Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында заманауи сабақты және оқушылардың білімін ынталандыру мәселелері

Мамасерипова Пердекүл Лесбайқызы
Арнайы техникалық пән оқытушысы
.
.
Мақсаты: Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында оқушылардың білімін ынталандыру мәселелері және заманауи сабақтың құрылымы туралы ой бөлісу, пікір алмасу
Міндеттері: Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында оқушылардың білімін ынталандыру мәселелері және заманауи сабақтың құрылымы туралы ой бөлісу,пікір алмасу. Күтілетін нәтиже: Жиынға қатысушылар өз ойларын ортаға салады, білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқушылардың білімін ынталандыру мәселелерін талқылайды.
Еліміздегі білім беру саласы жаңа жүйеге көшу барысында ұлтымыздың болашағына тірек болар азаматтардың білім деңгейі жоғары, ой өрісі дамыған, өз ойын еркін жеткізе алатын, туындаған мәселелерді шеше білетін және шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ тәрбиелеудегі басты фактор ретінде қарастырып отыр. Әлемдік білім беру жүйесінің көшінен қалмай, дамудың басым бағыттарын негізге ала отырып, өркениетке аяқ басу білім беру жүйесіндегі жаңарулар, ең алдымен, жастардың мәдени, эмоцияналдық, зияткерлік, әлеуметттік және рухани жағынан даму мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталуда. Жаңартылған білім-болашақтың кепілі.
Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – оқушыларды сындарлы оқытуға үйрету, әлемдік білім кеңістігіне қол жеткізу, инновациялық білім негіздерін терең меңгерту. Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуына, еліміздің дамуына, жеріміздің көркеюіне өз үлестерін қосып жүрген белді азаматтардың барлығы да ауыл мектептерінен білім алып, ауылда тәрбиеленгендер.   Қоғамның дамуына байланысты ауылдарымыз да күннен-күнге жаңарып, жақсарып жатыр. Соның бірі – ауыл мектептерінің жағдайы. Ғылым мен технологияның дамыған заманында білім беру саласы да қарқынды дамуда. Қазіргі таңда ауыл мектептері жаңа технология құралдарымен жабдықталып, ұстаздар білім берудің жаңа әдіс-тәсілдері бойынша білімдерін жетілдіру үстінде. Ендеше заманына қарай амалы, демекші бұрыңғы кездегідей қарапайым дәстүрлі сабақтың мәні де сәні де кеткен уақыт. «Білімді ұрпақ – болашақтың кепілі»,-деп дана халқымыз айтқандай, бүгінгідей ел болашағы – жас буынды заманына сай лайықты жеке тұлға ретінде қалыптастыру ісі мемлекетіміз үшін маңызды болса, мұғалімдер қауымына артылар жүк ауыр екені баршаға мәлім. Қоғамның дамуындағы ең маңызды мәселе білім беру жүйесі. Қазіргі таңдағы негізгі мақсат – жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім, ой-тұлғасы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны яғни еліміздің патриотын қалыптастыру.
