Баскетбол: допты алып жүру және беру

Ауезбаев Мереке Койшиевич
Учитель физической культуры
.
.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:  

VII– тарау:  7.2. бөлім Спорттық командалық ойындар арқылы бірлесе әрекет етуі

Мектеп: Астана қ. №55 орта мектеп
Күні: 07.10.2017 ж. Мұғалімнің аты-жөні: Ауезбаев М.К.
Сынып: 7 «Б»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Баскетбол. Допты алып жүру және допты беру
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

7.1.5.1 – композициялық идеялар мен стратегиялар, қарапайым тактикаларды бағалау және құрастыра білу

Сабақ мақсаттары

  • Шағын ойын тапсырмалары бойынша топтарда қауіпсіз жұмыс істеу.
  • Негізгі шабуылдау стратегиялары мен тактикаларын бәсекелестік ойында қолданудың түрлі жолдарын ашу және табу.
  • Шабуыл кезінде шығармашыл болу қажеттілігін түсіну.
Жетістік критерийлері

·         Бастамашылық, қиялдылық және шығармашылықты көрсететін озық қорғаныс және шабуыл тактика және стратегияларды дамыту.

  • Озық шабуыл және қорғаныс стратегия және тактикаларды талдау және сынау.

Тілдік  мақсаттар

 

·      шабуыл мен қорғаныстағы командалық жұмыс

·      жүгіру, жылдамдықты өзгерту, бағыт

·      пас, допты лақтыру

·      ойын қисыны

·      кеңістікте бағдарлану

·         допты жұлып алу

·         допты қорғау

Диалог / жазылымға арналған пайдалы сынып тілі:

Талқы мәселелері:

Сұраңыз: Команда шабуылын жетілдіру үшін жаңа тактиканы қалай жасай аласың? «Тез үзіліс» кезінде қай стратегия ең нәтижелі?

Сен неге … айта аласың ба?

Ойын кезінде шығармашыл болу неге маңызды екенін айта аласың ба? Ойын  барысында  жаңа тактикалар мен стратегиялар дамыту неге маңызды екенін айта аласың ба?

Құндылықтарды дарыту

Адал ойын, топтық жұмыс, серіктестікке,.адамгершілікке ,патриоттық сезімге тәрбиелеу

Пәнаралық байланыстар

Математика, биология
АКТ қолдану дағдылары

Оқушылардың зейін шоғырландыру;

Бастапқы білім

10 минут

 

Оқушылар сабақ барысында және сабақтан тыс уақыттарда алдыңғы сыныптарда алған білімдері бойынша командалық спорттық ойындардағы білімдер мен дағдыларға ие.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет  

 

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

·         Оқушыларға сұрақ қою: Сабақ тақырыбы, оқу мақсаты қандай деп ойлайсыз?

·         Оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын, оқу мақсаттарын анықтап алу;

·         Сабақ сонында күтілетің нәтижелерге тоқталу;

·         Баскетбол добымен орындалатын денені қыздыруға арналған жүру, жүгіру кезіндегі жаттығуларды орындау;

Арнайы созылу жаттығуларын өткізу

Кең, таза кеңістік. Мұғалім үшін ысқырық, секундомер. Баскетбол добы және конустар

 

 

 

Сабақтың ортасы 

11-15 минут

16-30 минут

  

30-35 минут

 (Б, Т, Ф) Мұғалім қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық өткізеді. Оқушылар баскетбол ойыны кезінде  негізгі қауіпсіздік талаптарын қарастырады.

(С, Т, ЖЖ) 1) Допты аяғының арасынан өткізіп «сегіздік» жасау

2) Екі қатарға тұрғызып, допты орнында алма кезек жерге соғу.

3) Допқа қарамай оң және сол қолымен жерге соғу.

4) Конустар арқылы доппен орындалатын  жаттығулар:

4.1) Допты кедергілер арқылы екі қолмен допты алып жүру.

4.2) Доппен әр конустан айналып өту

4.3) Допты бір қолымен алып жүріп, екінші қолымен конустарға жанасу

5) Оқушыларды 3-4 топқа бөліп, допты беру арқылы себетке лақтыру.

 

6) Оқу- жаттығу ойыны 5х5. Ойыншылар бір- бірімен әрекетесе отырып «допты беру- ашылу» жүйесі бойынша ойнайды.

https://youtu.be/RX9yk3RjWtM

 

Доптар, мұғалімге арналған ысқырық, бос ойын кеңістігі , конустар

Сабақтың соңы

36-40  минут

Талқылауға арналған сұрақтар:

Сандық артықшылық немесе кемшілікпен  шабуыл кезінде қандай тактика мен стратегияларды қолданар едіңіздер?

Команданың жеңіске жету үшін тактикалқ шабуылдың маңыздылығын айтып беріңіздер?

Кең,таза кеңістік.

Саралау – оқушыларға қалай  көбірек қолдау көрсетуді  жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

·      Композициялық тапсырмалар кезінде нәтижесі, тапсырмасы мен жабдығы бойынша айырмашылық.

·      Өз қимылдар сөз қорын тереңдету үшін реттіліктерін құрғанда қабілетті оқушыларға қиындау сұрақтар қою.

·      Сәл әлсіз оқушыларға көмектесу үшін композициялық тапсырмаларды және де топ мүшелері санын азайту немесе жеңілдету.

Ең жақсы өрнектерді таңдап, сөз қорын тереңдету үшін барлық оқушылармен бөлісу.

 

 

 

 

 

·      Байқау, тыңдау, сұрақ қою.

·      Оқушылар қозғалғанда қажет болғанда тоқтап, қауіпсіздік туралы біліп, тапсырмаға қатыса ма?

·      Оқушылар допты алып жүру және бір- біріне беру әдістерін дұрыс орындай ала ма?

 

·      Ғылыммен байланыс – денсаулық пен дене, қауіпсіздік

·      Математикамен байланыс: айналу осьтері, кеңістік, бағыт және бұрыштар.

·      Басқалармен жұмыс істеу, пікірлерді құрметтеу.

 

Сабақ бойынша рефлексия

 

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

 

 

Жалпы баға

 Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

 2:

 Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

 2:

 Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?