Үздік қаржыгер

Маникова Гульмира Орынбаевна
Преподаватель специальных дисциплин
.
.
Сайыстың мақсаты: нарықтық экономика жағдайында студенттерді мықты маман иесі болуға баулу. Қаржы саласында кездесетін мәселелерді тез, ұтымды шешуге икемді бағыт-бағдар ұсынатын, ой-өрісі дамыған, жан-жақты мәдениеттілігі бар, бәсекеге қабілетті және бейім, іскер азамат және азаматша етіп тәрбиелеу.
 
Пәнаралық байланыс: «Экономикалық теория негіздері», «Статистика», «Банк ісі», «Қаржы».
 
Көрнекілік: презентация, үлестірмелі материалдар (қоржын сұрақтары), жетондар, сұрақтар.
 Сайыс барысы:
1-кезең: «Таныстыру».
2-кезең: «Кім жылдам?».
3-кезең: «Ұлы экономистерді танисыз ба?».
4-кезең: «Көкпар».
5-кезең: «Ортақ саұрақ».
6-кезең: «Ой қорыту».
7-кезең: «Марапаттау рәсімі».
 
1-кезең: «Таныстыру» (бірнеше студенттерден топ құрылады, топ атауы мен жетекшісі болады, әр топ өздерін таныстырады).
 
2-кезең: «Кім жылдам?» (топтарға жалпы сұрақтар қою арқылы 20 ұпай иеленеді).
  1. Экономикалық құбылыстарды зерттеуде қолданылатын жалпы тәсіл, талдау амалдары мен әдістерінің жүйесі?
  2. Зерттеу пәнін жеке, кездейсоқ, қысқа мерзімді, дара құбылыстардан біздің түсінігімізді оқшаула, оның тұрақты, әрдайым қайталанатын мәнін, маңызын ашу?
  3. Жеке оқиғадан, құбылыстардан логика арқылы жалпы қағидалар шығару?
  4. Сақтандыру бойынша қызметтер көрсету саласы, бұл қызметті сақтандыру компаниялары көрсетеді?
  5. Вексельдік кепілдік – вексель беруші тарапынан төлем төленбеген жағдайда оны төлеу жауапкершілігін өзіне алады?
  6. Өндіріс факторы ретінде қолданылатын ғимараттар, құрал-жабдықтар, көлік, шикізаттар, өнімдер қорының жиынтығы?
  7. Жаңа өндірістер құруға, кеңейтуге және жаңғыртуға инвестициялар көздейтін шаралар кешені?
  8. Еңбек етуге қабілетті белсенді халықтың бір бөлігі?
  9. Дәстүрлі және нарықтық экономиканың қатар жүруі?
  10. Адамзат өміріндегі ортақтасып иемденудің алғашқы нысаны?
  11. Өз атынан және өз қаражатымен қызмет істеп пайда алатын делдал?
  12. Қызмет ету бағыты бойынша мүлікті нақты пайдалану?
  13. Жеке тұтынуға қажетті өнімді өз қолымен жасау?
  14. Ұйым атынан жұмыс істеп, ұйымнан еңбекақы алатын делдал?
  15. Өндіріске қажетті факторлар?
  16. Сатып пайда алу үшін жасалатын еңбек?
  17. Клиент атынан жұмыс істеп, пайданы клиенттен алатын делдал?
  18. Бағалы қағаздардың эмитенті кім болып табылады?
  19. Шетелдік және ұлттық кәсіпкерлер үшін ерекше жеңілдікті экономикалық жағдайда қолданатын ерікті экономикалық аймақ?
  20. Экономикадағы мемлекеттің шамадан тыс рөлін төмендетуге бағытталған мемлекеттік меншікті қайта құру бойынша іс-шаралар жиынтығы?
 