Жалпы білім беру мазмұнын жаңартудың қажетілігі неде? Оның негізгі мақсаты мен перспектикалары қандай, білім мазмұнын өзгешілігі мен ерекшелігі жайында бүгінгі күннің басты тақырыбы. Ендеше, оны қарастырып талдайық.Ең біріншіден, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру міндетін қойып отыр. Ел экономикасының қарқынды дамуы ол білім беру жүйесіне тікелей байланысты.Екіншіден, бүгінде  біздің қоғамда білім алу ғана емес, сондай – ақ алған білім-біліктілігінді қоғамдық өмірде пайдалана алуды көздейді. Сол себептен оқушының функционалдық сауаттылығына басты назар аударылады. Бүгінгі күні экономикалық ынтықмақтастық елдер осыдан бірнеше жыл бұрын білім берудің жаңартылған үрдесіне көшті. 1997 жылдан PISA білім жүйесін бағалаудың бірыңғай стандарды бойынша балалардың білім сауаттылығы анықталып келеді.Үшіншіден, Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 76,79, 89-қадамдарын және Білім мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында білім мазмұнын кезең-кезеңмен жаңа форматка көшу жұмыстары басталды. Елбасы Н.Назарбаев «Біз қазір «білім-ғылым-инновация» атты үштік үстемдік құратын постиндустриялық әлемге қарай бағыт алып барамыз»,-деген болатын өз сөзінде. Сондықтан бүгінгі күні білім беру жүйесін жаңа сатыға көтеріп, сапалы білім беру ең басты мәселелердің бірі болып табылады. Өткен жылдан бастап еліміздің барлық мектептің 1-ші сынып оқушылары жаңа жүйе бойынша білім алды. Білім алумен қоса жаңа жүйеде бағаланды. Сабақ барысында баланың білім деңгейін бағалап, әрі жетілдіруіне мүмкіндік беретін қалыптастырушы мен жиынтық бағалау түрлері қолданды. Әр сабақтың соңында тиімді тандап алынған кері байланыс пен рефлексия  баланың әрі қарай жұмыс істеуіне ықпал етеді.Жаңартылған білім беру бағдарламасының ең негізгі мақсаты-білім алушылардың оқу нәтижелерін жетілдіру болып табылады. Орта білім мазмұнын жаңартудың көптеген компоненттері, соның ішінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы осы мақсатқа бағытталған.
Жаңартылған оқу бағдарламаларының ерекшеліктері 10 бөлімнен тұратын жаңа құрылымы болып табылады:
  1. Пәннің маңыздылығы;
    2.   Пән бойынша оқу бағдарламасының мақсаты;
    3.   штілділік саясатты іске асыру;
    4.   Оқыту үдерісіне ұйымдастыруға қойылатын талаптар;
    5.   Пәнді оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс- тәсілдер;
    6.   Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет;
    7.   Ақпараттық- коммуникациялық технологияларды қолдану құзіреттілігі;
    8.   Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту;
    9.   Оқу нәтижелерін бағалау жолдары;
    10. Оқудың мазмұны, ұйымдастырылуы мен бірізділігі.
                            Бағалаудың мәні.
«Критериалды бағалау» терминін алғаш рет Роберт Юджин Глейзер (1963) қолданған және бұл термин оқушылардың оқу жетістіктерінің қол жеткізген және потенциалды деңгейлері арасындағы сәйкестікті анықтауға мүмкіндік беретін үдерісті сипаттайды.
«Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққан.Бағалау-одан арғы білім алу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин.
Бағалаудың мақсаты:
  • Оқытудың қиындықтарын анықтау;
  • Жетістіктер туралы кері байланыс (оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар үшін );
  • Болжау және сұрыптау;
  • Стандарттарды бақылау және орындау;
  • Оқыту бағдарламасының мазмұнын және білім беру стилін бақылау.
Критериалды бағалау — >  Қалыптастырушы бағалау
                                                  -> Жиынтық бағалау
Критериалды бағалау – оқушылардың оқу жетістіктерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес, ұжым ішінде өңделген, оқушыға, ата-анаға және мұғалімге түсінікті нақты анықталған критерийлерге негізделген үдеріс.Критериалды бағалау оқушылардың жетістіктерін бір-бірімен салыстырмайды және бір-біріне тәуелді етпейді, сонымен қатар әр оқушының құзыреттілік деңгейі туралы ақпарат беруге бағытталады.
Қалыптастырушы бағалау-сабақта күнделікті жүзеге асатын, білім мен дағдыны меңгеру деңгейін анықтайтын бағалау. Қалыптастырушы бағалау білім беру процесінде оқушы мен мұғалімнің арасындағы өзара тығыз байланысты жүзеге асырады. Сонымен қатар, оқушыларға жаңа материалды меңгеруде тапсырмаларды қаншалықты дұрыс орындағандығын білуге және оқытудағы мақсаттар мен міндеттерді орындауға мүмкіндік  туғызады.
