Бастауыш сыныптарда «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пəнін оқытудың маңыздылығы

Байкенова Маншук Жангельдикызы
Информатика пәні мұғалімі
.
.
Білімнің нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдірет күші тек білімге ғана тән. Қазақстан елінің өсіп өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуының ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына тікелей байланысты. Бүгінгі мектептің мақсаты – әр оқушының жеке тұлғалық қадамына жол ашу. Ұлттың болашағы бі­лім-ғылыммен қаруланған келешек ұрпақ­тың қолында.
  Ғылым мен техниканың жылдан жылға кең өріс алып, жедел қарқынмен дамуы, білімнің негізі болып табылатын – бастауыш сыныптарға өз әсерін тигізуде. Бастауыш білім жүйесінің басты мақсаты — әрбір оқушыны информатика ғылымының алғашқы фундаментальді білім негіздерімен  таныстыру, шығармашылық қабілеттерін дамытуда  жаңа ақпараттық технологияны пайдалану және оның тиімді  әдістемесін ұсыну..
         «Ақпараттық-коммуникациялық технология­лар» пәнін оқыту барысында көзделген басты мақсат – білім алушылардың оқу мен күнделікті өмірде есептей білу дағдыларын дамыту, робот техника, базалық білім, заманауи ақпараттық технологиялармен жұмыс жасаудағы білік және дағдыларды тиімді қолдануын қамтамасыз ету.  Алдымен жаңартылған мазмұнда білім алушыларға компьютер туралы, қазіргі заманғы цифр­лы құрылғылар және олар­дың қоғамдағы рөлі туралы бастапқы ақпараттар беру, бі­лім алушылардың әртүрлі қолданбалы бағдарламаларды қол­дану арқылы өз идеяларын ұсыну дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету, сондай-ақ интернет желісінде жұмыс істеуге дағ­дыландыру. Компьютерлік бағдарламалар арқылы əр түрлі есептер, ойындар, жобалар, суреттер салуға компьютерді меңгерген кез келген адамның мүмкіндігі болады. Пəнге қызыққан оқушы ғана белсенділік танытатыны бəрімізге белгілі, сондықтан оқушылардың сабаққа ынтасының жоғары болуы, жоғарғы деңгейде көрінуі мұғалімге жүктелетін міндет.
Елбасымыз Н.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын. Мұғалім  оқушының  жеке  тұлғалық және интеллектуальды дамуын жобалаушы. Ал бұл мұғалімнен ақпараттық құзырлылықты, ұйымдастырушылық қабілеттілікті, оқушыларды қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімдеу, олардың зерттеушілік дағдыларын дамыту бағыттарын талап етеді. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгір болуы емес тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс жасап, оқу мен тәрбие ісіне еніп,  оқытытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.
Бастауыш сыныптарда «Ақпараттық-коммуникациялық технология­лар» пәнін төмендегідей сипаттауға болады:
  1. Компьютерлік сауат ашудың бастау негізі;
    2. Ойды логикалы түрде дамыту;
    3. Алгоритмдік білімді жетілдіру мен мақсатты шешудегі жүйелілік;
    4. Компьютерді үйренудің оңай жолдарын іздеу.
Бастауыш сыныптарда бала үшін оқудың негізгі саласы ойын болып табылады. Ойын және ойын жағдайлары баланың жан-жақты ой-өрісінің дамуына да, тәрбиесіне де әсер етеді. Сонымен бірге әртүрлі педагогикалық мәселелерді шешуге көмектеседі. Информатиканы ойын әдістемелері негізінде өткізу өте пайдалы. Себебі бұл өзіне барлық жұмыс түрлерін қосып баланың шығармашылықпен жұмыс істеуіне, ой – өрісінің дамуына кең мүмкіндік береді.
Адамның тұлғалық қалыптасуы – үздіксіз және күрделі процесс. Ол білім алудың белгілі бір сатысымен шектелмейді. Бүгінгі таңда демек болашақта да білім қажеттілігі адамның белсенді өмірін қамтиды. Сондықтан жастардың бүгінгі білімі – болашақта өз білімін жетілдірудің және өз бетімен білім алуларының тек қана негізі. Мұнан шығатын қорытынды – оқушыларды үздіксіз білім алуға дайындаудың тиімді жолдарын іздестіру.