Ұстаз болу оңай ма?

Тлеубай Б.М.
математика және физика пәні мұғалімі
.
.
   Сынып сағатының мақсаты: Оқушыларға мұғалім еңбегін дәріптейді; Шығармашылық қабілеттерін шыңдап, топтық, достық қарым-қатынас орнатады, балалар арасынан шығармашыл жеке тұлғаны анықтайды
   Міндеттері:Оқушыларды мамандық таңдауға икемдеу, мұғалім мамандығына тарту, қасиетті мамандықты қадірлеуге, ұстаздарды құрметтеуге тәрбиелеу, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу
   Өзектілігі :Мұғалім мамандығының аса жауапты екендігін, қажымас, талмас еңбекті талап ететінін және қызығы да мол қадірлі, қасиетті мамандық екенін түсіндіру
   Инновациялығы: Жаңаша оқыту әдістері:Сын тұрғысынан ойлау, Диалогтік оқыту, топтық жұмыс, АКТ ,топтастыру, RAFT стратегиясы, «бес жолды өлең»стратегиясы, кері байланыс «Оқушы үні»
   Сынып сағатының формасы: Шығармашылық ізденіс сабағы
   Безендірілуі: Проектор мен интерактивті тақта, Бейне фильм, тақырыпқа сай көрнекі әзірленген слайд, оқушылардың шығармашылық жұмыстары (презентациялары), «Бақша гүлдері», ватман беттері,фломастерлер,стикерлер
Сабақ жоспары:
  • 1)Психологиялық ұйымдастыру кезеңі Шаттық шеңбері;
  • Кіріспе 2) Қызығушылығын ояту кезеңі (сұрақ-жауап)
  • 3)Мағынаны тану кезеңі: Үй жұмысын қорғау(АКТ);
               “Менің әкем- мұғалім”, “Менің анам- мұғалім”
  • Заманауи мұғалім қандай болу керек?(бейне фильмнен кейін ой қозғау)
  • Сырт көзбен қарағандағы Мұғалім жұмысы (RAFT стратегиясы)
  • «Арқаға сурет салу» жаттығуы
  • Ойтолғаныс кезеңі:Ұстазы жақсының ұстамы жақсы
(«Бес жол өлең» құрау)
  • Қорытынды: кері байланыс «Бақша гүлдері» безендіру
    «Оқушы үні» стратегиясы сынып оқушының пікірі
Сабақ барысы:
1)Психологиялық ұйымдастыру кезеңі
  • Шаттық шеңберіне тұрып, қалыпты атмосфералық ахуал жасау; Алдымен бүкіл сынып қол ұстасып, бір – біріне тілек тілейді.
  • Топқа бөлінеді
Кіріспе
2) Қызығушылығын ояту кезеңі
  1. Ағартушы ұстаз, оқулық авторы кім?( Ы Алтынсарин (1841-1889))
  2. Қазақ әліппесін(төте жазу) жасаған және алғашқы оқу құралын (1912ж) жазған кім? ( Ахмет Байтұрсынов(1873-1938))
  3. Қазіргі мектеп үйі қай жылы пайдалануға  берілді?(1983 ж — 1 қыркүйек)
  4. Мектепке Кеңес Одағының Батыры Серікқазы   Бекбосыновтың  есімі   қашан берілді? ( 1990 жылы)
  5. Мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, ардагер ұстаз.Қазақша күрестен 1947 жылы Семей қаласының чемпионы ,ҚР ның бірнеше рет жеңімпазы,Орта Азияның чемпионы кім? (Желдібаев Орынғазы)
  6. Аудандық газеттің тілшісі,ардагер ұстаз кім? (Айсанов Жолдыбай)
  7. 1986-2003 жылдарда мектебіміздің директоры, Елбасының алғыс хатымен марапатталған ардагер ұстаз кім? (Қонысбаев Дос)
  8. Ауылымыздың әрі режиссері, әрі сценарисі, Еңбек Қызыл ту орденінің иегері шежіреші-ардагер ұстаз кім? (Сүлейменов Төлеген)
  9. Еңбек Қызыл ту ордені иегері кім? (Гауһар Асқарова)
  10. Ы.Алтынсарин атындағы төс белгінің иесі, ”Баян” клубының жетекшісі кім? (Түгелжан Әзімжанова)
  11. “Мұғалім-мектептің жүрегі” ( Ыбырай Алтынсарин)
  12. “Тарыдай болып кіресің,            Таудай болып шығасың…”                      (Мұқағали Мақатаев)
     Ұстазболу оңай емес. Үлкен еңбекті қажет етеді. Әсіресе, бірінші сыныпқа келгенде мұғалімдерге қиын деп ойлаймын. Әр оқушы бір бір үйдің еркесі болады ғой. Бірақ алдыларыңыздағы шәкірттеріңіз еңбегіңіздің арқасында жеңісін көрсеткенде қуанасыздар. Барлық қиындықтарыңызды ұмытасыздар. Оқу іздену арқасында жеңесіздер, оны түсінемін.
     Болашақтамектебімізде қашықтықтан оқыту, онлайн сабақтар жүзеге асып, көрсек деп ойлаймын Сондай мүмкіншілікке жетсек екен.
   Еңбегіңізге табыс, сынып сағатыңызға көп рахмет!»
  
Қолданылған түпнұсқалар тізімі:
1)Мектеп мұражайынан алынған деректер;
2)Сейіт Кенжеахметұлы «Жеті қазына»,Алматы «Ана тілі»ЖШС ,2000      119-120б