Жиынтық бағалау – белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, триместр, оқу жылы, орта білім деңгейі), сондай-ақ оқу бағдарламаларындағы бөлімдер/ортақ тақырыптарды аяқтаған кезде балл және баға қою арқылы жүргізілетін бағалау түрі
 Критериалды бағалаудың басты артықшылығы:
  • Алдын-ала ұсынылған бағалау шкаласы;
  • Анық, айқындылығы;
  • Бағаның әділдігі, өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі.
Критериалды бағалаудың ата-ана үшін тиімділігі
  • Баласының білім сапасының дәлелдемелерімен танысуға;
  • Оның оқуындағы табыстылықты бақылауға
  • Оқуына қолдау көрсету үшін бағыт алуына мүмкіндіктері болады
  • Ата-анаға жіберіліп отыратын «Күтілетін нәтижеге» жеткен, жетпегенін көре алады.            
Сыныптағы бағалау тек техникалық тәсіл ғана емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез-келген нысанның артында тек қана обьективті немесе жеткілікті дәрежеде обьективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы,оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады.Қалыптастырушы  бағалауды жүргізуде мектепте мынадай қиындықтар туындауда:
  • Оқушылардың дағдыланбауы. Оқушылар баға үшін оқуға дағдыланған;
  • Мұғалімдердің қалыптастырушы бағалауды дұрыс жүргізе алмауы. Кері байланыс беруді жақсы меңгермеуі;
  • Ата-аналардың тарапынан түсінбеушілік. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша әлі дедұрыс көзқарастың қалыптаспауы;
Осы қиындықтарды шешу жолында мынадай жұмыстар жүргізілуде:
-Мұғалімдерге мектепішілік семинарлар өткізілуде. Семинар мұғалімдердің бір-бірімен тәжірибе алмасып,білімдерін жетілдіруде.
-Ата-аналар жиналыстары ұйымдастырылуда. 1,2,5,7- сыныптың ата-аналарына коучингтер ұйымдастыру.
-Оқушыларға сауалнамалар жүргізілуде. Сабақта кездесетін қиындықтар? Осы қиыншылықтарды шешудегі өз ойларың?
Қорыта келе әрбір жаңашыл мұғалім өз сабағын оқушы сұранысына жауап беретіндей қызықты мазмұнды етіп жоспарласа оқушылардың да сабаққа деген қызығушылығы тамаша болары сөзсіз. Осы мақсатта балаға сапалы заман талабына сай білім беруді мақсат еткен әрбіріміз өз сабағымызды түрлендіріп жаңаша әдіс-тәсілдерге негіздеп өтуге күш салуымыз тиіс.
Қытайдың дана ойшылы Конфуций айтқандай «Ескіден қол үзіп, жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады» — деп , мұғалім өткен тәжірибесін жаңамен ұштастыра алатын, кәсіби қызығушылығы жоғары, танымы биік, бастаған ісінің нәтижесін көре алатын, ғылыми зерттеу жұмыстарын таңдай білетін, педагогикалық үрдістің заңдылықтарымен етене таныс, оқытудың әдістемелік жаңалықтарынан хабардар, оқыту үрдісін ізденімпаздықпен арттыратын өз ісінің шебері болуы керек. Менің ойымша, қазіргі заман мұғалімі – рухани жағынан дамыған, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман болу керек.Ал шығармашыл ұстаздың алдына қойған үлкен міндеті -оқушыларымызға заман талабына сай тәлім-тәрбие беру болып табылады:
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.ҚР Президентінің 2014 жылы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы-2050:Бір мақсат, бір мүдде,бір болашақ» жолдауы
2.«Жаңартылған білім беру мазмұны аясында критериалды бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру» 2017ж
3. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы (екінші басылым) «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015
4. Жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау басшылығы Астана 2016
5. Мұғалімге арналған нұсқаулық (екінші басылым)  «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы.