Білім беру үрдісіндегі педагогтың жаңашыл іс-әрекеті және оның құрылымы

Хусанова Райхан Юльчиевна
Информатика пәнінің оқытушысы
.
.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде оқытушылардың инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Өйткені, жаңа педагогикалық технологияны меңгеруге оқытушыларды даярлау – оларды кәсіби білімін көтеруге дайындау аспектісінің бірі және педагогтың жеке тұлғасын қалыптастырудың үрдісіндегі іс-әрекеттің нәтижесі болып табылады.
Оқыту үрдісін басқарудың педагогикалық-психологиялық мәселелерін анықтауда педагог  пен студенттердің, педагог пен оқушылардың арасындағы қарым-қатынастарды ұйымдастыру педагогтың теориялық білімінің, инновациялық іс-әрекетінің  болуын талап етеді.
Осы аталған көрсеткіштердің әсерінен білім, кәсіп, іскерлік, іс-әрекет, игеру, нәтиже құралады. Білім жалпы, кәсіби, техникалық, арнайы білім болып бөлініп кәсіппен ұштасады. Ал кәсіп – мамандық таңдау, мамандықты меңгеру. Білім алып кәсіп иесі болу үшін іскерлік қажет.
Іскерлік – оқу, білім, кәсіп, тәжірибе, ізденушілік, өзіндік жұмыс, іс-шаралар, дағдыдын туындайды. Іскер болу үшін іс-әрекетті меңгеру қажет. Іс-әрекет әрекеттен, операция, қимыл-қозғалыстан тұрады. Барлық үрдіс байланыса орындалғаннан соң нәтиже көрсеткіші пайда болады.
Осыған орай қазіргі кезеңде «маман-моделін» — маман профессиограммасын жасау міндеті тұр.
В.А. Сластенин төмендегі маман-мұғалім профессиограммасын ұсынады:
  1. Әлеуметтік-психологиялық, этикалық-педагогикалық және ұстаздың жеке басының сапалары
  2. Психологиялық және педагогикалық даярлық
  3. Мамандық бойынша даярлық
  4. Пән бойынша даярлық
Әрбір педагогтың инновациялық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары:
  • инновация туралы білімі;
  • инновацияны жан-жақты меңгеру;
  • инновациялық іс-әрекет диагностикасын меңгеру;
  • инновацияны тәжірибеге ендіру жұмыстары;
  • инновацияны практикада дұрыс қолдану.
Әрбір білім беру ордаларында бүгінгі таңда белең алып отырған кемшіліктері баршылық, атап айтатын болсақ:
—   білім сапасының төмендігі;
— білім саласына мемлекет тарапынан реформалар жүргізілгенімен қудың нәтижесінің болмауы;
—  құжаттар көптеп шығарылғанымен мардымсыздығы;
—  білім алушылардың өздігінен білім алу дағдысының болмауы;
— білім алушылар мен оқытушылардың бірлескен шығармашылық ңбектерінің болмауы.
Бұл тығырықтан шығудың бірден-бір жолы оқу-тәрбие процесінде инновациялық әдіс-тәсілдерін енгізу, әрбір білім алушылардың білімге деген қызығушылықтарын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол ашу.
Жаңа технологияны білім беру-тәрбиелеу үрдісіне енгізу, оқу-тәрбие жұмысына енгізу және меңгеру, зерттеу, оқу-тәрбие үрдісінде қолдану негізгі міндет болып табылады.
Білім беру технологияларын енгізу жолдары:
  1. Оқушылардың білім, іскерлік, дағдысын қалыптастыру
  2. Ақыл-ойын дамыту
  3. Жеке бастың эстетикалық-өнегелік ортасын қалыптастыру
  4. Жеке бастың өзіндік басқару механизмін басқару
  5. Жеке бастың практикалық әрекет ортасын қалыптастыру
Оқытуды технологиясын оқу процесіне ендіру жағдайындағы оқу процесі қатысушылары еңбегінің өнімділігі мен тиімділігін қамтамасыз етеді,  алға қойылған мақсатқа тез  жетуге және аз шығын  жасай отырып, жоғары тиімді нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттерін дамыту арқылы бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік береді. Нәтижеде ақпараттың үнемі жаңарып, техника мен технологияның үнемі дамуы мен нәтижелі болуын қамтамасыз етеді.
Оқыту барысында зерттеу жұмысымыздың дүниетанымдық, экологиялық, интегралдық және гуманистік қызметтері негізделді. Аталмыш технологияның мазмұны мен мәні, құрылымы жалпы адамзаттық мәдениеттің негізі мен тұтқасы ретінде ашылды. Оқыту технологиясының теориясы мен практикасын іске асырудың элементтері арасында өзара байланыстар орнатылды және осы байланыстардың мазмұны мен мәні ашылды, технологияның педагогикада қолданылатын түсіндірмелі құралы құрылды.
Оқыту технологиясына құрылған мазмұны мен әдіс-тәсілдерін бастауыш, орта және жоғары мектептерде қолданып пайдалануға болады. Зерттеу жұмысымыздың педагогикалық нәтижелерін  интегративтік пәндер жобасында қолданылуы мүмкін. Жүйелі оқытуды жеделдету технологиясы бастауыш, орта және жоғары мектептерде оқу процестеріне ендіріліп, қолданылды.
Ғалымдар дəлелдегендей, педагогика бала дамуының өткеніне емес, болашағына бағытталуы тиіс. Сонда ғана ол оқу процесінде осы нақты уақыт шеңберіндегі жақын даму процестерін жүзеге асыра алады. «Жақын даму аймағының» мəні: бала өз дамуының белгілі кезеңінде оқу міндеттерін ересектер басшылығында не ақылдылау дос –жарандарымен араласа жүріп шешуі мүмкін. Келтірілген пікір жария болғанға дейін бала дамуы, əсіресе оның ақыл-ойының өрістеуі оқу жəне тəрбие ізімен жүретіні мойындалған болатын.
Пəндердің тұрақты ауысып баруынан оқушы олардың бірде-біріне тереңдеп ене алмайды. Бір пəннен екіншісіне өтуде бала қиыншылық көреді, көп уақыт сарп етеді, ендігі сабақ өткендегіні көлеңкелейді, сонымен əр өткен сабақ өз құндылықтарын жойып барады. Əр дəріс оқушы үшін – жаңа жүктеме, мұғалімдердің жаңа талаптары, жаңа мазмұнды материал, жаңа көңіл-күй ықпалдары, т.с.с. осылардың баршасына сəйкес бала икемделіп, оқу іс-əрекеттерін орындауы шарт. Ал бұл енді қалыптасып жатқан жас буынға оңай шаруа емес.