Бас қанқасының дамуы. Жас шамасына, жынысқа байланысты ерекшелігі. Бас қанқасы ми сауытының сүйектері

Рахимбаева Айнур Ахметовна

Оқытушы

.

.

Президенттің жолдауында: Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады — деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз. Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген, білім мекемелерінің педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны тиімділігіне қарай п айдалану мұғалімнен ү лкен шеберлікті талап етеді. Жаңа технология бойынша өз сыныбыма Ж.Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясын математика және қазақ тілі пәндеріне қолданамын. Мұндағы мақсатым- өз бетімен дами алатын, әртүрлі өмірдің қиындықтарына төзе білетін, белсенді, білімді оқушы тәрбиелеу. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға, елестету мен есте сақтауын , белсенділігін дамытып , білім сапасының артуыны көмектеседі.

1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.

2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балараға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

3) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс. Сабақ өткізу формаларын және түсіндіру әдістерінің жаңа тәсілдерін күнделікті сабаққа қолдануға тырысамын.

            Көбінесе мына жағдайларға көңіл бөлемін:

1) сабақтың мазмұны, 2) сабақты өткізудегі тәсілдері мен әдістерін таңдау, 3) сабақтың нәтижелігі.     
        Деңгейлік тапсырмалардың ауқымы өте кең.Оқулықтағы жаттығулар өтілген ережелер бойынша қайталау, пысықтау бекіту жұмыстарына арналған тілдік грамматикалық жұмыстар жүйесі. Деңгейлік тапсырмалар құрамына мәтіндер, тренингтер жүйесі қамтылады . Бұлар оқытудың деңгейіне сәйкес оқушыны саралап оқытуға ыңғайлы,әрі оқу бағдарламасы бойынша оқушының жас ерекшелігі мен білім деңгейіне сай құрылады. Бұл технологияның ерекшеліктері төменгідей ,-білімнің базалық деңгейінің барлық оқушылар үшін міндеттілігі;-оқушыға берілетін тапсырманың саралануы;-оқушының бірте- бірте өрістей дамуына мүмкіншілік жасау; -оқушының оқу деңгейін таңдауға ерік беру;-оқушы өз мүмкіндігіне орай тек міндетті деңгейде білім алуға ерікті. Деңгейлеп оқыту әр оқушының белсенділігін оятады. Бұл технологияның мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.

ІҮ деңгей. Берілген суреттегі зат атауы бойынша жұмбақ құрастыр.
Бұл технология оқушының да , мұғалімнің де белсенді шығармашылық қызыметін дамытуға бағыттайды. Деңгейлік тапсырмалар төрт деңгейде беріледі .

1-деңгейдегі тапсырмаларын орындау барысында танып білу және үлгі бойынша қолдану арқылы орындалады, яғни жаңа сабақ бойынша берілген тапсырмалармен жұмыс жүргізіледі. Бұл тапсырмалар білімнің минималдық шегі, мемлекеттік стандарт талабына сәйкес бағдарлама мөлшерінен аспайтын, оқушының жас ерекшеліктерне сай болады.

2-деңгей тапсырмалары түрленіп , күрделене түседі. Оқушы өз бетімен керегінше қызмет етеді. Оқу мотивтері қанағаттанарлық дәрежеде. Ықыласы жоғары. Оқушының қабылдауы , жазба жұмыстарын орындау көрсеткіштері міндетті деңгейден әлдеқайда жоғары болады.

3- деңгейдегі тапсырмаларына , талдау, жинақтау, қорыту барысын да есептер беріледі. Ал 4- деңгейлік тапсырмалар дарынды , ізденімпаз, қабілеті жоғары , талапты балаларға арналады. Ондай оқушыларға мұғалім тек тақырыбын ғана береді,оқушының өзі мақсатын қояды, нәтижесіне жетеді, жазба жұмыстарын өз бетінше орындайды.
Дамыта оқытуда баланың ізденушілік –зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады.Ол үшін бала өзінің осы кезеңге дейінгі тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезініп ,содан барып оның білімін алуға деген ынтасы артып,білім алуға әрекеттенеді.

Сабақ мұндай жағдайда 3 құрамдас бөліктерден тұратын болады.
1. Оқу мақсаттарының нақты қойылуы.
2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.
3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.

Тапсырма бергенде мұғалім бағыт бағдар береді, жетелейді. Ары қарай оқушы өзі іздену керек. Яғни, дамыта оқыту өздігінен жұмыс істеуге, алған білімді қолдана білуге үйретеді. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, оқылған материалдар бойынша алған білімдерін тексеру барысында, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыра түсу үшін, төмендегідей шығармашылық жұмыстар жүргізуге болады.
           Жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігін қашан да жолға қоярымыз анық. Соның бірі – Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясын сабақты жоспарлауды қолданудың тиімділігі. Мұнда әр оқушының ойы шыңдалып, өз даму деңгейіне сай жетістіктерге жетуге болады.

