Бағдаршамдар түрлері

Пәні: Темір жол техникалық құралдар
Сабақтың тақырыбы: Бағдаршамдар  түрлелері
І. Сабақтың дидактикалық негіздемесі:
  1. Сабақ түрі: аралас сабақ
  2. Оқыту әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау ,ойын, және «топтастыру» стратегиясы.
  3. Пәнаралық байланыс: физика, химия,сызу, геометрия
  4. Сабақ көрнекілігі: тірек сызбалары, тасымалды сигналдар, қоршау сигналдары, бағдаршам макеті.
  5. Сабақтың мақсаты: Студенттердің кәсіби қызығушылықтары мен өткен  «Бағдаршамдар  түрлелері» тақырыбын қайталау негізінде  тасымалдау сигналдар  туралы түсініктерін  қалыптастыру.
  6. Міндеттері:
6.1 Білімділік: Студенттерге бағдаршам  сигналдар ұғымы, бағдаршам сигналдардың атқаратын қызметі, орналастыру және қойылу тәртібі, машинист көмекшісінің бағдаршам сигналдарды пайдалану кезеніңдегі іс-әрекеті туралы түсінік беру. 
6.2 Дамытушылық. Студенттердің бағдаршам  туралы түсініктерін қалыптастыру арқылы логикалық ойлау қабілеттерін және жауапкершілік пен зейінің дағдыларын қалыптастыру.
6.3 Тәрбиелік: Мамандық туралы қөзқарастарын дамыту, кәсіби қызығушылықтарын арттыру. Белсенділіктерін арттыру, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, дамыту.
  1. Күтілетін нәтиже:
7.1. Оқушылар түсінуге тиіс:
Дұрыс, ретімен бөлшектеп, жинау жұмыстарын меңгеру.
Техника қауіпсіздігін жетік меңгеру.
7.2. Оқушылардың құндылық бағдары болуы:
Уақыт талабына сай  сапалы  жұмыс жасау, жаңа техниканы тез меңгеру.
7.3. Оқушылар жасай біледі:
Мотор бөлшектерін сапалы түрде бөлшектеу және жинау жұмыстарын жасау.
  1. Қолданылған әдебиеттер:
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ІІ. Сабақтың барысы:
  1. Ұйымдастыру кезеңі
студенттермен амандасу
студенттердің сабаққа даярлығын тексеру
  1. Мақсат қою кезені:
кәсіби қызығушылықтары мен  өткен  тақырыбын қайталау негізінде  бағдаршам сигналдар  туралы түсініктерін  қалыптастыру.
бағдаршам   сигналдар туралы ұғым
бағдаршам  сигналдардың түрлері және олардың орналасуы
  1. Үй тапсырма тексеру кезеңі
Студенттерге тақырыпты еске түсіру мақсатында сұрақтар қойылады:
  1. Сұрақ-жауап
  • Бағдаршамның негізгі атқаратын қызметі?
  • Неше бағдаршамдар бар?
  • Бағдаршамдардың түрлерін атаңыз.
  • Қандай қол сигналдарын білесіндер?
  1. 2. «Кім жылдам?» Менен сигналдың атауы, сізден сигналды көрсету. Сигналдардың мағынасын және қызметі туралы білімдерін тексеру мақсатында  таратпа материалдар (сигнал карточкалар) арқылы   ойын түрде сайыс өткіземіз.  
Сіздердің алдарыңызда әртүрлі теміржол сигналдар жатыр. Мен атаған сигналдарды көрсетулеріңізді сұраймын!
Қаупті жердің басы;
Тоқта! Жүріге болмайды!
Жылдамдықты азайту!
Қаупті жердің аяғы
Бекітілдген жылдамдықпен жүру.
Локомотив сигналы
  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Тасымалды сигналдарға жататындар:
екі жағынан да қызыл түсті немесе бір жағынан қызыл, ал екінші жағынан ақ түсті тік бұрышты пішіндегі қалқандар, сары түсті сары квадраттық қалқандар, сырықтардағы қызыл түсті шамдар, сырықтардағы қызыл жалаулар.
Тасымалда сигналдардың қоятын талаптары:
Қызыл түсті тік бұрышты қалқан (немесе сырықтағы қызыл жалау) күндіз және сырықтағы қызыл шамның жарығы түнде
Тоқта! Сигналдан өтуге тыйым салынады
Сары түсті квадратты қалқан күндіз және түнде;
қауіпті жер;
аралықта орналасқанда-«жылдамдылықтың азайтылуымен қозғалыс рұқсат етіледі, алдыда тоқтатуды немесе азайтылған жылдамдықпен жүрін өтуді талап ететін қаупті жер бар!»;
станцияның басты жолында «Жылдамдықтың азайтылуымен қозғалыс рұқсат етіледі, алдыда тоқтатуды немесе азайтылған жылдамдықпен жүріп өтуді талап ететін қауіпті жер бар»;
қалған станциялық жолдарда –«сигналды ескертпеде көрсетілген жылдамдықпен өтуге, ал ол жоқта-25 км/сағ аспайтын жылдамдықпен өтуге рұқсат беріледі.»
Квадратты қалқанның екінші жағы (жасыл түсті) күндіз және түнде аралықта және
станцияның басты жолында машинист бүкіл құрамымен қауіпті жерден өтіп болған сон
жылдамдықты белгіленгіен шамасына де»ін арттыруға құқығы бар екенін көрсетеді.  
Дәптермен жұмыс.
 
  1.  Сабақты бекіту:
Студенттердің жаңа сабақты толық меңгеруін тексеру мақсатында тірек-сызба беріледі. Онда  тасымалды сигналдарға қатысты барлық ұғымдар жазады.
  1. Рефлексия.
Сөйлемді таңда және оны жалғастыр:
–Мен бұрыннан …………білдім.
–Мен бүгін ………………білдім
-Маған сабақ қызықты болды, өйткені…………
-Маған сабақ қиын болды, өйткені……….
  1. Қорытындылау
Оқушыларды берген жауаптарына қарап  бағалау.
Үй тапсырмасы: