Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы тұлғалық дамыту маңыздылығы

Тлеубаева Жанар Мамыровна

Тарих магистрі, Shymkent Jogari Pedagogikalyq Kolledji,

Түркістан облысы, Шымкент қаласы,  Қазақстан

.

.

ӘОЖ 930.25 (574,5): 001 (092)

Аннотация

В этой статье рассматриваются исследовательские работы правила и направления центра развития личности.

 

 Abstract

In this article are considered the Ways, rules and research activities of the person’s development centre.

 

Мамандық таңдап, болашағын болжап кәсіби білім мекемесіне оқуға келген әрбір жастың қиялы қырағы емес пе? Олардың қанатын қомдап өмірге талпындыратын алдыңғы толқын тұлғалар.  Педагог мамандар  даярлайтын  Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық колледжі  базасында  үстіміздегі  жылдың қаңтар  айында  облыстық  үлгі  тәжірбиелік  семинары өтті. Семинарға ОҚО бойынша колледждердің  оқытушылары  мен әдіскерлері, ғалымдар,  білім  мекемелері  басшылары т.б  қатысты. Жоғарыда  атап  көрсетілген дей, болашақ  мамандық   иелерінің  тұлғалық даму аймағында  қызмет атқаратын  колледж ұжымының  бастамашылдығымен  «Жас толқын»  тұлғалық  даму орталығы  ашылды. Семинардың практикалық  бөлімінде  коледж  базасындағы  арнайы  жабдықталған  бөлмеде  орталықтың лентасы қиылды. Бұл дәстүрлі  салт кезіңін ОҚО  білім  басқармасы  техникалық  және  кәсіптік   білім беру  бөлімінің   басшысы  п.ғ.к. Р.А.Асанова  еншіледі. Салтанатты рәсімдеу  сәтінде  жас маман  педагогика   ғылымының магистрі  Мырзадәулет Гүлнұр  семинарға   қатысушылар  мен орталық  мүшелеріне тренинг өткізді. Семинарға қатысушылар одан әрі ОҚПК директорының тәрбие істері жөніндегі орынбасары Е.Ү.Байсеитовтың ұйымдастыруымен орталықтағы экспонаттары мен көрме жұмысын тамашалады.

«Жас Толкын» тұлғалық орталығы колледж базасында соңғы 3-4 жылда жұмыс жасаған үйірмелер мен қауымдастықтардың біріккен қоғамы ретінде құрылды. Тарқатып айтатын болсам, «Зерде» студенттерінің ғылыми қоғамы жұмысы колледж білім алушыларының инновациялық жобаларын жасау, қорғау, жарысқа қатысу, жүзеге асырылуына жетекшілік жасайды. Ғылыми әдістемелік жұмыстар орталықта тәрбие технологиясымен бірлестікте 4 бағытта жүргізіледі.Олар: ақпараттық-танымдық, ғылыми зерттеушілік, ғылыми әдістемелік, шығармашылық ізденіс. «Жас Толкын»орталығы студент жастардың өнер, шебер, спорт салалары бойынша жеңімпаздар топтарының құрамдас бөлігі болып табылады. Осы салтанатты жиынға жүлделі орындар иеленіп жүрген талантты жастар да қатысты. Семинар қатысушылармен олар еркін әңгімелесіп, сұхбаттасқан сәттерде өз мәресіне жетті. «Жас толкынның»келешегі алда. Орталықтың тек қана жақсы істер ұйытқысы болатынына сенім мол. Салтанатты жиынды ұйымдастырушылар семинарға қатысушыларға орталықтың рәсімделген құжаттарын да ұсынды. Оның ең бастысы «Жас толқын» орталығының жұмыс бағдарламасы.Төменде көпшілік назарына жаңару бағытындағы тәрбие жұмысының үлгісі ретінде тұлғалық даму орталығының Ережесінің үлгі нұсқасы ұсынылады.

Тұлғалық даму орталығының жалпы Ережесі

Жалпы бөлім:

Тұлғалық даму бірлестігі колледждегі эксперименттік тәжірбие, ғылыми-әдістемелік ізденіс, шығармашылық және сабақтан тыс жұмыстарды іске асыруда құрылым болып табылады.

         Тұлғалық даму бірлестігі болашақ кәсіби ұқсас пәндерді құрайтын студент саны 15-тен асқанда топтық немесе жеке тұрғыда құрылады. Оған кәсіпке қарай ұқсас пәндерді оқытатын оқытушы тәлімгерлік жасай алады.

