарлау, есепке алу және есеп беру, топта тәрбие жұмысын жоспарлау, есепке алу және есеп беру жөніндегі құжаттамаларды жүргізеді. Оқу шеберханаларын жабдықтармен және аспаптармен, материалдармен, қосалқы бөлшектермен және оқыту құралдарымен уақытында қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолданады. Технологиялық құжаттамаларды, сызбаларды, нобайларды, эталондарды дайындайды.      Білім алушылардың еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді. Техника қауіпсіздігі бойынша нұсқамалар өткізеді. Әдістемелік комиссия, бірлестіктердің жұмысына қатысады.

      Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының  «Білім туралы» «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» заңдарын және кәсіптік оқыту мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін; өндірістік оқыту бойынша оқу бағдарламаларын; өндіріс технологиясын, жабдықтарын, оларды техникалық пайдалану техникасы мен ережесін; педагогика, психология, білім алушыларды кәсіптік оқыту мен тәрбиелеудің әдістемелерінің негіздерін; экономика, еңбек туралы заңнамалар негіздерін; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелерін.

      Біліктілікке қойылатын талаптар: біліктілігі жоғары деңгейдегі маман: бейіні бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі болуы тиіс, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

      Оқыту үрдісінің  негізгі мақсаты – білім мазмұнын меңгеру. Бұл оқыту бағдарламасындағы нені оқыту керек және неге үйрету керек деген сөз. Білім беру мазмұнында кәсіби техникалық білім беру негізінде білкті жұмысшыларды дайындау мақсатында әлеуметтік мақсаттар көрсетіледі. Сабақтың мақсаты оның келесі құралдарын анықтайды: формасы, әдіс, тәсілдері, ұйымдастыру түрі, материалды-техникалық құралдары. Оқыту үрдісінің  барлық негізгі компоненттері тығыз байланысты. Оқыту мақсаты білім мазмұнында анықталады. Білім мазмұны оқытушының оқыту формасы мен әдісін (педагог әрекеті) және оқытуды (оқушының әрекеті) анаықтайды.      Өндірістік  оқытудың  мақсаты  –  анықталған мамандық бойынша  оқушының бойында негізгі  кәсіби шеберлікті қалыптастыру;

Өндірістік  оқытудың негізі – бұл оқу-тәрбиелік мәселерді шешу жолындағы оқушылардың өндірістік еңбегі.

Өндірістік оқытудың мазмұны – оқылатын мамандық негізінде оқушыларға білім, білік және дағдыларды қалыптастыру.

Өндірістік  оқыту үрдісі – теория мен практиканың  тығыз байланысы.

Практикалық білік  пен дағды даму, тереңдетілу және кеңею барысында қалыптасады. Өндірістік оқыту теориялық оқытуға қарағанда небәрі күрделі және кең ауқымды. Соған байланысты, өндірістік оқыту шеберінің ақпараттық қызметі, басқаруы, бағыт беруі және нұсқаулық қызметі оқытушымен салыстырғанда ауқымды.

           Өндірістік оқыту сабағын ұйымдастыру барысында нұсқау жұмыстарының ерекше орын алатынын ескере отырып оның мынадай түрлері: кіріспе, нұсқау, негізгі нұсқау (негізгі бөлім), қорытынды нұсқау.

Кіріспе нұсқау — оқушыларға белгілі бір жұмысты белсенді және саналы түрде атқару үшін жүргізілетін алғашқы дайындық. Нұсқауда тәжірибе жүргізу мен түсіндіру жұмыстары қатар жүргізіледі.

Кіріспе нұсқау, негізінен, өндірістік оқыту сабақты өткізу барысында жүргізіліп, мына үлгідегі құрылымды қамтиды:

1 Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

2 Оқушылардың теориялық дайындығын тексеру.

3 Сабақта жоспарланған жұмыс мазмұнын түсіндіру, жаттығулар мен өз бетінше жұмыстардың орындалу тәртібі;

4 Жасалынатын техникалық бұйымдардың сұлбасын, кестесін қарастыру.

5 Оқу — өндірістік жұмыстарға қажетті материалдық объектілерді демонстрациялау.

