Білім беру жүйесінде ақпараттық технологияны дайындау және қолдану

Бекмагамбетова Алтынгуль Мухитовна
.
.
XXI ғасырды қоғамдық ақпараттандыру ғасыры деп жай атамаған. Елімізде білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану басты мақсат болып отыр. Ол тек қана техникалық құрал емес, сонымен қатар жаңа ақпараттық, коммуникациялық технология және білім беру жүйесіндегі сабақ берудің жаңа әдісі болып отыр. 
         Сабақта жаңа   технологияларды тиімді пайдалану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады, шығармашылық қабілетін дамытады, қоршаған ортаны танымдық зерттеу барысында дидактикалық мақсаттар іс жүзінде асырылады. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі – жаңа технология болып табылады. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Сабақта компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы сабақ берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түседі.
         Қазіргі заман талабына сай құзыретті тұлғаны қалыптастыру мақсатында көптеген технологиялар сабақ үрдісінде пайданылады. Соның ішінде менің тәжірибелік жұмыстарымда Кембридждік жоба бойынша оқытып жатқан технологияларды қолдану осы сұрақтарға жауап бергендей. Осы жобаның негізгі сабақтарда қарастырылатын жеті модульге сараланған. Бұл модульдерде қарастырылған идеялар сабақта пайдаланылатын жекелеген стратегиялар мен тәсілдер сияқты өзара байланыста болады. Бағдарламаның модульдері:
  1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
  2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
  3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
  4. Оқыту мен оқуда ақпараттық- коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану
  5. Талантты және дарынды балаларды оқыту
  6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу
  7. Оқытудың басқару және көшбасшылық
     Барлық модульдер сабақ жоспарында пайдаланылып, сабақ үрдісінде оқушылардың белсенділігін арттырып, сапалы білім негізіне үлкен үлес қосуда. Оқыту кезіндегі негізгі іс-әрекеттерді атап өтсем, ол оқушылардың өз бетімен білімінің негізін түсінуі, қандай білім алатынын саралауы, өзін-өзі реттеуі, алған білімінің нәтижелерін бағалауды, қорытындылауды игеруі.Білім беру жағдайында оқушылардың мінез-құлқын, белсенділігін, сыныптағы әрекеттерін бақылау арқылы әртүрлі әдістерді пайдалана аламыз. Алда тұрған жұмысты жоспарлау мен мақсат қоюды қысқа мерзімге жоспар құрғаннан, оны білетін жерінен бастап, ары қарай дамыту арқылы оқушылар ынталанады және де өз мақсаттарына жетуде белсенді болады. Осы бағдарлама аясында алған біліміме және тәжірибеме сәйкес оқушылар өз ойларын ашық айтып, оқу үрдісінде белсенділік танытып келеді. Бұрынғы жүйеден айырмашылығы қабілеті жақсы оқушылармен жұмысты көбірек атқарсақ, қазіргі жүйеге сәйкес сабақты жоспарлау кезінде сыныптағы барлық оқушыларды сонымен қатар сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын тудыру арқылы топпен, жұппен жұмыс  атқара отырып, өз бетімен білім алуын оқушыға қамтамасыз ете аламыз. Яғни оқушыларда өзіне, деген сенімі күшейіп, оқуға деген белсенділігі артады. Сабақ соңында қолданған рефлексия арқылы оқушы ынталанады, өз ойын қорытып айтып, алған білімдерін саралайды. Оқушылар өз бетімен білім алу арқылы, яғни өздерінің алған білімдерін саралай отырып, білім алуға үйренеді. Тәжірибе барысында кездескен қиындықтарға қарамай осы дәрежеге оқушы білімін жеткізуге тырыстым және болашақта оны әлі де дамытамын деп ойлаймын.  
         Мен өткізген   «Health is our wealth» тақырыбындағы сабағымда топтық жұмыс барысында берілген тапсырмам бойынша, топтың ережесін ағылшын тілінде құрастыру кезінде, оқушылардың қызығушылықтары оянып, сыни тұрғыдан ойлауға мүмкіндік туды. Олар ойланды, ізденді.