 3-кезең: «Ұлы экономистерді танисыз ба?» (Ұлы ойшылдардың, экономистердің, ғалымдардың еңбектерін атаған кезде, қатысушылар қай экономистің еңбегі екенін дұрыс атаса 30 ұпай иеленеді).
  1. Оның зерттеулерінде экономика бірнеше салаларға: ауыл шаруашылығына, қолөнерге және саудаға бөлініп қарастырылған. «Табыс туралы», «Экономика» атты еңбектері бар?
  2. Еңбек бөлінісі туралы, еңбекке мамандану мен олардың ерекшеліктеріне мән беріп зерттеген ғалым?
  3. Ең алғаш реет экономикалық процестерді, құбылыстарды қарастырған. Оның пікірі бойынша экономика шаруашылықты жүргізудегі әмбебап тәртіптердің жиыны болып табылады, яғни ол арқылы байлықты арттыруға болады?
  4. «Экономика ғылымдарының қағидалары» атты еңбегі 1890 жылы жарық көрген. Неоклассикалық мектептің негізін қалаушы?
  5. Классикалық саяси экономияны аяқтаушы ретінде экономика ілім тарихында айтарлықтай із қалдырған. Оның зерттеу методологиясында басты орынды базис пен қондырма туралы концепция алады. Ол мұны 1859 жылы «Саяси экономияға сын» деген еңбегінде жазды. «Капитал» деген еңбегі бар?
  6. Кембридж мектебінің негізін салушы А.Маршаллдан дәріс алады. Оның алғашқы мақаласы «Индекстік тәсіл» (1909ж.) қызығушылық танытып, А.Смит сыйлығын алады.
  7. Ол 1772-1823 жж. өмір сүрген. Англияда туылып, Лондон қор биржасында табысты жұмыс істеген. Оның «Саяси экономия принциптері және салық салу» (1817ж.) атты еңбегі оны классикалық саяси экономика идеяларын А.Смиттен ең беделді білдірушілердің бірі дәрежесіне көтерді. Сауда еркіндігі үшін күрескер?
  8. Чикаго университетінің экономика профессоры, еркін кәсіпкерлікті қолдаушы. 1921ж. жарық көрген еңбегі «Тәуекел, белгісіздік және пайда» атты еңбегі бар?
 
4-кезең: «Көкпар» (түрлі-түсті карточкаларды қатысушылар таңдау арқылы сұрақтарға жауап береді, әр түс сұрақтың деңгейіне байланысты болады, қызыл түс – 50 ұпай, сары түс – 30 ұпай, көк түс – 20 ұпай).
Қызыл түсті сұрақтар:
  1. Экономикалық категория?
  2. Қоғамдық-экономикалық формация?
  3. Атаулы бағалы қағаз?
  4. Шаруашылық серіктестік?
  5. Банк кепілдігі?
  6. Акционерлік инвестициялық қор?
Сары түсті сұрақтар:
  1. Бірлескен жұмыс күші?
  2. Адам факторының заңдылығы?
  3. Бизнес-жоспар және оның бөлімдері?
  4. Меркантелизм?
  5. Акционерлік қоғам?
  6. Банкроттық?
Көк түсті сұрақтар:
  1. Бюджет?
  2. Айлық есептік көрсеткіш?
  3. Бюджет жүйесі?
  4. Табиғи ресурстар?
  5. Жергілікті меншік?
  6. Тұтыну құны?
5-кезең: «Ортақ саұрақ» (топтарға тақырып беріледі, сол тақырып бойынша өз ойларын айтады, 10-50 ұпай)
«Сіз болашақ қаржыгер ретінде Қазақстан Республикасының қаржылық жағдайын жақсарту мақсатында қандай ұсыныс жасар едіңіз?»
6-кезең: «Ой қорыту» (топтардың жинаған балдарын есептеу. Әр студент осы сайыс бойынша өздерін әділ бағалайды. Оқытушының қорытынды сөзі).
7-кезең: «Марапаттау рәсімі». Үздік қаржыгер Мақтау қағазы ұсынылады және қалған қатысушыларға белсене қатысқаны үшін мақтау қағаздары беріледі.