Сын тұрғысынан ойлау жобасы мынандай үш құрылымнан тұрады: 
— қызығушылықты ояту; 
— мағынаны тану; 
— ой-толғаныс. 

              Бұл технологияда бұрынғы білім мен жаңа ұғым ұштастырылады. Ал, соңғы кезеңде оқушы өз шығармашылығынан қабілетін таныта алады. Мұнда оқушыға ойланып-толғануға уақыт берілуі керек, ойын айтуға оқушы шығармашылығын қалыптастыратынын атап өту керек. 
Сабақтың қай құрылымында болмасын оқушы осындай стратегияларды қолданғаны дұрыс Мен не ұқтым? және Мен нені білгім келеді? деген сұрақтарды есінен шығармауы керек. 
Мағынананы тану кезеңінде оқушыларды топқа бөлу арқылы сұрақтар дайындап , оны мазмұны, стратегиясы арқылы жүзеге асыруға болады. Сұрақтар үш деңгейде әзірленеді. Дайындалған сұрақтарға оқушылар өз ойларымен жауап бере отырып, бұл сұрақтар оқушылардың деңгейіне сай топтастырылады. 
            Бұл технологияның келесі бір кезеңі – ой-толғаныс. Мұнда “Венн” диаграммасын қолдану арқылы тақырыптардың ұқсастығы мен айырмашылығын көрсетугеболады. Осы кезеңде оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастыру мақсатында сабақ тақырыбына байланысты яғни, пікір-сайыс өткізуге немес 5 жолдық өлең жаздыруға болады. Мұндағы мақсат – оқушылардың өзіндік көзқарасын қалыптастыру. Сол 5 жолдық өлеңді жазғанда сабаққа қабілеті т өмен деген оқушылардың өзі 3,4 сөз тіркестерін құрастырып өз ойын жазса , соның өзі оқушыны сабаққа тарта білгеніміз деп білемін. Мысалы: Ана тілі пәнінен Құмырсқалар тақырыбын өткен кезде алдымен оқушыларға жеке жұмыс ретінде Білемін. Білгім келеді. Білдім кестесін толтырады. Мағынаны тану кезеңінде топтарға сұрақтар беріледі. 1 топ Көрші қыз, 2 топ Құмырсқалар шайқасы, 3 топ Күш біріктіру Осы топтар берілген сұрақтарға жауап тауып бір- біріне түсініктерін айтады. Сонда тұтас мәтін мазмұны толық түсінікті болады. Ой толғаныс құрылымына сай , тақырып бойынша тілдік дағдыларын қалыптастыру барысында 5 жол өлең құрауға болады. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту оқушының ойлау қабілетін дамыту үшін өздігінен жұмыс жасауға , өз ойын тұжырымдауға дағдыландыруға, оқушының белсенділігін арттыру барысында проблемалық сұрақтарды пайдалануға негізделеді. Олай болса, әр сабақта оқушылардың бірлесіп жұмыс жасауына қолайлы жағдайлар жасап отыру керек. Ұжымдық іс- әрекет білім игеруде ортақ қарым- қатынас құралына айналады.
          Инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, мұғалімнің кәсіптік шеберлігін арттыруға басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған. Мұндай технологияларды қолдану — оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады. 
Аталмыш тақырыпта жазылған эссемді қорыта келе мынадай тұжырымға тоқталдым. Оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында жаңа білім парадигмасына сүйене отырып, біз оқыту технологияларының тиімді жақтарын таңдап алуымыз қажет және оқу-тәрбие үрдісінде озық технологияларды белсенділікпен енгізуіміз керек. Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны дамытуды міндеттейді. Қазіргі кезеңдегі педагогикалық инновация білім беру жүйесіндегі жаңалықтарды топтастырады. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан- жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
           Жаңа технологияның мақсаты- оқытуды ізгілендіру, оқушының шығармашылық қабілеттерін арттыруға өз үлестерін қосады.

 

            Пайдаланған әдебиеттер:
Ә.Оразбаева. Дамыта оқыту сабақта. №1-2. 2013ж.
Г. Каленова. Ш. Қабдллина. Инновациялық технологияларды қолданудың тиімді жолдары Открытая школа №2. 2013ж.
Ж.Садуова Инновациялқ технологияларды білім беруде қолдану білім. Алматы, № 5. 2006ж
Қ.Мамбетова. Сабақта жаңа технологияны пайдалану. №5-6 .2013ж.