     Әр сабағымның соңында оқушылар сабақта қолданылған әдістерге ризашылықтарын білдіріп, сабақ барысында ынтымақтастық орнағандығын, «маған бүгінгі сабақ ұнады, ертен де осындай сабақ болса екен», «маған бүгінгі сабақта топпен жұмыс істеген ұнады, жаңа сөздерді өзім тауып жаздым, маған бұл сабақта бәрі де қызықты болды» деген сынды пікірлер айтады. Оқушылардың қызығушылығын арттыру, бағалау кезінде жұптық, топтық бағалау әдісін пайдаланамын. Осындай бағалауда азда болса қиындық тудыратын суммативті (жиынтық) бағалау болып табылады. Өйткені формативті бағалаудан жиынтық бағалау оқушының білім деңгейін көрсетеді. Өткен тақырып бойынша оқушыларға тест жұмыс беріледі.
     Мен өз тәжірибемде оқушылардың қызығушылықтарын арттыру және сабақтың тақырыбына байланысты қойылған мақсаттарға жету үшін ақпараттық технологиялар көмегіне жүгінемін.
     Жеті модульдің ішіндегі күрделісі де қызықтыратыны да дарынды және талантты оқушылар мен жұмыс деп ойлаймын. Осы модульды жүзеге асыру барысында оқушының пікірін тыңдай отырып, ары қарай дамуына ықпал жасауымыз қажет. Оқушы көбіне талантына мән бермейді. Дарынды оқушыны анықтау арқылы, оқушыны ары қарата білетін деңгейінен жетік, белсенді, шыңдалған ойына қол жеткізу болып табылады. Менің тәжірибеме сәйкес оқушының жұмыс жасау барысын бақылау оның икемділігін, қабілетін бақылаймын. Оқушыға сабақ беру кезінде өз ойын саралап, қалай не істеу қажеттігін ойланып, өзін-өзі реттеп алып, тапсырманы орындайды, көп уақытын жоғалтуы мүмкін, бірақ жұмысы нәтижелі және сапалы болады. Дарынды оқушының пәнге деген қызығушылығы басым келеді.   
     Мен өзімнің сабақтарымда: оқытуды ұйымдастырудың формаларын түрлендіруге тырысамын: жеке, топтық, ұжымдық жұмыс жасау формалары. Топтық оқу арқылы оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасады. Ұжымдық жұмыс арқылы жан-жақты дамиды. Мұндай жұмыс түрлеріне берілетін тапсырма жағдаяттарды талқылау, әңгіме құрастыру, аударма жасау, постермен жұмыс  т.б жатады.
     Жаңа ақпараттық құралдарды ағылшын тілі сабағында қолданғанда күтілетін нәтижелер:
  • Үлгерімі төмен оқушыларға көмектеді;
  • Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артады;
  • Оқушының шығармашылық қабілеті дамиды;
  • Оқушыларды жеке жұмыс істеуге үйретеді;
     Жаңа ақпараттық технологиялармен қатар, өз сабағымда ойын әдіс-тәсілін қолданамын. Ойын арқылы ұстаз қойған мақсаттарына жетеді.  
      Қорыта келгенде оқыту мен оқуда осы жеті модульдің артықшылығын байқадым. Әр жаңа нәрсе, жаңа реформаның өз қиындықтары болып жатады. Сол сияқты біздің тәжірибемізде жоғарыда жеті модульді талқылау барысында айтып өткендей қиындықтар кездеседі. Бірақ оның барлығын жеңуге болашақта тырысамын. Яғни бұл алған білімімізді, оқу процесіне жоспарлы түрде енгізуіміз қажет деп ойлаймын.  
Пайдаланылған әдебиеттер:
  1. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы.  2007 ж.
  2. Т. Аюбаева «Ақпараттық технологиялар-оқыту үрдісінде» Қазақстан мектебі № 9, 2008ж
  3. «Мұғалімдерге арналған нұсқаулық» «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012
  4. Мектептегі шет тілі журналы № 4/2013