6 Оқушыларға оқу — өндірістік жұмыстарды орындауға қажетті құрал-жабдықтармен, құрылғылар мен аспаптармен таныстыру.

7 Жұмысты тиімді орындау, сапасын бақылау тәсілдері мен дәрістерін түсіндіру және демонстрациялау.

8 Қателіктер мен ақаулардың алдын алу және болдырмау шараларын қарастыру

9 Оқу-өндірістік жұмыстарды атқару кезінде жұмыс орнын тиімді ұйымдастыра білуді түсіндіру және көрсету.

10 Шеберханада, не өндірісте жұмысты атқару кезінде, техникалық және қауіпсіздік ережелерін ескеру.

11 Кіріспе нұсқаудың қалай түсінгенін сұрау, бақылау, бекіту егер қажет болса тиісті жерлерін қайталау.

12 Оқушыларға тапсырма беріп, жұмыс орындарына бөлу. Бұл келтірілген құрылымдар оқу мазмұнының ерекшелігі мен күрделілігіне қарай, не өндірістік оқыту шеберінің оқу не тәрбие мақсатына байланысты ішінара өзгеріске ұшырауы да мүмкін.

Ағымдағы нұсқау — кіріспе нұсқаудан соң жүргізіліп еңбек жаттығуларын орындауда жиі жіберілетін қателіктерді болдырмауға бағытталады. Ол әрбір оқушымен жеке өткізіледі. Ағымдағы нұсқау кезінде өндірістік оқыту шебері оқушының жұмыс орындарын аралап, тексеріп мына нәтижелерге назар аударуы тиіс:

  • жұмыс орнының дұрыс ұйымдастырылуына;
  • еңбек қызметін, тәсілдерін дұрыс атқаруға;
  • бақылау — өлшеу аспаптары мен құрал — жабдықтарды дұрыс пайдалануға;
  • техникалық құжаттарды дұрыс пайдалана білуге;
  • техника қауіпсіздігі ережелерін және өндірістік санитария мен гигиена нормаларын сақтауға.

Ағымдағы нұсқау кезінде шебер өндірістік орындағы оқушылардың жұмыс орнын кезең-кезеңімен мына төмендегі мақсаттарды шешу үшін, бірнеше ретжүргізеді.

Қорытынды нұсқау — шебердің жұмысты атқару кезінде істің сапасы, дұрыс орындалуы және жіберілген қателіктердің жалпы сипаттамасы қорытындылады. Олөндірістік оқыу соңында,не тиісті оқу бағдарламасы не тараулар аяқталған соң, оқушылармен белсенді әңгіме түрінде жүргізіледі.

Жазбаша нұсқау — өндірістік оқыту процесінде дидактикалык жазыққа ие. Өйткені ол, түрлі ақпараттық мәліметтерді біріктіреді; сөздік, графикалық сызбалы, кесте толтыру т.б.

Жазбаша нұсқа — өндірістік оқу жағдайында кеңінен қолданылады. Жазбаша нұскау білім алушылардың өз беттерінше дағдылықтарын дамытуда, өңдеутехнологиясын дұрыс табады, мамандықты тез игеруіне көмектеседі, өндірістік оқуды шебер басқаруды жеңілдетеді. Өндіріс кәсіпорнында және шеберханалары да нұскау материалдары оқылады. Білім алушылар шебердің көмегінсіз, инструкциямен жұмыс жасауға дағдыланады. Жазбаша нұсқаудың тиімділігі кандай жағдайы жоғарылайды. Егер дидактикалық талап бойынша дұрыс жауап берсе және 

Өндірістік оқытуда басқа әдістермен сәйкес қолданылса. Өндірістік оқыту шебері жазбаша нұсқадан картотека, нұсқау түрін, тақырыбы бойынша бағдарлама, тақырыпты анықтау, жұмыс түрін, орындалу операциясы, жазба нұсқауларын құру, әр жаттығудың орындалу тәртібін анықтау, өңделу технологиясының түсінігі, жұмыс ережесі және жазба карта түрлерін анықтап  жасауы тиіс