Білім алушылардың жеке тұлғалық даму мақсаты- замануи технологиялар мен өзгерістерді пайдалану

Акимжанова Айгерим Узаковна
Арнайы пәндер оқытушысы
.
.
Педагогика жастарға ғылыми негіздегі білім берудің технологиясын жасап, оны практикамен ұштастырғандығының нәтижесінде іргелі ғылым саласы ретінде қалыптасқандығы баршамызға белгілі. Негізінде педагогиканы басқа іргелі ғылым салаларына ұқсас жалпы (теориялық) және қолданбалы деп қарастыру дұрыс сияқты.
Қолданбалы педагогика дегеніміз — белгілі бір ғылым саласына қатысты пәнді оқытудың ғылыми-педагогикалық негіздегі әдіснамасы болуға тиіс. Олай болса, қолданбалы педагогиканың міндеті — қарастырып отырған мамандық пәндерін оқыту барысында осы мамандыққа қатысты жастарға берілетін білім мен ғылымды практикамен ұштастыру жолын қарастыру болмақ. Ол үшін әрбір оқытылатын пән студент жастарды ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуі тиіс. Сонда ғана заман талабына сай болашақ білімді де білікті, яғни құзыретті іскер мамандарды дайындай аламыз.
Біздің дайындап жатқан мамандарымыз ертең-ақ өмірге (ғылым-білім салаларына, өнеркәсіп-өндіріске) жолдама алады. Сондықтан, біздің білім алушылар өз мамандылығына икемделген, ертең-ақ сол мамандықты игеріп кететін, бәсекелестікке, шығармашылыққа қабылетті маман болуға сақадай сай болуы керек.
Қазіргі жас мамандарға қойылатын талап та өте жоғары. Себебі, ғылымның шарықтай дамуына байланысты өндірістік техника мен технология күн сайын өзгеріске ұшырауда. Техника мен технологияның жетістігі бір жағынан алып қарағанда педагогикалық әдіснаманы жүзеге асыруды жеңілдетеді, ал бұл өз кезегінде педагогикалық зерттеу саласында жаңаша ізденістерді талап етеді.
Педагог ғалымдар мен оқытушылардың ұстаздық қызметінің басты міндеті — білім алушылардың бойындағы шығармашылық қабілетін тани білу, олардың қабілетін дамыту жолдарын қарастыру, ынталандыру, мүмкіндік жасау, шығармашылыққа тәрбиелеу бомақ.
Білім алушыларда шығармашылық қабілеттілікті қалыптастыру үшін мамандығына қатысты арнайы пәннен сабақ беретін оқытушы-ұстаз, ең алдымен оларды шығармашылыққа икемдеу керек. Ол үшін:
— пәнге қызығушылығын тудыру;
— ізденімпаздыққа баулу, моральдік ынталандыру;
—  пәннің ғылыми-практикалық маңызынан хабардар ету;
— сол пәннің, оның болашақ кәсіби мамандықты игеруіне, нақты әсері болатындығына сендіру;
— теориялық білімсіз ғылыми жетістіке жетпейтінін нақты мысалдар арқылы дәлелдеу;
            — пәнге қатысты ғылым саласының бүгінгі жетістіктері мен болашағы туралы және де басқа ғылым салаларымен ара байланысы туралы ақпараттармен қамтамасыз ету;
            — ұлы ғалымдардың  еңбек жолдарымен, ашқан жаңалық шығармаларымен таныстыру;
            — «сен де жаңалықтар ашасың, қоғам сенен жаңалықтар күтіп отыр, оған сенің мүмкіндігің бар» деген сенім жүктеу;
            — мамандыққа қатысты жаңа технологиялар мен құралдарды игеруге көмектесу;
            — кәсіби шығармашылықтың маңызын түсіндіру, шығармашылық көзқарас және үміт қалыптастыру;
            — ең бастысы — шығармашылыққа жетектейтін педагогикалық негіздегі оқу-әдістемелік нұсқаулар мен пәндік әдіснамамен қамтамасыз ету.
            Білім алушыларды шығармашылыққа тәрбиелеудің бірнеше критерийлерін алып қарастырайық.
           
Шығармашылық:
            — болашақта өз мамандық кәсібінің шегін (әр түрлі мамандықтар мен кәсіп аралық байланыс) кеңейту, тәжірибе алмасу, оны өз мамандығының ерекшелігіне сай жаңғырту;
            — кәсіпті өзінің жеке шығармашылығымен кеңейту;
            — басқаның тәжірибесін сараптау оның жетістігін көре, бағалай білу;
            — өздік шығармашылық бағыт ұстану.
            Объективтік:
— еңбек өнімін жоғарлату, саны мен сапасын арттыру;
— әлеуметтік мәртебеге жету, кәсіби мәселелерді шешу.
Субъективтік:
— кәсіби бағыттылық, кәсіби құндылық, жоғары нәтиже;
— кәсіби рухани дайындық, белсенділік, сенімділік, өзін кәсіби тұлға ретінде сезіну.
Нәтижелік:
— шығармашылық еңбегін практикада қолдану;
— әлеуметтік, экономикалық жетістікке жету, бүгінгі күнгі, яғни заман талабының сұранысын қанағаттандыру.
Үдерістік:
— еңбек ауқымын кеңейту, іскерлігін, өнімнің сапасы арттыру, санын үнемі молайту,
— уақыт ұту, еңбек қарқынын арттыру.
Нормативтік:
— кәсіп нормаларын қанағаттандыру, еңбек өнімдерінің үлгі өлшемдері стандартқа сай келу;
— кәсіптің сапалық және шеберлік деңгейі жоғары және оның үлгі өлшемдері бәсекелестікке жарамды болу.
Даралық-вариативтік:
— шығармашылық еңбегінің даралығы, басқаны қайталамау;
— ғылымға, өндіріске пайда әкелу, жаңалық ретінде танылу.
Сапалық және сандық:
— кәсіби шығармашылық деңгейі қоғамдық, әлеуметтік сұраныстарды қанағаттандыру, кәсіби сынаққа және бәсекелестікке төтеп беру;
— сандық көрсеткіштері бойынша жоғарыдан көріну, сұранысты қамтамасыз ету.
Кәсіби маманның шығармашылық қабілеттілігі дегеніміз — жоғарыдағы критерийлерді толық қанағаттандыратын еңбек ету барысында өзін заман талабына сай өзгертіп, дамытып отыратын, кәсіби қауымды өз еңбегінің нәтижесімен қызықтырып, қоғамдағы беделін көтере білетін, білім мен ғылымды практикамен ұштастыру арқылы мамандық кәсібіне шығармашылық үлесін қосып отыратын дара маман иесінің қасиеті.