Тұлғалық даму бірлестігіне мүше студенттер өзі оқитын топтарға ғылыми шығармашылық тұрғыдан мамандық бойынша кеңес беруі тиіс.

                

         Оқу формасы-күндізгі.

         Тұлғалық даму орталығының міндеттері:

  1. Бірлестік оқу-тәрбие ісіндегі құрылымдық бөлім болғандықтан белгілі міндеттер атқарады.
  2. Студенттің интеллектуалды, мәдени және адами қасиетін жетілдіру.

Оқу-тәрбие,әдістемелік және зертханалық-эксперименттік жұмыстарды ұйымдастыру мен оны  өткізу жоғарғы кәсіби, ғылыми, шығармашылық дәрежеде болуы тиіс:

 — болашақ педагогтердің педагогикалық білімін,дағдысын көтеру;

 — педагогикалық эксперимент өткізу;

—  жоғары оқу орнына студентті даярлау әдістемесі жетілдірілуі шарт.

Колледждегі тұлғалық даму орталығы жұмыс мазмұны:

Қазіргі кезеңде колледждің тұлғаны дамытудағы ғылыми-әдістемелік жұмыстарын сарапқа салып отырғанда оның шексіз де шетсіз бағыттарын, маңызды да ауқымды мазмұнын еске алып, колледж базасында шығармашылық кәсіби бағдар беретін дәрежедегі құқықтық ережелердің болуы керек екенін мойындаймыз.

         Аталған ереже колледжде жүргізілетін сан түрлі жұмыстарға қоса жаңа, яғни ғылыми-шығармашылық бағытты шыңдау барысында колледж басшысының қателіктерге ұрынбауына, тұлға дамытуға шығармашылық жұмыстың ішкі мазмұны мен құрылымын түсінуге көмектеседі.

        Сондықтан да колледждегі ғылыми-әдістемелік жұмысты тұтастай алып қарау керек, ғылым жетістіктері мен озат педагогикалық тәжірибе өзара тығыз байланыстағы нәтиже, ал бұның өзі кәсіби білімі мен тәжірибелік икем дағдысы жоғарғы мұғалімдер мен оқушылар ұйымының, мектеп әкімшілігінің бірлескен жұмысының көрсеткіші. Сондықтан тұтас түрдегі дамыған жүйе ретінде алынатын ғылыми-әдістемелік жұмыстың өзара байланысқан компоненттері бар. Бұған оның мақсаты, міндеті, мазмұны, әдістері, түрі, шарты, нәтижесі жатады.

       Ғылыми-әдістемелік жұмыстардың мазмұны:

 — студенттердің кәсіби білік деңгейін көтереді;

— студент меңгеретін пәнді оқыту сапасын, білімін, білік дағдыларының қалыптасуын, сапалы үлгерім нәтижесін беруін қамтамасыз етеді;

 — педагогтік жұмыстың қиындығы мен кемшіліктерін анықтап, студенттің іс-әрекеті мен жеке қасиетін зерттейді;

— тұлғалық дамудағы озат тәжірибені тарату арқылы бірлестік белсенділігін арттырып,ерекше қолайлы жағдай туғызады;

— колледжішілік басқару жүйесінде адамдық факторы еске ала отырып, оқу-тәрбие жұмыстарын ғылыми шығармашылықпен ұштастыра қарастыруды тиімді жүргізіп, колледждің бүгінгі және перспективалық дамуын қамтамасыз етеді.

Тұлғалық даму орталығының жұмыс бағыттары:

 — оқытудың ғылыми-әдістемелік,оқушыны шығармашылық тұрғыда дамыта тәрбиелеу негізі педагогикалық эксперимент ретінде өтілуі тиіс;

 — әр бағыт бойынша ғылыми-ізденіс тұрғысында ашық сабақтар мен сабақтан тыс іс-шаралар орындалады;

 — жалпы педагогика мен психология,оқыту әдістемесі,дәріс,баяндама,хабарлама,пікірталас,шағын сабақ презентациясы,іскерлік ойын түрінде өтеді;

 — педагогикалық тәжірибе алмасу мен тәлімгерлік жасау оқу-тәрбие үдерісінде бағыт беруші құжатты оқып-үйрену арқылы іске асады

 — тұлғалық дамыту мақсатында пәндік және ғылыми-әдістемелік апталықтар өткізеді.

— оқытудың нәтижесі студенттің сапалық білімін тексеру арқылы шығармашылық тұлғалық даму тұрғысына ғылыми зерттеу бағытында іске асырылады.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Тұлғалық даму орталығының ережесі. Шымкент, 2016ж.
  2. Өрлеу журналы. Шымкент, 2016.