Балмұздақтың адам денсаулығына пайдасы мен зияны

Саитбеков Асылжан
Жетекшісі: Әнуарбекова И.Ә.
.
.

Күн ысыған кезде, балмұздақ жеп салқындайын, деген адам аз емес шығар. Балалар болса балмұздаққа тіпті құмар болады. Ал балмұздақ қайдан шыққан, оның құрамында не бар, оның адам денсаулығына пайдасы бар ма, әлде зиян ба? Осы сұрақтарға жауапты екінің бірі біле бермейді. Біз өз жұмысымызда баспасөз, интернет материалдарын оқып, зерттеп, осы сұрақтарға жауаптар іздеуге тырыстық.

Зерттеу кезеңдері :

1.Ғылыми әдебиеттерге,баспасөзге шолу жасау.

2.Интернет мәліметтерімен танысу,іріктеу.

3.Үй жағдайында балмұздақ жасауға болады.

4.Зерттеу жұмысын жинақтау, қорытындылау.

Эксперимент бөлімі: Балмұздақ жөнінде баяндалып жазылған баспасөз,

интернет ақпараттарымен танысу.Балмұздақтың адам өміріне пайдасы мен зиянын білу.

Зерттеу жаңалығы мен дербестік нәтижесі :

— Балмұздақтың құрамы туралы жан-жақты сипаттама берілді.

— Балмұздақтың пайдасы мен зияны көрсетілді.

— Үй жағдайында жасалған балмұздақ таза,дәмді болатыны дәлелденген.

Зерттеу жұмысының негізгі болжамы : Бұл жұмыс кезінде салыстыру,сәйкестендіру, тұжырымдау,анализдеу және нақты материалдарды  қорытындылау әдістерімен жұмыс істедік.Балмұздақтың зиянын біле отырып,аурулардың алдын алуға болады.

Зерттеудің теориялық және практикалық мәні : Ғылыми әдебиеттерге шолу жасау арқылы жан-жақты зерттеу және балмұздақтың пайдасы мен зияны дәлелдеу жұмыстың теориялық мәні болып табылады. Жұмыс барысында қолдан жасалған балмұздақ көпшіліктің тұрмыстық жағдайда жасап, пайдалану мүмкіндігі, яғни қол жетімділігі жұмыстың практикалық мәні болып табылады